АРНАЙЫ АКУШЕРЛІК ЗЕРТТЕУ Арнайы акушерлік зерттеу үш бөліктен тұрады: сыртқы акушерлік зерттеу, ішкі акушерлік зерттеу және қосымша зерттеу әдістері.
СЫРТҚЫ АКУШЕРЛІКЗЕРТТЕУ Сыртқы акушерлік зерттеу қарау, өлшеу,пальпация және аускультация жолымен жүргізіледі. Бұл тексеруде әйелдің барлық жағдайы қаралады яғни тері жамылғысы, тыртықтар, және сүт бездерінің өсуі. Жамбасты зерттеу акушерлік істе оның құрылысы мен өлшемі босану ағымы мен соңына үлкен ықпал тигізеді. Қалыпты жамбас босану ағымының дұрыс өтуіне әсер етеді. Жамбастың құрылысындағы ақаулар, әсіресе оның өлшемдерінің кішіреюі, босану ағымын қиындатып, кедергі туғызады. Жамбасты зерттеу қарау, пальпация мен оның өлшемдерін өлшеуден тұрады. Қарау кезінде жамбастың барлық аймағына, әсіресе бел- сегізкөз ромбысына (Михаэлис ромбысы) көңіл бөледі. Михаэлис ромбысы деп сегізкөз аймағындағы пішіні ромбыға ұқсас аймақты атайды. Ромбтың жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқасының сүйір өсіндісіне сәйкес келеді, ал төменгі бұрышы- сегізкөз ұшына, бүйірлік бұрыштары- артқы-жоғарғы мықын бұдырларына сәйкес келеді. Ромбтың пішіні мен өлшемдеріне сүйене отырып , жамбас сүйегінің жағдайын, оның тарылуы мен деформациясын анықтауға болады. Қалыпты жамбас кезінде ромб пішіні квадратқа ұқсас болады. Оның өлшемдері: ромбтың горизонтальды диагоналі 10-11 см-ге, ал вертикальді 11 см тең. Жамбастың әртүрлі тарылуыларында горизонтальды және вертикальді диагоналдары әр түрлі болады, нәтижесінде ромб пішінің өзгерісі анықталады. Сыртқы акушерлік зерттеу кезінде өлшемдерді сантиметрлік лентаның көмегімен алады: Соловьев индексі, Михаэлис ромбысының өлшемдері, іш айналымы мен жатырдың тұру биіктігі. Ал Жамбас өлшемдері акушерлік циркуль ( тазомер) көмегімен өлшенеді.
Сантиметрлік лентамен іштің айналымын кіндік деңгейінде өлшейді (жүктілік соңында 90-100см-ге тең), сонымен қатар, жатырдың тұру биіктігін қасағаның жоғарғы жиегінен жатыр түбіне дейінгі аралықты өлшейді. Жүктілік соңында жатырдың тұру биіктігі 32-34 см тең. Жатыр түбінің биіктігі мен іш айналымының өлшеу арқылы жүктілік мерзімін, ұрықтың болжамды салмағын, май зат алмасуының бұзылыстарын, көпсулылық, көпұрықтықты анықтауға ықпал тигізеді.
Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдері арқылы кіші жамбастың пішіні мен көлемін сипаттауға болады. Жамбасты тазомер көлемімен жүргізеді. Тек кейбір өлшемдерді ( жамбастың шыға берісі мен қосымша өлшемдерді) сантиметрлік лента көмегімен жүргізеді. Қалыпты жағдайда жамбастың төрт өлшемін: үш көлденең және бір тік ажыратады. Зерттелуші әйел арқасына жатады, акушер бүйірінен отырады.