Ішкі акушерлік тексеріс 1 қолмен орындалады(екі саусақпен, сұқ және ортаңғы төрт саусақпен бүгілген барлық қолмен)№ Ішкі акушерлік тексеріс мақсаты босану жолдарын, жатыр мойынының ашылуын ұрық бөлшектерін т.б анықтауда қолдану.
Қынаптың тексеріс босанатын әйел босану мекемесіне келгенде жүгізіледі, және суы кеткен соң, кейін көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Мұндай тексерістер босану кезінде асқынуларды анықтап көмек көрсету үшін қолданады.
Қынапты тексеру жүкті әйелдерге және босанатын әйелдерге жүргізу өте маңызды. Ішкі тексеріс сыртқы жыныс мүшелері қараудан басталады.(түктену типі, дамуы, вульва ісінгендігі, варикозды тамырлар ұлғайуы) аралығын биіктігін, созылмалылығын , жыртылулардың бар жоқтығын, қынапқа кіре берісті. Қынапқа ортаңғы саусақты енгізе отырып тексереді (кеңдігін, ұзындығын, қатпарын, қынап қабырғаларының созылуын, ісінулердің бар жоқтығын және т.бауруларын ) сосын жатыр мойнын анықтайды,көлемін, ұзындығын, қысқарғанын, жазылғанын, жамбас өсіне байланысты орналасуын анықтайды. Саусаққа аңқа өткізгіштігін босану кезеңінде жатыр мойнының жазылу дәрежесін (қысқалығын ,жазылғанын ) сипаттайды. аңқа ашылу дәрежесін сантиметрмен,аңқа маңының жағдайын (жұмсақпа қатты ма , қалың ба әлде жұқа) анықтайды. Жүкті әйелдің қынапты тексеруде ұрық қапшығының (бүтіндігін, бүтіндігінің бұзылуын, толу дәрежесін, судың мөлшерін) орналасуын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |