Сулы қабық немесе амнион бұл ұрық орналасатын қабық болып саналады.Жүктіліктің өсу барысында амниондқуыс ұлайып жалпы ұрыққапты құрайды.Амнион хорионға жабыса бастайды да, плацентаның жоғары қабатын кіндік бауға өтіп оны футляр тәрізді қоршайды және кіндік аймағында ұрықтың сыртқы қабаттармен ұласады.Амнионды қуыс ұрық маңы суларымен толып жатады.Ол ұрықтың өзіндік тіршілік ету ортасы болып табылады.
Ұрық маңы суыақуыздардан, тұздардан, микроэлементтерден,зәр қышқылы,май,қант, гормондар, лизацим,сүт және басқа қышқылдардан, ферменттер және жатырдың жиырылуына әсер ететін заттардан,қан ұюына әсер ететін заттардан тұрады.Ұрықтың өсуіне сәйкес ұрық маңы суы азаяды.Ұрық маңы суы үлкен физологиялық маңызды орын алады:ұрықтың еркін дамуына және оның дамуына жағдай жасайды (ұрық маңы суының аздығы туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін); ұрық организмін қоршаған ортадан сақтайды. Кіндік баудың ұрық денесімен жатыр қабырғасы арасында қысылып қалуынан қорғайды; жатыр мойнын қалыпты ашылуына ықпалжасайды.
.Сонымен, ұрыққа жақын ішкі қабық -сулы қабық болып табылады.Оған жатырдың децидуальді қабығына шекараласып жататын кірпікшелі қабық ораналасады. Плацента (латынша- күлше нан)-ұрықпен ана байланысын қамтамасыз ететін, оны инфекция және қауіпті факторлардан және ананың иммунды жүйесінен қорғайтын маңызды жүктілік мүшесі болып табылады.Ол және де гормоналды қызметін атқарады, жүктілік кезінде гомеостазды қалыптастырады, ананың босану мен лактацияға дайындығын анықтайды.Плацентаның арқасында қоректену,зат алмасу заттарының шығуы және ұрық тынысы қамтамасыз етіледі. Мұнда хорионды гонадотропин,прогестерон, эстроген және соматотропты гормон түзіледі. Плацента хорион талщықтарынан және децидуальді қабықтарын бітісуінен құралған.Жүктілік даму барысына сәйкес талшықтар көбейеді.Жүктіліктің соңында плацентаның диаметрі 15-20 см,қалыңдығы 2-3 см және салмағы 400-600 гр жетеді.Ол әдетте жатырдың жоғарғы қабаттарына алыңғы немесе артынғы беттеріне бекінеді.