Distantia spinarum – алдыңғы- жоғарғы мықын бұдыры (spina iliaca anterior superior) арасындағы нүктелер- 25 -26 см тең
Distantia cristarum – омыртқа сүйегін қарларының ең алшақ (crista ossis ilei) арасындағы нүктелер- 28 -29 см тең
Distantia trochanterica – сан сүйегінің үлкен ұршықтары (trochanter major) арасындағы нүктелер- 30-31 см тең
Conjugata externa (сыртқы коньюгата) –5 – ші бел омырқасының сүйір өсіндісі мен қасағаның жоғарғы жиегі арасындағы нүктелер- 20 -21 см тең.Сыртқы коньюгатаны өлшеу үшін, әйел бүйіріне бұрылып, төменгі аяғын тізе мен таздың буынында бүгу керек, үстіндегі аяғын созу керек. Тазамердің ұшын артынан 5-ші бел омыртқа өсіндісіне және 1-ші сегіз көз омытқасына (сегіз көз ойығына ), алдынан қасағаның жоғарғы иегіне қоямыз. Сыртқы конъюгата мен ішкі коньюгатаның айырмашылығы сегіз көз,симфиз және жұмсақ ұлпалардың қалыңдығына байланысты. Сүйек пен жұмсақ ұлпалар қалыңдығы әйелдерде әртүрлі, сондықтан, сыртқы коньюгата мен ішкі коньюгата айырмашылығы әрқашанда 9 см тура келмейді. Сүйектің қалыңдығына мінездеме берсек , Соловьев индексі өлшемін қолданады. Егер индекс 14 см – ге дейін болса онда сүйек жұқа деп есептеледі. Егерде білек айналымы 14 см-ден жоғары болса онда сүйегі қалың деп есептеледі. Сүйектің қалыңдығына байланысты сыртқы өлшемі мен жамбастың ішкі өлшемі бірден болмауы мүмкін. Мысалы, сыртқы коньюгата 20см және Соловъев индексі 12см (индекс Соловева 1,2) болса, онда 20 см-ден 8см-ді алып тастаймыз, сонда ішкі конъюгата 12см тең болады. Егер Соловъев индексі 14 см-ге тең болғанда 20см-ден 9 см-ді аламыз , ал егер 16 см болса 10 см аламыз, сонда ішкі конъюгатаның өлшемі 9 және 10 см –ге тең болады. Шынайы конъюгатаның мөлшері туралы сегізкөзді ромбтың вертикальды диагоналі мен Франк өлшемі көмегімен сипаттауға болады. Ішкі коньюгатаны нақтырақдиагональді коньюгатамен анықтауға болады.
Диагональді конъюгата (conjugata diagonalis) деп симфиздің төменгі жиегі мен сегізкөз мүйісінің ең алшақ нүктесі арасындағы ара қашықтық, 13 см-ге тең. Диагональді конъюгатаны әйелге қынаптық зерттеу жүргізу кезінде анықтайды.
Жамбастың шыға берісінің тік өлшемі- қасағаның төменгі жиегі мен құйымшақ ұшының арасындағы ара қашықтық. Зерттеу кезінде жүкті әйел арқасына жатып, жамбас пен тізе буындарында бүгіледі. Зерттеуді тазомер көмегімен жүргізеді. Бұл өлшем 11 см-ге тең, жұмсақ ұлпалардың қалыңдығына байланысты шынайы конъюгатадан 1,5 см-ге үлкен. Сондықтан, анықталған 11 см –ден 1,5 см алып тастап, кіші жамбас қуысының шығаберісінің тік өлшемін аламыз, яғни ол 9,5 см тең.
Жамбастың шыға берісініңкөлденең өлшемі – бұл қотырықшы сүйектер бұдырларының ішкі беттерінің арасындағы ара қашықтық. Өлшемді арнайы тазамермен немесе сантиметрлі ленталармен өлшейді, өлшеу кезінде өлшейтін құрал нақты отырықшы сүйек бұдырларына емес, оны жауып тұрған жұмсақ ұлпаларға қойылатын болғандықтан, алынған мәліметке 9-9,5 см-ге 1,5-2 см (жұмсақ тіндердің қалыңдығы ) қосуымыз керек. Қалыпты жағдайда көлденең өлшемі 11 см-ге тең. Бұл өлшемді алу үшін жүкті әйел арқасына жатып, аяғын барынша ішіне жақындатады.
Жамбастың қиғаш өлшемдері қиғаш тарылған жамбас кезінде өлшенеді. Жамбастың ассиметриясын анықтау үшін келесі қиғаш өлшемдер өлшенеді: алдыңғы жоғарғы мықын бұдырынан қарама қарсы жақтағы артқы жоғарғы мықын бұдыры арасындағы ара қашықтық (21 см), симфиздің жоғарғы шеткі жиегінен оң және сол артқы жоғарғы мықын бұдырына дейінгі ара қашықтық ( 17,5 см) және де сегізкөз үсті ойыстан оң мен сол алдыңғы жоғарғы мықын бұрырлары арасындағы ара қашықтық (18 см). Қиғаш өлшемдерді аттас қарама – қарсы жақпен салыстырады. Жамбастың құрылысы қалыпты болған жағдайда аттас қиғаш өлшемдер тең болады. Егер екі аттас өлшем арасындағы айырмашылық 1см- ден асса, жамбастың ассимметриясын көрсетеді.
Жамбастың бүйірлік өлшемдері- алдыңғы жоғарғы мен артқы жоғарғы мықын бұдырлары арасындағы ара қашықтық тазомермен өлшенеді ( 14см). Бүйірлік өлшемдер симметриялы болуы керек және 14 см –ден кем болмауы қажет. Бүйірлік конъюгата 12,5см-ге тең болған жағдайда табиғи жолмен босану мүмкін емес.
Жүктіліктің екінші жартысында және босанукезінде пальпация кезінде ұрықтың басын, арқасын және ұсақ бөлшектерін анықтауға болады. Жүктілік мерзімі үлкен болған сайын ұрықты пальпациялау кезінде ақпарат нақтырақ болады.
Сыртқы акушерлік зерттеу тәсілдері (Леопольд-Левицкий) деп белгілі бір реттілікпен жатырды пальпациялау. Жүкті әйел арқасында жатуы керек. Дәрігер әйелдің оң жағында бетпе- бет отырады.