Реферат тақырыбы: «Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сейдуалиқызы О


ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЬІТЫН СЫНЫПТАУ



бет4/7
Дата27.07.2023
өлшемі50,26 Kb.
#179631
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат

3. ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЬІТЫН СЫНЫПТАУ
Еңбекті мөлшерлеуде жабдықтардың жұмыс уақытын нәтижелі қолдану мен дұрыс сыныптаудың зор ролі бар. Жалпы жабдықтардың уақыты: а) жабдықтардың жұмыс уақыты; ә) жұмыссыз тұрып қалу уақыты болып бөлінеді. Жұмыс уақыты: мөлшерленетін, мөлшерленбейтін болады. Мөлшерленетін жұмыс уақытының құрамына қажетті шыққан жұмыс уақыты қосылады да мөлшерленбейтін уақытқа өнім шығармай бос тұрып қалған уақыт кіреді. (Жабдықтардың сыныпталуы 3-сызба нұсқада келтірілген).
Жұмыссыз тұрып қалу уақыты немесе жабдықтардың үзіліс уақыты реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді. Реттелетін үзіліс уақытына: көмекші жұмыстарға, даярлау-қорытындылау жұмысына, жұмыс орнын күтуге, жұмысшының демалыс, жеке мүддесіне байланысты уақыттар кіреді. Реттелмейтін жұмыссыз тұрып қалу уақыты: жұмысшыға байланыссыз тұрып қалған уақыт және өндірістің жеткіліксіздігінен, нашар ұйымдастырылғанына байланысты тұрып қалған уақыттан тұрады.


4. Жұмыс уақытының суреттемесі
Еңбек процестерін зерделеу еңбекті ұйымдастыруға және оның мөлшерленуіне зор әсерін тигізеді де әр кәсіпорынның экономикасын жақсартуда маңызды орын алады. Әр түрлі операциялардың элементтерінің технологиялық, еңбек, өндірістік процестердің жұмыс уақытының шығынын зерттеп талдауға болады. Оның бәрі алға қойылған мақсатқа, еңбекті ұйымдастыру нысандарына, өндіріске байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып жұмыс уақытын зерделеудің дұрыс әдісін таңдап алу қажет.
Жұмыс уақыты және жабдықтарды қолдану уақыты тікелей өлшеу әдісі мен мезгілді бақылау әдістерін қолдана отырып зерделенеді.
Жұмыс уақытының шығынына бақылау жүргізу мақсатына, мазмұнына, көлеміне байланысты келесі әдістерге бөлінеді: жұмыс уақытының суреттемесі, хронометраж, фотохронометраж.
Суреттеме деп жұмысшының немесе жабдықтардың жұмыс уақытының шығынын ауысым бойынша не оның бір бөлігін зерделеуді айтады. Оның түрлері: жұмысшының жұмыс уақытының суреттемесі, жабдықтарды қолданудың сурсттемесі, өндіріс процесінің суреттемесі.
Жұмыс уақытының суреттемесі тікелей өлшеу (жаппай, іріктеме) және мезеттік қадағалау әдісін қолдану арқылы жүргізеді. Уақыт шығындарын цифр, индекс немесе кесте, кейде құрамдастырылған түрде жазуға болады.
Суреттеменің мақсаты жұмыс уақытының шығындары мен ысырабын анықтау, олардың себептерін белгілеу және оларды болдырмау шараларын өңдеу. Сонымен қатар суреттемеден алынған мәліметтер дайындау-қорытындылау, жұмыс орнын күту, демалыс, жеке мүдде үшін уақыттардың нормативтерін анықтауға әсерін тигізеді.
Жұмыс уақытының суреттемесі қадағалаудың көлеміне қарай және еңбекті ұйымдастыру нысанына байланысты жеке, топтасқан және бригадалық болады. Суреттеменің жеке түрі өзіндік суреттеме, оның өзі жеке және топтық болып бөлінеді.
Зерттеудің мақсатына сәйкес бақылауға дайындақ кезеңінде қадағалаудың объектісі таңдап алынады. Егер жұмыс уақытын зерделеудің мақсаты оның ысыраптығы туралы болатын болса, онда уақыт ысырабы әжептеуір орын алатын жұмысшылардың немесе бригаданың жұмысын қадағалау қажет. Бұл жағдайда суреттемелеу жұмыс күнін түгел қамтиды. Егер уақыт нормативтерін өңдеу қажетті болса, онда еңбек жақсы ұйымдастырылған, уақыт ысырабы аз болатын, еңбек мөлшерлерін орындайтын жұмысшылардың жұмысын суреттемелеуге болады. Егер көмекші жұмысшылардың күту мөлшерін, сандық мөлшерін анықтау қажет болса, онда сол жұмысшылардың (жөндеушілер, құралды әкелушілер және т.б.) жұмысын қадағалау керек.
Суреттеме жұмыс басталу кезеңінен жүргізіледі, сол себептен бақылаушы жұмыс басталудан бұрын 10-15 минут ерте келуі қажет. Уақыт шығыны 30 сек. дәлдікпен өлпіенеді. Мысал ретінде жұмыс күнінің жеке суреттемесін 2-кестеде келтіреміз.
Жұмыстың әрбір элементтері мен үзілістері уақыт шығынының санаттары бойынша жеке-жеке жазылады. Бақылаудың нәтижесінде алынған уақыт шығындары туралы мәліметтерді өңдеу, олардың ұзақтығын жекелеп есептеуден басталады. Ол үшін ағымдағы уақыт көрсеткішгерінен бұрынғы жұмыс элементінің көрсеткішін алып тастайды.
Бақылаудан алынған мәіметтерді талдаған кезде барлық жұмыс уақытының шығындарының қажеттілігін және оңтайлылығын ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет