Реферат тақырыбы: Жүрек топографиясы Орындаған: Паччаханов Дилмухаммад



бет1/2
Дата13.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#125178
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Дилмухаммад Паччаханов реферат анатомия 11.11.2021


Қарағанды медицина университеті

Морфология және гистология факультеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Жүрек топографиясы

Орындаған:Паччаханов Дилмухаммад

Тексерген: Аққу Коржумбаева Тәуекеловна

Қарағанды 2021



  • Жоспар:

  1. Жүректің және жүрек қаптың топографиялық анатомиясы:жүрек голотопиясы,скелототопиясы,синтопиясы.

  2. Жүректің қақпақтық аппараттарының анатомиясы және топографиясы.

  3. Қолқаның анатомиясы және топографиясы.

  4. Өкпе сабауының анатомиясы және топографиясы.

  5. Қорытынды

COR-ЖҮРЕК- бұлшық етті мүше, ол қанды венадан артерияға айдап қан айналымды қамтамасыз етеді. Жүректің жоғарыға, артқа бағытталған негізі(basis cordis), алға, төменге және солға бағытталған ұшы(apex cordis) және үш беті бар: алдыңғы(төс-қабырғалық), төменгі(көк еттік) және бүйір(өкпелік).

Жүректің оң жақ (margo dexter), оң қарынша мен оң жүрекшеге сәйкес келеді) және сол жақ(margo sinister)сол қарыншаға сәйкес келеді) жиектері бар.

Жүректің оң және сол құлақшалары жәнеоң жақ,сол жүрекше мен қарыншалары бар.

 Жүрекше мен қарынша арасында тәждік жүлге орналасқан,  оларды бөліп тұрады. Қарыншалар арасын да жүлге бөліп тұрады. Алдыңғы қарынша аралық жүлге төс-қабырғалық бетінде(диагонал бойынша)сол жақ шекарасында жақын орналасқан және қарынша аралық бөлгішке(перегородка) сәйкес келеді. Артқы қарынша аралық жүлге көк етті бетінде орналасқан.

 Голотопиясы: Жүрек(cor)–кеуде қуысында, алдыңғы кеуде аралықта, медиастиналді плевралардың арасында, перикард ішінде орналасқан. Жүректің көп бөлігі(2/3) кеуде қуысының сол жақ бөлігінде, аз бөлігі (1/3) оң жақ бөлігінде орналасқан.

Синтопиясы: Жүрек барлық жағынан жүрекқаппен(перикард) қоршалған.

Жүректің алдыңғы     жағына(беті) төс сүйек,  артқы жағына артқы кеуде аралық мүшелері, жоғарғы жағына жүректен шығатын және құйатын тамырлар, төменгі жағына көк еттің сіңірлі бөлігі, бүйіріне кеуде аралық өкпе қап(медистеналь.плевра) жанасып орналасқан.

Скелетотопиясы: Клиникада жүрек шекараларын перкуссия арқылы анықтайды

Жүректің салыстырмалы шекарасы:


  • жоғарғы  шекарасы ІІІ қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегіне жүргізілген

көлденең сызыққа тең немесе жүрекшелердің жоғарғы жиектеріне сәйкес келеді;

  • төменгі  шекарасы   V қабырға шеміршегінен жүргізілген көлденең сызық, lineae

parasternalis dextra бойынша жүрек ұшына келеді, оң жақ қарыншаға сәйкес келеді.

 - оң жақ шекарасы төс сүйектің оң жақ жиегінен  1-1,5 см сыртқары  ІІІ қабырға шеміршегімен V қабырға шеміршегінің аралығына сәйкес келеді; оң жақ жүрекшеге сәйкес келеді.

-   сол жақ шекарасы lineae parasternalis  sinistra  бойынша ІІІ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін келеді; сол жақ қарыншаға сәйкес келеді.

-  жүрек ұшы(жүрек түртпесі) сол жақта  lineae medioclavicularis sinistra-дан 1-1,5 см ішкері У қабырға аралықта анықталады.



Жүректің абсолюттік шекрасы – бұл жүректің өкпемен жабылмайтын бөлігі, ол төс сүйекке, V және  VІ сол жақ қабырғаларға жанасып жатады.



  • жоғарғы  шекарасы сол және оң жақта lineae sternalis бойынша  ІУ қабырға

шеміршегінің жоғарғы жиегіне жүргізілген көлденең сызыққа тең;

-   төменгі  шекарасы   төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісінің негізіне сәйкес келеді;

- оң жақ шекарасы оң жақта lineae sternalis dextra бойынша   IV- V қабырғалар шеміршегіне сәйкес келеді;

- сол жақ шекарасы lineae parasternalis  sinistra  бойынша ІІІ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін келеді;

Қақапашалардың скелотопиясы(алдыңғы кеуде қабырғасына кескіні):

Атриовентрикулярлық(жүрекше-қарыншалық) қақпақшалар – оң жақ үш жарғақты және сол жақ екі жарғақты  қақпақшалар бар.

          Үш жарғақтық(трехстворч.) қақпақша жиі үш жарғақты болады: алдыңғы, артқы және ішкі(бөлгіштік). Ол төс сүйек артында қиғаш бағытта IV сол жақ және  V оң жақ қабырғалар шеміршектерінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.

          Екі жарғақтық(митралді) қақпақша екі үлкен жарғақтан түзілген, ол сол жақта ІІІ қабырға шеміршегінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.

        Олардың  жоғарғы жағында қолқалық(аорта, оң жақта) және өкпе сабауы(легоч.ствол,сол жақта) қосымша кішкентай қақпашалар болады. Артериялық тесіктер қақпақтары(қолқалық, өкпелік)  жарты ай тәрізді  түрде болады.

       Қолқалық қақпақша төс сүйектің артында, оң жақта ІІІ қабырға шеміршегінің төске бекітілген деңгейінде кескінделеді.

Өкпелік сабау қақпақшасы сол жақта ІІІ қабырға шеміршегінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.

        Қолқалық  қақпақшада оң, сол жақ және  артқы жарғақтарды бөледі. Оң  жақ жарғақтың үстіне оң жақ  тәждік артерия, сол жаққа-сол  жақ тәждік артерия ашылады. Қолқалық  қақпақша оң, сол және артқы  жарғақтарға бөлінеді. Оң жақ жарғаққа оң жақ тәждік артерия, сол жарғаққа-сол жақ тәждік артерия ашылады. Өкпелік қақпақша алдыңғы, оң және сол жақ жарғақтарға бөлінеді.

Жүректі қоректендіретін артерия жоғарлағыш қолқаның тармақтары болып табылады(оң  жақ және сол жақ тәждік артериялар). Қарыншалардың арасындағы жүлгеде тәжді артерияның төмендегіш тармағы өтеді. Жүрек веналары- веналық синусты түзеді, ол жүректің артқы бетінде тәждік жүлгеде орналасқан және оң жақ жүрекшеге барып құйылады.

    Жүректің иннервациясы екі кезбе жүйкенің  тармақтарымен,екі симпатикалық нерв бағанасымен, екі көк ет нервтерімен жүзеге асады. Барлық нерв тармақтары жүректік өрім  түзеді. Олар беткей және терең орналасқан.

            Жүректің нервтік аппараты екі  бөліктен құралған — жүректен тыс және жүрек ішілік. Жүректен тыс бөлігі нерв өткізгіштерінен түзілген, ол жүректі орталық нерв жүйесімен және басқа мүшелердің нервтік құрылымдарымен байланыстырады. Жүрек ішлік бөлігіне нервтік өрімдер және жүректегі нервер жатады. Жүректі шеткері симпатикалық  бағана тармақтары, кезбе жүйке тармақтары иннервациялайды.

        Симпатикалық  және кезбе нервтер мен олардың  тармақтары  ірі тамырлардың бойында  нерв өрімдерін түзеді. Екі экстракардиалді  өрімге бөлінеді:беткей –қолқа  доғасының алдында орналасқан және терең –кеңірдектің төменгі бөлігінің алдыңғы бетінде орналасқан. Екі өрімде бір-бірімен тығыз байланыста болады.

      Жүректің регионарлық лимфа түйіндеріне бифуркациялық және жоғарғы, алдыңғы кеуде аралық түйіндері жатады.

             Жүрекқап жүректі қоршап кеуде қуысында орналасқан.

Жүрекқап жабық сірлі қап, жүректі барлық жағынан қоршап жатады.

Жүрекқап жоғарғы жағынан айрықша безге жанассып жатыр.

Жүрекқаптың төменгі қабырғасы көк еттің сіңірлі бөлігінің ортасымен бірігіп жатыр және ол арқылы төменгі қуысты вена өтеді де, оң жақ жүрекшеге құйылады.

Жүрекқап оң және сол жақтарынан(екі бүйірінен) кеуде аралық өкпеқабына жанасып орналасады және  өкпеқаптан борпылдақ клетчатка арқылы бөлініп жатады.

Жүрекқаптың  қабырғалық жапырақшасы мен өкпеқаптың арасынан көк ет жүйкесі өтеді.

Жүрекқаптың алдыңғы қабырғасы төс сүйекке және қабырға шеміршектеріне жанасып жатады. Жүрекқаптың алдыңғы бөлігінда өкпеқаппен жабылмаған  жері бар, ол жерді төс сүйек алды алаңы немесе Войнич-Смножевский қауіпсіз үш бұрышы деп аталады, ол жиі VI және VII  сол жақ қабырғалардың төс сүйекке бекітілетін жеріне сәйкес келеді. Үш бұрыш сыртқы жағынан сол жақ өкпеқап шекарасынан, төменде жүрекқап жиегінен, ішкі жағында-төс сүйектің сол жақ жиегінен түзілген.

Жүрекқаптың артқы қабырғасы артқы кеуде аралық мүшелеріне, оның ішінде өңешке, кеңірдек-бронх лимфалық түйіндерге, кеуделік қолқаға жанасып жатады.

Жүрек қапты(перикард) ашқанда үш ірі тамыр сабауы көрінедіа: оң жақта жоғарғы қуысты вена, ортасында —қолқа, сол жақта — өкпе сабауы.

       Қолқа(aorta) – өте ірі қан тамыр, оның жоғарлағыш бөлігі, доғасы және төмендегіш бөліктері (кеуделі және құрсақтық ) бар.

  Жоғарылағыш(pars ascendens aorta) сол жақ қарыншадан басталады, қолқаның бастапқы бөлімі алдынан және оң жағынан оң жақ құлақшамен, алдынан және сол жағынан-өкпе бағанасымен жанасып орналасқан. Жоғарлағыш қолқа өзінің шығыңқы беткейі арқылы жоғарғы қуысты венаға жанасып, сәл оңға иіліп доға түзеді.

       Жоғарлағыш қолқа–толығымен жүрекқап ішінде орналасқан. Ұзындығы 5-6 см. Бастапқы бөлігі алдынан және сол жағынан өкпелік артериясымен, алдынан және артынан оң жақ құлақша жанасып жатады.

        Қолқа доғасы-оңнан солға және алдынан артына қараған қисық бағытта орналасқан. Қолқа доғасының бастапқы бөлігі алдынан оң жақ плевра қапшығымен, соңы бөлігі сол жақ плевра қапшығымен жабылған, ал қолқа доғасының ортаңғы бөлігі плеврамен жабылмаған, айырша безбен, майлы клетчаткамен, лимфалық түйіндермен жанасып орналасқан, артында кеңірдек, өңеш, кеуделік лимфалық түтік және сол жақ қайтымды нерв жатады, оң жағында жоғарғы қуысты венаның бөлігі жанасып жатыр..

Қолқаның алдыңғы жағынан төменге, артқа қарай айқаса отырып сол жақ кезбе жүйке(сол жақ қайтымды нерв) өтеді, кезбе жүйкенің алдыңғы жағынан сол жақ көк еттік нерв ішке өтеді, қолқа доғасының жоғарғы, алдыңғы жағынан сол жақ иық-бас вена өтеді. Қолқа доғасының төменгі жағына оң жақ өкпелік артерия, сол жақ бронх жанасып жатады.

Қолқа доғасы мен  өкпе бағанасы арасында,сол жақ бұғана асты артериясының бөліну деңгейінде артериаялық байлам  орналасады - lig.arteriosum ( Боталлов түтігі). Қолқа доғасының және оның тармақтары алдында иық-бас веналар және айырша безі жатады.

----  Қолқа доғасының бастапқы бөлігі алдыңғы кеуде аралықтың жоғарғы жағында, соңғы бөлігі артқы кеуде аралықта орналасқан.

------- Қолқа доғасының  бастапқы бөлігі төстіктің оң жақ жиегі(оң стерналді сызық) бойымен  II қабырғаның төске бекітілген деңгейіне кескінделеді(проекцияланады). Қолқа доғасының  ең жоғарғы нүктесі  төс сабауының ортасына кескінделеді(проекцияланады).

Қолқа доғасының төмендегіш қолқа бөлігіне ауысар жерінде қуысы тарылған жері(қолқа мойны) бар. Ақаулар кезінде қолқа қуысының тарылып мүлдем бітеліп қалуы мүмкін.    

        Соңғы бөлігі көк еттің тесігінен өтіп қолқаның төмендегіш бөлігіне ауысады.

        Қолқаның төмендеген бөлігі IV кеуде, IV бел омыртқалардың деңгейінде орналасқан. Қолқаның кеуделік бөлігі  артқы кеуде аралықта орналасқан.  Жоғарғы бөлігі омыртқаның сол жағында, төменгі бөлігі ортаңғы сызыққа жақын ( VII-омыртқадан XI омыртқаға деңгейінде) орналасқан. Қолқаның төмендегіш бөлігінен  жұп сегментарлы қабырға аралық артериялар және висцеральді тармақтар (бронхтық,өңештік,жоғарғы көкеттік, кеуде аралықтық) шығады.Олардың саны  топографиялық жағынан алғанда тұрақыз болып келеді.

 

Өкпелік сабауы - truncus pulmonales – оң қарыншадан шығады ол жоғарлағыш қолқаның алдынғы және сол жағында орналасқан.  Қолқа доғасының астында өкпе сабауы екі өкпелік артерияға бөлінеді(оң жақ және сол жақ). Сол өкпелік артериядан қолқа доғасына байлам  келеді - lig.arteriosum.



Өкпелік сабаудың бастапқы бөлігі қолқаның сол жағында және алдында орналасады, сосын артқа бүгіліп және қолқа доғасының бас жағына, сол жақ төменгі бөлігіне келіп, жүрекқаптан(перикард) шығады. Өкпе сабауының оң тармағы қолқа доғасының төменгі және артқы жағына келеді, бұл көлденең синустың аймағы, осында эпикардтың алдыңғы беткейімен жабылған. Өкпе бағанасының сол тармағының алдыңғы-жоғарғы бөлігін эпикард жауып жатыр.

 Қолқадан  өкпелік сабаудың  көлемі үлкен  болады: ер балада -2,4 см, қыз балада -2,2 см. Өкпелік сабау дене көлеміне қарай өседі. Одан шығатын оң және сол жақ өкпелік артериялар туыла салысымен бөлінеді, ол қанның осы жолмен жүретіне байланысты бір жасқа дейін дамиды.  Кіндікті байлағаннан кейін 3 айға дейін қолқа көлемі кішірейеді, сосын  қайтадан өседі де үлкен кісілердікіне дейін біртіндеп 4,5 есе үлкейеді. Қолқа доғасы  сол жақта ІІ қабырға аралыққа кескінделеді. Төмендегіш қолқа омыртқаның сол жағында жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет