Реферат тақырыбы: Мал майларын шыжғырудың технологиясы және гигиенасы, майларды үздіксіз шыжғыру


Шыжғырылған жануар майларын буып-түю және сақтау



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі36,95 Kb.
#94964
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
май шыжғыру
көрсеткіштік, көрсеткіштік, көрсеткіштік, көрсеткіштік, 1лекция, Жаңабай Дариға ФОК171 пед практика, 8 сын 0-дік срез, Лекция-1607583541229 (1)
Шыжғырылған жануар майларын буып-түю және сақтау. Қорытылған жануар майларын ағаш немесе фанерлі штапталған бөшкелерге, сонымен қатар ағаш жәшіктерге 30 кг-нан салады. Ыдыс түбіне пергамент немсе үлдір төсейді. Майдалап өлшеп буып түю үшін картон, қағаз, шыны, металл ыдыстар қолданады.
Шыжғырылған жануар майларын - 5-тен -8°С дейін температурада 6 айға дейін сақтайды. Дүкенде бұл майларды 0-4°С температурада 80% ылғалдылықта сақтаған жөн.
Мал майының сапасын сараптау
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша. Май шикізатының түсі: ақ сарғыш тартқан, сары, ақ сары аздап жасыл реңді. Әдетте барлық малдың ішмайлары ақ және сары түс аралық реңдерімен кездеседі. Бұзыла бастаған май қоңыр не жасыл түсті болады, майдың түсі біркелкі болмай ала-құла болып келеді. Шошқаның шел майы – түсі ақ, қызғылт реңді, аралықтарында бұлшық ет ұлпалары кездеседі.
Май түсін – күндізгі жарықта, сүт түсті шыныға қалыңдығы 5 мм-дей етіп жағып жарыққа шағылыстыру арқылы анықтайды.
Майдың иісі мен дәмі – майдан алынған температурасы 20С орташа үлгіден анықталады. Сапалы май шикізатының өзіне тән иісі мен дәмі болады. Бұзыла бастаған майдан жағымсыз қышқыл иіс шыға бастайды. Дәмі ашы-қышқыл, майға тән емес бөтен дәм бөлінеді.
Майдың тығыздығы малдың түріне, денеде орналасқан жеріне, сапасына байланысты болады. Бұзыла бастаған май жұмсарып, жағылғыш, жұққыш, созылғыш күйде болады. Майдың тығыздығын металл қалақшаны температурасы 15-20оС-тағы май шикізатына батыру арқылы анықтайды. Сапалы май – тұнық, ашық, айқын болады. Бұзылайын деген майдың түсі көмескіленіп, күнгірт тартып, бұлдыр лайға айнала бастайды. Майдың мөлдірлігін – таза, мөлдір, түссіз пробиркада 60-70оС-дейін қыздырылған майды, күндізгі жарықта тұнықтылығына қарап бағалайды.

Қорытынды

Қорытындылай келгенде ет өнеркәсібінде өңделетін шикізаттың ерекшеліктері оны кешенді түрде қолдану арқылы өндірісті құрамалауды қажет етеді. Соңғы жылдары ет өнеркәсібінде кәсіпорындардың негізгі түрі ретінде ет комбинаттары


жұмыс істеді, бірақ мемлекеттік жоспарлы түрде мал тапсырудың
жойылуына байланысты олардың көбі шикізат тапшылығынан жабылып
қалды.
Жеке шаруашылықтарда сойылған малдардың еттері көбінесе тікелей базарға сатуға шығарылды. Пайда болған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндірістік қуаттары өте аз, құрал-жабдықтары қазіргі заман талабына сай емес. Сондықтан, олардың шығарған ет өнімдері сапасы және бағасы жағынан ресейлік өнімдермен бәсекелестікке төтеп бере алмады.

Пайдаланған әдебиеттер
Е.Т.Төлеуов, Қ.Ж.Әмірханов, А.К.Хаймулдинова “Ет және етөнімдерінің технологиясы ”.
“Азық - түлік өнімдерін тану”, Алматы, 2006 ж. Интернет желісі.
Мустафин О.Ж., Барақбаев Б.Б., Сойыс малдары, Алматы, 1990 ж.
Барақбаев Б.Б., Мал өнімдерінің технологиясы.,1993 ж.
Б.Қ.Заядан, Г.Өнерхан “Тағам биотехнологиясы”.
5В072800-« Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет