Реферат тақырыбы: «Мәдениет тілі» Орындаған: «Сөз сөйлеу жанры»


Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі65,75 Kb.
#89807
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мадениет реферата 3

2. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде.
Тіл қалыптасқан дүниетанымның бейнесі емес, қайта сол дүниетанымды жасаушы, құрастырушы болғандықтан, адам өзінің жан құбылысын, сыртқы дүниеден алған сезімдерін сөз арқылы объективациялайды. Тіл мәдениеттің шындығы бола тұра, сол мәдениеттің өзін танытушы ерен бір әлем. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраттары – осының бәрі мәдениетпен бірге біте қайнасқан. Тіл – мәдениетті танытушы құрал. Өзінің өміршеңдік қызметін ол тек өз бойынан ғана емес, мәдениеттің де болмысынан табады.
Жаңа дәуірден бастап ХІХ ғасырға дейін мәдениеттегі тілге көп көңіл бөліне қойған жоқ. Тіл үнемі сананың, ақыл-ойдың, рухтың құралы ретінде, солардың көлеңкесінде қарастырылып келді. Тек ХІХ ғасырдың басында философияда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалды. ХХ ғасырда тіл – коммуникация және таным көзі деген қағида артқа ығысып, оның орнына тіл – ұлттың жалпылама мәдени коды, бет-бейнесі деген ұстаным келді.
Тіл, мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелерін жеке жеке өз алдына түрлі ғылым салалары қарастыратындығы белгілі. Мысалы, тіл, оның құрамы және оны пайдалану ерекшеліктерін – лингвистика, филология, әдебиеттану, тілтану зерттейді. ХХ ғасыр мәдениеті мен қазіргі заман мәдениетін көркемдік және философиялық өзіндік түрдің жаңа және бұрын белгісіз болған типтері, өнердің техникалық түрлері, негізгі ғылыми теориялар ерекшелендіріп тұрады. ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениетінің құрылымы мен типологиясында өнер түрлерінің жойылуы мен «маргинализациясы» анық көрінеді. Қазіргі жағдайда өзін ерекше көрсететін мәдениеттің бірі - бұқаралық мәдениет, ол техника жетістігі мен коммуникация технологиясына сүйенуімен ерекшеленеді. ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениеті авангардизм, модернизм және мәдениет дегуманизациясы дәуірлерінің орталық парадигмасының өзіндік комбинацияларының нәтижесі ретінде көрініс тапты. ХХ ғасыр мәдениеті мен лингвистиканың дамуының негізгі сатыларымен таныстырып, қазіргі заман мәдениетінің негізгі формаларының орны мен рөлін анықтауға, осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени практикасының ерекшелігі туралы түсінік беруге көмектеседі. Тіл мәдениеттің шындығы бола тұра, сол мәдениеттің өзін танытушы ерен бір әлем. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраттары – осының бәрі мәдениетпен бірге біте қайнасқан. Тіл – мәдениетті танытушы құрал. Өзінің өміршеңдік қызметін ол тек өз бойынан ғана емес, мәдениеттің де болмысынан табады. Тіл, мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелерін жеке жеке өз алдына түрлі ғылым салалары қарастыратындығы белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет