Реферат тақырыбы: Нарықтың «құлдырауы»



Дата26.02.2022
өлшемі55,98 Kb.
#133480
түріРеферат
Байланысты:
Әбдірахман Марлен ГМУ-112. 10- тапсырма


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНСИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
“Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру” кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Нарықтың «құлдырауы» және экономиканы мемлекеттік реттеу

Орындаған: Әбдірахман.Марлен


Тобы: ГМУ-112
Тексерген: Саяпил.Алия

2020 ж.
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

1. Мемлекеттің мәні және нарықтағы мемлекеттің рөлі
2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің нарықты реттеу тәсілдері және шегі
3. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет, құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады


Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік экономикаға араласу шегін оның тәсілдері мен қызметтері арқылы айқындап, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қатысты болуы тиістігін зерттеу.
Нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы, экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
Қазіргі дамыған экономиканың көбісі аралас болып табылады. Бұл осы мөлшерде нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекет жағынан қоғамдық өндірісті реттеу арқылы толықтыруларды белгілейді. Осындай реттеу, орталықтандырылған экономиканы мемлекеттік басқарумен өзгешеленеді. Орталықтандырылған жүйеде мемлекет Әкімшіліктік және «тура» әсермен кәсіпорындардың барлық қызметтері мен олардың арасындағы шаруашылық байланысты анықтайды. Нарықтық экономика немесе аралас экономикада мемлекет, тек нарықтың құқықтық пен макроэкономикалық реттеуіне әсер етеді де, (яғни ең алдымен ақша, салық, бюджет, несие, т.б. сияқты шаруашылық тұтқалар көмегімен) ал кәсіпорындардың өмірлеріне тікелей араласпайды.
Нарықты мемлекеттік реттеу рынокты мемлекеттік реттеу – рынокта шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуін мемлекеттік реттеу. Меншіктің барлық нысанындағы субъектілердің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатыменсалық, бюджет, құрылымдық-инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады.
Кез келген елдің экономикалық даму процестерінде, мемлекет ең алдымен билік құрылымы ретінде орын алуы тиіс, ол нарықта шаруашылық субъектілерінің жүргізілу тәртібіне қатысты ережелер белгілейді және нарықтық субъектілердің қызмет ету жағдайына қатысты ынталандыру механизмі мен өзінің міндеттемелік жазбаша өкімінің көмегімен әсер етеді. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы тезис аксиома болып табылады.

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ


Нарықты реттеу екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.
Нарықты мемлекеттік реттеу, қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.
Нарықты мемлекеттік реттеудің негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді. Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі. Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады.
Мемлекеттік реттеу - бұл нарықта жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы.
Нарықты экономикалы елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді. Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген. Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұлардың ең бастылары:

  • Экономикадағы, қаржы, заң шығару, ішкі және сыртқы саясаттардағы негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыру, мен олардың ықпал етуінде, басқаруда мемлекеттің басты тетіктерді өзінде қалдыруы;

  • Экономиканың мемлекеттік секторының, яғни тікелей мемлекеттік реттеу объектілерінің бар болуы (қорғаныстық өнеркәсіп, көлік, байланыс);

  • Мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін атқаруы үшін аймақтық, салалық және әлеуметтік бөлімдердегі орталықтандырылған қорлар арқылы бөлінетін, елеулі қаржы ресурстарын шоғырландыруы.

Рыноктық түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Республика Президенті анықтап берді. Өтпелі рыноктық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері отандық тауар өндірушіге талғамалы көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты жүргізу болып табылады.
Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі Қазақстан мысалында экономиканың рыноктық дамуының көкейкесті мәселелерін қарастырамыз. Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді. Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4 кезеңге: 1993-1995жылдар, 1996-1997жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.
Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастырусияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады. 

2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ШЕГІ


Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықты қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл зерттеу және сегменттеу жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Кез-келген елдің зерттеу және сегменттеу жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметі арқылы байқалады. Зерттеу және сегменттеу қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:
Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, зерттеу және сегменттеу, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлау;
Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер;
Үшіншіден, нарықты жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықты зерттеу және сегменттеуда монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;
Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, зерттеу және сегменттеуны тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға-оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.
Экономиканы реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсатты бағыт беру әдісі.Ол нарықты механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай жіктеуге болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықты тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай-тікелей және жанама.
Реттеудің тікелей тәсілі зерттеу және сегменттеу процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраныс төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады.
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанымен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар зерттеу және сегменттеу қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады.
Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.
Мемлекттік реттеудің ең маңызды инструменттеріне мыналар жатады: Фискалдық саясат; Несие-ақша саясаты; Баға мен табысы реттеу саясаты; Әлеуметтік саясат; Сыртқы зерттеу және сегменттеу саясат; Әкімшілік реттеу; Қысқа мерзімді реттеу; Ұзақ мерзімді реттеу; Аймақтық реттеу.
Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.
Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:
- кейбір зерттеу және сегменттеу процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.
- ставканы өзгертпей сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.
- салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру.
Несие-ақша саясаты. Келесі түрлері жие қолданылады:
- банктің есептеу ставкасын өзгерту.
- эмиссиялық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі.
- «ашық нарықтағы операциялар».
Баға және табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.
Әлеметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.
Сыртқы зерттеу және сегменттеу реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.
Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады, мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау.
Қысқа мерзімді реттеудің негізгі мақсаты-бағаның тым қарқынды өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Оны дефляциялық саясат деп те атайды. Ұзақ мерзімді реттеудің мақсаты зерттеу және сегменттеудің белгілі ұзақ өсу қарқынын қолдау, оны зерттеу және сегменттеу өсу саясат деп те атайды.
Тікелей әсер ету тәсілі мемлекет тарапынан келесідей реттеуді ұсынады, яғни бұл ретте экономиканың субъектілері, ерікті экономикалық таңдауға емес, мемлекеттің жазбаша өкіміне негізделген шешімге келуге мәжбүр. Жанама әсер ету тәсілінде мемлекет қабылданатын шешімге тікелей әсер етпейді, тек алғышарттарды ұсынады. Тікелей тәсілге субвенциялар, демеу қаржылар, мемлекеттік тапсырыстар, бағалар, инвестициялар және т.б.жатады. Жанама тәсілге - қаржылық, салық реттегіштері жатады. Әкімшілік тәсілдер тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу шараларына бөлініп, мемлекеттік билік күшіне негізделеді. Экономикалық тәсілдер қаржы-несие қаражаттары және бюджеттік саясат болып бөлінеді. Әкімшілік иінтіректердің жиынтығы құқықтық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен байланысты реттеуші іс-әрекеттерді қамтиды. Әкімшілік шаралар тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу болып бөлінеді. Олардың қызметі - іскерлік жағдайда өмір сүру үшін тұрақты заңды жай-күйді қамтамасыз ету, бәсекелес ортаны қорғау, меншік құқын және экономикалық шешімдерді еркін қабылдау мүмкіншіліктерін сақтау. Институциондық шараларға мыналар жатады: мемлекеттік биліктің атқарушылық құрылымдарын қалыптастыру, экономикалық бағдарламаларды және болжамдарды дайындау, экономиканың түйінді мәселелері бойынша сараптау кеңестері және кеңесшілері институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету, экономиканың түйінді мәселелері бойынша зерттеу орталықтарына, басқа да экономикалық акпарат институттарына қолдау көрсету. Көлік жиынтығында тікелей қолданылатын мемлекеттік реттеудің тәсілдерін сараптау кезінде, жоғарыда керсетілген тәсілдердің жіктелуімен қатар жалпы қабылданған әдістердің түрін біршама өзгертетін өзге тәсілдер ұсынылады. Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиеттерде бүл сұраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист А.Маршал (1842-1924ж.ж) береді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі нақты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс(1835-1882ж.ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады. Байқасақ, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
— екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;
— еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
— шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
— белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 — тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын ,нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бүгін шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
3. ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды, технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын қүлашпен бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің, үлесін ұдайы кеміту және, керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін, косылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақүрылымдык мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері карқынмен дамытуға тиіспіз .
2010 жылга дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктерімен бәсекелестік кабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет еттінсалаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жүмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.
Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін каншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз. Сондытан бүл басымдық бүгіде, ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес.
Осы жылдардың ішінде кедейшілікпен жұмыссыздыққа карсы күрес стратегиясы:
- кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
- шағын және орта бизнесті дамытуға;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді таратуға;
- шарттар мен контрактар және бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларга қатаң тұрғыдан келуге;
- қогамдық жұмыстарды ең алдымен жол кұрылысымен орман отырғызуды дамытуга;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілд кедергілердің бәрін алып тастауға;
Президент еліміздің соңгы жылдары адам танымастай өзгергенін, оның тұрақты дамып отырганын және саяси экономикалық, әлеуметтік салаларда аршынды адымдармен алға басып келе жатқанын айтады. "Біз үгін ТМД арасында көп елдерден әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерімізбен адамдардың тұрмыс жағдайы жағынан алдамыз. Сондай-ақ олардың барлығына дерлік даму қарқыны жөнінен алдамыз. Бізде 1994 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ өнімінің көлемі бойынша 700 долар құрса, 2010 жылы 5800доллар, ал 2015 жылы 9000 доллар құрайды",-деді Президент. Сондай-ақ соңғы он жылда ең төмен жалақы деңгейі 25 есеге өсті, зейнетақының орташа көлемі 4,6 есе өсті, ал жеке салымшылардың банктердегі қаржы көлемі 36 есе өсті.
Қазақстан осы жылдар ішінде тартылған 40 миллиярд долларға жуық тікелей инвестиция қаржы еліміздің экономикасы ұшін өте тиімді түрде жүмыс істеп жатыр.
Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ірі көлемдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық реформа жүргізілді, жүріп те жатыр. Белгілі ұзақ мерзімді мақсаттар нәтижелері әзірге нашар болса да, оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жетуде. Республиканың экономикасы тұрақтана бастады. Бізде бұрынғы 70 жылдан астам өмір сүрген саяси және экономикалық жүйеден түбірінен өзгеше саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде.
Өтпелі кезеңде Қазақстан азаматтары көптеген ауыртпашылықты басынан өткізді әрі көп нәрсені құрбан етті. Бірақ мұның бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін іске асырылуда.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі төмендеуіне әсер еетпей қоймайды. Технологиялық тұрғыда артта қалған және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған, бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген кәсіпорындарының тұралап қалуына, дәстүрлі рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне, осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы 8 жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсім азайды.
Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі қарай сауықтыру инвестицияларының зор көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады.
Бүгін Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Азияның ең кедей елдерінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын дүние жүзі халқы біледі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылды. Қазақстанның көршісі Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Үндістан мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр. 
“2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін”, - деді Н.Ә.Назарбаев.
2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны республика халқы өз қалауымен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігері арқылы тұрғызады. 
2030 жылғы Қазақстан Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады. 
2030 жылғы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өткен кезеңді қорыта келіп, ұзақ мерзімге арналған басым мақсаттар мен оларды іске асырудың стратегияларын анықтады. Ұзақ мерзімді жеті басым бағыт анықталды, олар өзара байланысты. Олардың ішінде үш басым бағыт экономика саласына арналады. Экономикалық асу – экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу. Энергетика ресурстары – мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бесжылдық жоспарлар жасалады.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шет ел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол он принциптен тұрады. Мелекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның экономикалық стратегиясы макроэкономиканы тұрақтандыру болды. Бірақ бүгінгі табыс тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Бірінші азиялық барыс болу үшін біздің басым бағыттардың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс.
Құнсыздануды қолайлы деңгейге түсіре отырып, Республика стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттайды.
Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады. 
Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың айналымы процесін дәл реттеу қажет. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болды. Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстыпушы буын ретіндегі Қазақстанның жағдайы ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етіп отыр.
Қазақстанның энергетикалық және өзге де ресурстарын игеру жалғаса береді.Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау және пайдалану бірінші кезектегі мәселелердің бірі. Қазақстанның инвестициялық ахуалы неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшіні саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін республикамыз асқан шеберлік танытуы керек.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.
Қазақстанның міндеті отандық-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Бұл сала ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, ол ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге жәгне жаңа рыноктар іздеуге мүмкіндік береді. 

ҚОРЫТЫНДЫ


Өтпелі кезең киын да ұзақ та болуы мүмкін . Халық шаруашылығының барлык салаларында дағдарыстың үдеуі өтпелі кезендегі дағдарыска карсы шаралар қолдалынуын қажет етіп отыр , олар мыналар :


- нарықтык катынастарға бейімделген экономиканың барлык деңгейлерінде оны басқару реформалау және меншік нысандарының ара қатынасы қажет . Барлық басқару органдарының рөлін , міндеттерін және функцияларын жаңаша белгілеу және оларды нарықтық жағдайларға сәйкестендіру маңызды.
Басқарудың әлі де болса сақталып отырған бұрынғы нарықтық емес әдітерінен түбегейлі бас тарту және XXI-ші ғасырға жаңа экономикалық құрылысқа бара- бар болатын , орын алып отырған дүние жүзілік тэжәрибені ескеретін жаңа баскару жүйесімен қадам басу үшін мүмкін болғанның бәрін істеу қажет ;
- ұсынылып отырған жаңа экономикалық саяси конденциясы отандық тауар өндірушілерге іріктеп қолдау көрсетудің объективті қажеттілігінен туындайды . Елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуы экономиканы XXI -ші ғасырда дағдарыстан шығаруға және оны нарықтық өзін - өзі басқаруға эзірлеу мүмкіндігін беретін нарықтық экономикалық индикаторлар, тұрақтандырғыштар , реттегіштер секілді тетіктердің шектеулі санымен жүзеге асырылуға тиіс ;
- нарықтық қалыптастар калыптастырудың монографияда ұсынылған жекешелендіру мен жекешелендіруден кеиінгі саясат, қор нарығын дамыту сияқты және басқа жаңа нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану Қазақстанның нарықтық қатынастарға тез енуіне , XXI ғасырда ТМД елдері арасында жетекші жағдайға жетіп , дүние жүзілік коғамдастыққа лайықты орын алуына мүмкіндік береді ;
- нарыктық экономиканың ерекше саласы болып табылатын шагын кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлу керек , әсіресе оған шетел инвестициясын тарту қажет . Ол қоғамда және оның жекелеген косымша жүйелерінде маңызды әлеуметтік - экономикалық функциялар атқарады . Ол «шағын» ресурстық потенциялды бос және ескірген негізгі қорларды , қайталама ресурстарды , қалдықтарды және өзіндік ресурстарды пайдалануға ерекше тиімді. Мемлекеттік және аймақтық деңгейде шагын кәсіпкерлік жөніндегі қолдаушы және реттеуші қызметті ұштастыру қажет .
Біз каншалықты нарықтық экономиканың тетіктерін игергенімізбен егер білім мен ғылымды және мэдениетті алға ұстамасақ, оларға басымдылық бермесек, ұзаққа шаба алмаймыз . Сол себептен білім мен гылымның жаңа технологиялық өтпелі кезеңге сай дамуының тактикасы мен стратегиялық бағдарламасын жасап іске асыру кажет.
Экономикалық реформалардың табысты болуы мен олардың жекелеген учаскелердегі тежелуі мемлекет ролін қайта қарастыруды қажет етеді. Жеке секторды бірінші орынға қоя отырып, нарықтың заңдық аясын құратын мемлекет экономикада елеулі, бірақ шектеулі рольде ойнауы керек. Бұл жерде әңгіме меншік құқығын рәсімдеуді қамтамасыз ететін құқықтық және нормативтік базаны құруды аяқтау, бәсекелі рыноктар мен монополияға қарсы сенімді реттеу құралдарын құру, қажетті инфраструктураны, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз ету және күшті экологиялық саясат құру турасында болып отыр.
Алайда, нарық әзірше әлсіз және дамымаған жерлерде, нарықтық қатынастар әкімшілік жүйенің сынықтарымен бастырылып жатқан жерлерде, нарықты дамыту үшін және кеңістікті тазарту үшін мемлекет араласуы қажет. Әзірше экономика тұрақсыз даму кезеңінде болғандықтан, мемлекеттің реттеуші ролі мен оның араласуы бір-біріне парапар болуы керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Әкімбеков.С, Баймұхамедова.А.С. «Экономикалық теория» Алматы: 2005 ж. 79-87беттер.
2. Байжомартов. Ү. Жүнісов. «Экономикалық теория негіздері» Алматы: 1994 ж. 91-92 беттер.
3. Дүйсенбиев. Ш. К. «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз» Алматы: 2001 ж. 119-149 беттер.
4. Мейірбеков. А. Қ. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы: 2001 ж. 5-15 беттер.
5. Назарбаев. Н. «Жүз жылға татитын он жыл» Астана. 2002 ж. 38-47 беттер.
6. Назарбаев. Н. «XXI ғасыр қарсаңында» Алматы: 1996 ж. 6-9 беттер.
7. Сабден. О. С. Акбердин. Р. 3. «Рыночная экономика» Алматы: «Ғылым» баспасы. 2002 ж. 669-680 беттер.

  1. «Ақиқат» \\ 2005\\ №1,2. 27-55 беттер.

  2. «Экономика» \\2005\\№7-8. 62-63 бетгер.

  3. «Егемен Қазақстан» \\2004\\ 17-ақпан. 3 бет

  4. «Заң газеті» \\2005\\ 15-шілде. 4 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет