Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет14/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.8. Орқоян
Орқоян - қояндардың ішіндегі ең ірісі. Бұл қорық төңірегінде таралған терісі және еті бағалы аң. Мұнда ол орман-тоғайда мекендейді. Мәселен, қорықта 1975 жылы 35-тей орқоян кездескен. Әрине, бұл көрсеткіш мұнда бұл қоянның саны онша көп емес екенін дәлелдейді. Орқоян көбінесе ашық,далалы жерлерде, селдір шоқ тоғайдың,орманның арасында, өзен-көлдердің жайылмасында, шоқ-шоқ бұта арасында, Жыра бойында қоныстанады. Құмды төбешік жерлерде, жыңғыл сияқты бұталы ағаштардың арасында жүре береді. Маусымға байланысты ол мекенін ауыстырып, өзгертіп отырады. Орқоян ымырт жабылған кезде және түнгі мезгілде тіршілік етеді. Күндіз әр түрлі ағаштардың немесе бұталардың арасында тығылып жатып, караңғы түсісімен жайылады. Көбейер кезінде ін қазады. Қысы қатты, қар қалың және жел болған жылдары індерінде тұрақтайды. Панасының тереңдігі жер бетінен 1—2 метрге дейін жетеді. Бұл қоян негізінде өсімдіктермен қоректенеді. Қоректенуі маусымға және ауа райына тығыз байланысты. Орқоян — өсімтал аң. Ол жылына екі-үш рет туады. Әрбір ұрғашы қоян жыл сайын орта есеппен 10—12 көжек береді. Бұл қоян еті мен терісі үшін ауланатын аң, сол себептен оның қорын көбейтуге қамқорлық жасап отыру ең алдымен қорықшылардың міндеті.
Қорыққа шектесіп жатқан шағын ғана келген жазық дала аймағында таралған аңдардың бірі - суыр. Дала суыры Терсек орманы маңайын мекендейді. Бірақ, олардың саны өте аз. Мәселен, осы аймақтың 3-5 мың, гектар тың жерінде 1975 жылы небары 20 ғана дала суыры кездескен. Біздің өлкемізде ертеде дала суыры мол болғанымен, қазір оның кездесетін жерлері сиреп, саны жылдан-жылға азайып отыр. Осыған байланысты қорыққа жоғарыда көрсетілген жер көлемін бекітіп беруді қарастыру керек. Сонда ғана дала суыры табиғи ортада сақталып, көбейер еді. Бұдан кейін бұл аңды қорғауға және оны зерттеуге толық мүмкіндік туатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет