Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет9/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.3. Дуадақ
Дуадақ - салмағы 8—12 килограмдай келетін ірі құс. Бұрын бұл аймақта топтанып жүретін оны қазір көру қиынға соғады. Қорықтық жер көлемі кеміген сайын дуадақтың мекендейтін өрісі тарыла бастады. Сондай-ақ, оның төңірегіндегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты дуадақ бұрынғы тіршілік ететін жерінің біразында жойылып кетті. Қазіргі кезде қорық территориясында бұл құстар қоныстануға (ұялауға) шағын ғана жазық дала сақталып қалып отыр. Оларды осы жерде қорғауға алып, санынкөбейтуге мүмкіндік жасау керек. Өйткені, бұл құс онша күй талғамайды. Ол насекомдардың 50-ден астам, өсімдіктердің 30-ға жуық түрлерімен қоректенеді. Көктемде оның ұясынан 1-3 жұмыртқаны байқауға болады. Балапандарын өсіріп шығарған дуадақтар күзде егістік орнына жайылып, семіреді.
Бұл ашық дала кұсы ертеде дәмді еті мен қауырсыны үшін көп ауланған. Соңғы жылдары саны күрт азайып кетуіне байланысты оны аулауға тыйым салынған және заң бойынша қорғауға алынған. Дуадақтың қорын көбейтудің бірден-бір жолы ұя салатын жерлерін есепке алып, орманды қорғауға алу. Әрине, бұл жұмысты іске асыру үшін қорықтың орнитологтары белсене қатысулары кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет