Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет7/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.1. Құр
Құр - салмағы 1,6 килограмға дейін жететін, ірі қауырсынды құс. Қорық төңірегінде құр көбіне қарағай, кайың және көктерек ағаштардың арасын мекендейді. Бұрын Наурызым қарағайлы ормандарын да көп болған. Мәселен, орнитологтардың 1936 жылы жүргізген деректеріне қарағанда, онда 300 шаршы километр аумақта 1140 құр есепке алынған. Әрине, қазірде онда осындай көп құс болмағанымен, әлі де баршылық. Мәселен, қорық қызметкерлерінің 1975 жылы жүргізген санағы бойынша, қорықты барлық орман алқабында кұрдың жалпы саны 500-дей болған. Бұл құстың сүйіп қоныстанатын мекені - қайың ормандары. Ормандағы батпақты жерлер төңірегінде де кездеседі. Қайындарда қоныстанған құрлар қыста қайың, тал бүрлерімен қоректенеді. Бұл қыстық жемінде 300-ге жуық өсімдік түрлері мен 100-ге жуык омыртқасыз жәндіктердің түрлері бар. Қорықты мекендейтін құрдың негізгі қоректері көктерек, талдың өркені мен бүрі және қарағайдың қылқаны мен бүрі. Қыс айларында кейде азығы мен қолайлы қоныстарды іздеп, олар алыс аудандарға кетіп қалады, бірақ көктемде бұрынғы ұялаған жерлеріне қайтып оралады. Ұяны жерге салады, оған аздап шөп пен мүк төсейді. Құрлар ұяға 16-ға дейін жұмыртқа салады. Ондағы жұмыртқаларды мекиендері 20—25 күн басқан соң одан балапандар өрбиді, олар тез өседі. Күзде салқын түсе құрлар топтасады. Бірнеше ондағаны бірігіп, қысты орманда өткізеді. Көктемде олар жұп құрап, бөліне бастайды. Құр орманды аймақтың сәні және кәсіптік маңызы бар құс, сондықтан да оны қорғап, санын молайтудың ролі өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет