4.2. Ақ құр Ақ құр салмағы 700 грамдай, орта мөлшерлі құс. Ақ құр жазда тарғыл, Қыста ақ түсті болады. Бұл олардың жауларынан қорғанудағы бүркеніш реңі болып табылады. Ақ құр да кәдімгі құр таралған орманды алқапта мекендейді. Наурызым қарағайларынан 10—15-тен топтанып ұшып жүрген ақ құрларды немесе ақ кекіліктерді жиі кездестіруге болады. Қорықты4, орманды алқабында 1975 жылы ақ құрдың саны 700-дей болған, бұл көрсеткіш оның мұнда мол екенін көрсетеді.Әрине, бұл қуанарлық жағдай. Ақ құрлар көп уақыт бойы топтанып жүреді. Көбейетін кезінде, яғни көктемде жұп кұрап, 6—14-ке дейін жұмыртқа салады да, оны 18 күн басып, балапан шығарады. Балапандары есейгенше— күзге дейін жұбын жазбайды. Ақ құр - отырықшы құс. Жер бетінде өмір сүруге бейімделген ақ құр тал, қайың және көктерек өскен биік шөпті, батпақты жерді мекендеуді ұнатады. Қорықтың, төнірегіндегі орманды дала аймағы — бұл құстың негізгі қонысы. Жемі – ағаш бүршігі, жапырағы, жемісі.Бұл— кәсіптік маңызы бар құс.
Қорықтың ормандарында ұялайтын құстарға ақ шымшық, қаратамақ, сұр жылқышы, құрқылдақторғай, жапалақ және т. б. жатады. Сондай-ақ мұнда самырсын құсы, шырша торғайы, тоқылдақ, тұрымтай, қаршыға сияқты қанаттылар да таралған. Бұталы орманды аймақтарда таралған құстарды терең зерттеуді қорықтың орнитологтары үнемі басты назарда ұстаулары қажет.
Қорықтың, территориясында шөл және шөлейт аймақтарға тән кұстар да ұшырасады. Онда дуадақ, безгелдек, тарғақ, қараторғай,тырна және басқа қанаттылар мекендейді.