Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет4/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

2. Жер бедері мен ауа райы.
Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпатында орналасқан. Мамандардың ғалымдардың айтуынша, бұдан 20 мың жылдай бұрын Қостанайдың солтүстігін алып мұз басып жатқан. Мұз ери келе, оның тастай суы «Торғай қақпасымен» жылжып Арал теңізіне құйыла берген. Ғасырлар бойы мұз терістікке шегіне берді, сонымен қоса суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. Бұл маң кұрғап, климаты жылына бастады. Сөйтіп, қазіргі Наурызым ауданы көлемінде жартылай шөлейттік белгілері бар дала пайда болды. Әйтсе де, әлі де болса, мұз суы Торғай ойпатымен ағып жатты да, ол сол маңайдағы суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігіне жағдай туғызды. Ал мұз әбден еріп біткен кезде бұл тіршілік иелері құрғақ климат жағдайына бейімделе бастады. Табиғаттың қайталанбас көрінісі осылайша туды — жартылай шөлейтте Сибирь орманының аралдары сақталып қалды. Бұл жердің бүгінгі климаты да қызық. Тым континентті: қысы- суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Қаңтардың орташа температурасы - 18— 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 — 250 мм шамасында. Территориясы негізінен қызыл-қоңыр топырақты келеді, онда кішігірім өзендер мен ірі көлдер орналасқан. Аралары өзен аңғарларымен бөлінген төбелер кездеседі, абсолютті биіктігі 120-140 м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет