Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»


Борсық .......................................................................................................................17



бет3/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

Борсық .......................................................................................................................17

  • Орқоян .......................................................................................................................18

  • Дала суыры ...............................................................................................................19-20




    1. Ғылыми және басқа жұмыстар ................................................................20-24




    1. Қорықтың болашағы ..................................................................................25-26

    1. Кіріспе


    Наурызым мемлекеттік қорығы Қостанай облысындағы Haурызым және Cемиозер ауданының территориясында 1934 жылы ұйымдастырылды. Әуелде бұл қорық Қазақстанның жазық даласының ең оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы орманын сақтап қалу мақсатымен кұрылған еді. Сонымен бірге оның құрамына аң-құстар мекендейтін аймақ, өзендер мен көлдер кіреді.Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар еді.Міне, осы қорық болып аталған қырық жылдан астам уакыттың ішінде Наурызым көлдері, ормандары талай өзгерістерді бастан кешірді. 1951 жылы ол жабылып, оның негізінде орманшаруашылығы құрылды. 1960 жылы қайтадан қорыққа айналды. 1961 жылы өзгеріп, орман-аңшылық шаруашылығы деп аталынды. 1966 жылдың 18 октябрiнде ол қайтадан Наурызым мемлекеттік корығы ретінде жұмыс істей бастады. 1968 жылы Қазақстан үкіметі жанындағы қорықтар және аң шаруашылығы Бас басқармасының қарамағынан алынып, орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің қарамағына берілді. Қазір ол облыстық орман шаруашылығы Бас басқармасына бағынады. Әрине, мұндай өзгерістер қорық өмірінде айтарлықтай іс қалдырды, қорық едәуір мерзім күтімсіздікке ұшырады. Бірнеше рет өрт болып, Наурызымның сирек кездесетін жасыл карағайын едәуір азайтып жіберді. Көлдің суы өте төмендеп кетті.
    Жоғарыда айтқанымыздай, ұйымдастырылған кезде қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар болса, қазір 85,7 мың гектар ғана,яғни үш жарым есе кеміген.
    Наурызым қорығының территориясы бірнеше жеке учаскелерден тұрады. Онда Терсек (көлемі 4665 га), Сыпсың (7043 га) және Наурызым (37063 га) орман алқаптары мен Жаркөл, Аксуат, Сарымойын көлдері бар. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың гектар тың жазық дала кіреді. Осы алшақ орман алқаптары қарағайлы орман шаруашылығына бөлінген. Сыпсың мен Терсек карағайлары Соснов орман шаруашылығына қараса, Наурызым қарағайының батыс бөлігі Бесағаш орман шаруашылығына және Аксуат маңындағы қарағайлар Наурызым орман шаруашылығына енеді. Қорықтың осындай шалғай учаскелерінің бір-бірінен арақашықтығы 20-дан 80 километрге дейін жетеді. Қорықтың орталығы Наурызым поселкесінде орналасқан. Ол ауданнан — 31, ал облыс орталығынан - 24 км қашықтықта. Қорық аймағындағы орманды алқаптар аңдар мен құстар тіршілік ететін, қоныстайтын және пайдаланатын өте қолайлы мекендер.
    1966 жылы Наурызым қайтадан қорық болып кұрылғанда, оның алдында орманды қалпына келтіру, көлдерді қорғау, ондағы су кұстарының тіршілік ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу міндеті тұрды. Ал қазіргі уақытта бұл қорық орман шаруашылығы басқармасына қарағандықтан, мұндағы барлық ғылыми жұмыстар осы орман төңірегінде, оны қалпына келтіру мақсатын көздеп бір жақты сипат алып отыр. Бұл күндері Наурызым қорығы Қазақтың орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен келісім-шарт жасасып, орманды қалпына келтіру жөнінде бірталай игі істер бастады. Дегенмен, Наурызым қорығының байлығы тек орман ғана емес, онда жабайы аңдар мен құстар, ал өзен-көлдерінде балықтар да мол. Міне, осы табиғи ресурстарды арттыра беру үшін оларды кешенді зерттеу қажет. Оларды қорғап, халық шаруашылығына жедел қосу мәселелерін қарасғырған жөн.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет