Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет10/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.4. Безгелдек
Безгелдек - дуадақтардың ішіндегі ең кішісі, салмағы 1 килограмға дейін барады. Бұрын қорықтың ормансыз ашық далалы жерінде топтанып жүретін бұл құсты бүгінде тобымен көру қиынға соғып отыр. Тіпті, Қостанай облысының басқа жерінде де бұл құс сирек кездесуге айналды. Безгелдектің саны азайып кетуіне, біріншіден, ауа райының кей жылдары қолайсыздығы әсер етсе, екіншіден, тың жерлерді игеру оларды ұя салатын мекендерінен айырды. Жусанды, көделі бозға үйір келеді.Жыл құсы безгелдек түрлi насекомдармен, өсімдіктердің жасыл өркендерімен, дәнімен коректенеді. Сәуірдің аяғында шөп арасына ұялап, оған 3-4 жұмыртқа салып, балапан шығарады. Біздің аймақта безгелдекті аулауға тыйым салынған. Оның қоныстарында сақталып қалған аздаған қорын көбейтуге атсалысу қорық қызметкерлерінің, табиғат әуесқойларының борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет