Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет12/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.6. Елік
Елік — бұғылардың ең кішісі. Бұл — шағын келген, салмағы 40—50 килограмдай, сымбатты жануар. Қорық территориясында елік мекендеуге қолайлы 17—20 мың гектарға жуық орман алқабы бар. Мұнда 1975 жылы 75-тен астам елік бар екені анықталды. Бұл алқапта елік әсіресе қарағайлы ормандардың, сондай-ақ бұталардың арасында мекендейді. Ал өзен-көл жағалауында ол тоғайлы және кұрақты ну қопа арасында жүреді. Мұндай жерлер еліктің өз жауларынан тығылуына ыңғайлы келеді. Кездесетін жерлеріне қарай және маусымға байланысты елік жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Көктемде, жазда түрлі шөп, көк жапырақ, қылқанды ағаштың бұтақтары мен бүршіктерін жейді. Қыс кезінде бұлар қарастынан теуіп оттайды. Елік көбінесе түнде жайылып, күндіз тынығады. Қыстың қарлы-боранды кездерінде қалың ағаш, бұта ішін мекендейді. Еліктер күзгі-қысқы айларда үйір-үйірімен жүреді. Бұл мезгілдерде бір үйірінде 10—15-ке дейін елік болады. Олар үйірінен көктемде ғана бөліне бастайды. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне байланысты орманды алқаптың әр түрлі жерлеріне ауысып отырады. Қар қалың әрі көктайғақты жылдары елік қасқырға оңай жем болады. Орманға қар өте қалың түсіп, аязды қыс болған жылдары елік, әсіресе, оның, лақтары өлім-жітімге көбірек ұшырайды. Елік жылына 1—2, кейде 3 лақ туады. Сонымен қатар лақтаған кезінде жыртқыш құстар да оның жас төлдеріне зиянын тигізеді.
Елік - еті дәмді, терісі пайдалы кәсіптік маңызы бар аң. Орман көркі елікті браконьерлерден қорғап, оларға жан-жақты қамқорлық жасау - қорықшылар мен табиғат қамқоршыларының міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет