Реферат тақырыбы ːорман Орындағанː тобыː лр 102 Қабылдағанː а ш.ғ. м., аға оқытушы мазмұНЫ


Агротехникалық, орманмелиоративтік, гидротехникалық шаралар



бет6/9
Дата29.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#160376
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат
ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), Tarih9, Tarih9, англ рк, ict, TapScanner 10-03-2023-21꞉22, Biologiya-kaz, Mat-sauattyly - az, СӨЖ 2023 (1)
2.1 Агротехникалық, орманмелиоративтік, гидротехникалық шаралар
Агротехникалық шаралар. Топырақтарды эрозиядан қорғау мақсатында судың ағысын тоқтау және топырақ құрылымын жақсарту үшін бағытталады. Олардың кейбіреулерін қарастырып өтейік.
Берік топырақ құрылымын жасау - өндеу кезінде құрал-жабдықтарға жабыспайтын және шаңдатпайтын пісіп жетілген топырақтарда жүргізіледі. Осы кезде өндегенде топырақтың құрылымдық бөлшектері аз бұзылады. Жер бетінде ірі топырақ түйіршіктерінің сақталуына топырақты чизель-культиватормен қопсыту, майда катоктарды доңғалақты немесе тісті катоктармен ауыстыру әсер өтеді. Берік әрі ірі түйіршікті топырақ құрылымы көп жылдық шөптесін өсімдіктер арқылы да жасалады.
Өндеу қабатын тереңдету аз мөлшерде және біршама шайылған топырақтарда жүргізіледі. Ол топырақтың суды жақсы сіңіруіне әсер етіп, жер бетінде су ағынын азайтады. Аз шайылған топырақтарды тереңдеткіштері бар соқалармен терең жыртады, орташа шайылған топырақтарда өндеу қабатын топырақ тереңдеткіштер немесе қайырмасыз плугтар арқылы өндейді. Өңдеу қабатын тереңдетумен атар, органикалық тыңайтқыштар да енгізіледі.
Жер қабаттарын тереңдетілген плантаждық жырту гипс қабаттары жақын жатқан сортанды жерлерде жақсы нәтижелер береді. Ол ағын суларын тоқтатуға, гипстің топырақтың жоғары қабаттарына өтуіне, топырақтардың борпылдақ қабатының қалындығын ұлғайтуға жағдай жасайды.
Жер жырту, қопсыту және беткейде көлденеңінен ауылшаруашылық дақылдарды себу жер бетімен су ағуды тоқтатады және топырақтардың шайылуына кедергі жасайды.
Сүдігерлер мен парларда топырақ үйіп бекіту беткейдегі топырақты көлденең бағытта өндеуге қарағанда тиімді шара болып саналады. Бұл шара орташа шайылған топырақтарда валиктермен жүргізіледі. Валиктерді плугтың қайырмасын ұзарту арқылы жасайды.
Ұсақ жайылмалар (микролиман) немесе үзіктеп соқалау (карықтау) 2-4° беткейлерде ұсынылады. Ұсақ жайылмаларды беткей топырақтарының көлденеңінен жыртылуы бойынша горизонталь бойымен арнайы құрал- жабдықтармен (жайылмалар жасағыш немесе шұңқыр жасағыш) жасайды. Ұсақ жайылмалар беткейдің жоғары жағынан бастап жасалады.
Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер көп жылдық шөптесін өсімдіктер өсірілген егіс танаптарының көп шамада болуын көздейді. Оларда эрозиялық процестердің ары қарай дамуын агротехникалық тәсілдер тоқтата алмайтын орташа және күшті эрозияға ұшыраған топырақтарда кіргізіледі. Өте күшті эрозияға ұшыраған топырақтарда топырақ қорғайтын шалғынды-жайылымдық ауыспалы егістер еңгізіледі. Бұл кезде дәнді дақылдарға 1-2 танап, ал қалған - 5- 10 танаптар көпжылдың шөптесін өсімдіктер үшін бөлінеді.
Топырақтарды эрозиядан қорғаудың агротехникалық шаралары әжептәуір қысқа мерзімде әсер ете бастайды. Оның өзі орман жолақтары жоқ немесе олар жас, пайдасы өлі аз кезде өте маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет