Реферат тақырыбы ːорман Орындағанː тобыː лр 102 Қабылдағанː а ш.ғ. м., аға оқытушы мазмұНЫ



бет2/9
Дата29.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#160376
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат
ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), Tarih9, Tarih9, англ рк, ict, TapScanner 10-03-2023-21꞉22, Biologiya-kaz, Mat-sauattyly - az, СӨЖ 2023 (1)
1 Суару
Суару - 1)топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс. Дақылдардың вегетациясы кезіндегі суару саны және суармалау нормалары белгіленіп жүргізіледі. Суару әдістеріне топыраққа суды жайып жіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіп суармалау әдістері қолданылады; 2) суармалы жерге су жеткізу, болу, судың белгілі бір сандық таза көлемін пайдалану арқылы егістің өсіп-өнуі мен өнімділігін арттыруға жағдай жасау. суару тәсілі негізгі және арнаулы болып бөлінеді.
Суару кезеңі - әрбір дақыл үшін олардың өсіп-өну жағдайына сәйкес топырақ ылғалдылығының қолайлы режімі. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістікгерге арналған гидромодульдің үйлестірілген жалпы графигі құрылады. Осылай құрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдарды суару режімін айқындайды.
Суару нормасы - 1) бір гектар жерді бір рет суаруға қажетті судың көлемдік мөлшері. Әдетте, суару нормасы бір гектар жерге бір текше метр мөлшерімен өлшенеді. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістіктерге арналған гидромодульдің үйлестірілген (жинақталған) жалпы графигі (суарылу) уақыт және әр дақылға қажетті су көлемі аркылы құрылады. Бүл жағдайда шаруашылықтардағы суарылатын барлық егістік көлемі бірге тең деп есептесек, әрбір жеке ауыспалы егістік көлемі соның үлесі болып саналады. Үйлестірілген жалпы графикте ауыспалы егістің гидромодульдері кезекпен ауысып келіп тұрады. Ол үшін ординаталары алдын ала, жалпы шамасының тиісті мөлшеріне көбейтіледі. Осылай қүрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдардың суару режімін сипаттайды. 2) бір гектар егістікке бір рет суарғанда берілетін судың мөлшері (м3/га). Суару нормасының өлшемді саны топырақтың сулы-физикалық қасиетіне, жер бедеріне, дақылға, суару тәсілі мен технологиясына байланысты болады. Суару нормасын анықтау кезінде топырақтың есепті қабатындағы ең төменгі ылғал сыйымдылығы негізге алынады.
Суару саны - дақылдарды маусым ішінде неше рет суаратынын көрсететін анықтаушы сан. Дақылдың өсіп-өну, даму кезеңіндегі суару санын суармалау және суландыру нормасының өлшемімен анықтайды: n= М/m, мүндағы n — өсіп-өну, даму кезеңіндегі суару саны; М — суармалау нормасы; m — орташа суару нормасы.
Суару техникасы - суару жұмысын іске асыратын техникалық әдістер. Оларға: жүйекпен, тақтамен, мөлтекпен, жаңбырлатқышпен, тамшылатқышпен, құбырлармен суарғанда пайдаланылатын қондырғылардың суару элементтері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет