Реферат тақырыбы: «Педагогикалық технология»


Педагогикалық технологияның даму генезисі



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі45,53 Kb.
#121307
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
бағалау реферат

1.3 Педагогикалық технологияның даму генезисі

Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, əдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тəрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады. Технологиялардың пайда болуы ең алдымен əртүрлі теориялық жəне тəжірибелік іс-əрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл əлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, əрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық үдеріс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару», – деген. Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, оның пікірінше, оқыту «технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды. 60-шы жылдарда америкалық жəне батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген білім нəтижесіне қалай жетуге болады» – деген мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мəселелері біздің заманымыздың екіншіжартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нəтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни, кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру əдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын əлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мəні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мəселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген түсініктен бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған. М. П. Сибирская бойынша «əдістеме» мен «технологияның» салыстырмалы сипаттамасын қарастырады. Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту əдістемесі жəне тəрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер «əдістеме» ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың əдістері жəне тəсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-əрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі. Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың əдіс, құрал жəне түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді əдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сəйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» technе – өнер, шеберлік жəне logos – ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады. Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын жəне маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихипедагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.
И. Г. Песталоццидің педагогикалық маңызды мəселенің бірі «Əрбір арнайы даярланған мұғалім кез келген оқушыны оқытып, тəрбиелей алатындай білім берудің «тетігін» жасауы қажет деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы С. Т. Щацкийдің, Н. И. Попованың, В. Н. Сорокин-Росинский технологиялары соны құбылыстар деуге тұрарлық. Əр түрлі тұжырымдамалық негізге құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алды. Олар: əр бала өмірін жəне еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту, оны əлеуметтік мəнді əрекеттерге қатыстыру нəтижесінде əржақты дамыған тұлға қалыптастыру ұстанымдары. Ю. Н. Кулюткин кəсіпкер ұстаздың іс-əрекетіндегі «мөлшерлік шығармашылық белсенділікті» арақатынасы мазмұны мен мəнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер «ісəрекеттің немқұрайлы іс-əрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар жəне оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі», – дейді. М. С. Левит: «Кəсібижұмыс технологиясынмеңгермегенпедагог, оқытудың стратегиясы мен тактикасы жайлы білімді қайдан алу керек екенін білмейді. Тек жоғары дəрежедегі шығармашылықпен ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды», – деген екен. В. П. Беспальконың айтуынша, əрбір іс-əрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бəрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспромтқа қарама-қарсы, интуиция бойынша əрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-əрекетке көшу болып табылады. Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады жəне оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шетелдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды зерттеуде неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики жəне басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Бастапқыда көрсетілген педагогтер оқыту технологиясы, оқу технологиясы жəне педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіреді. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің зерттеу іс-əрекеті ретінде немесе алдын ала жобаланған педагогикалық үдерістің тəжірибеде тұрақты жəне жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы мұндай көріністер былай анықталады: - өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы жəне бай тəжірибесі бар мамандардың əр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері; - мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім жəне оқушылар іскерліктерінің өзара мүмкіндіктерімен жəне шарттарымен байланысты. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау жəне нақты өндіру. Сонымен, педагогикалық үдеріс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы жəне ішкі болып бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында жəне педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін. Қоршаған орта мен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген əсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тəрбиелік жұмысқа қатысты болады жəне өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан – табиғи жəне тепе-тең педагогтің іс-əрекеті жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық жəне оның жоғары руханилығы деңгейінде қазіргі заман мəдениетімен байланыста болады. Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) жəне тəрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді: - технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі əдіснамалық философиялық ұстанымыжатады. Осылайша, білім беру үдерісінің технологиясы жəне жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады; - педагогикалық іс-əрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сəйкес тізбектеледі; - диалогтық қарым-қатынас адами жəне технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау жəне саралау қағидаларын негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-əрекетін технология қарастырады; - педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді; - педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар – диагностикалық процедуралар, іс-əрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері жəне ережелер, белгілі ұстанымдар. Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология жəне шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология əр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі жəне кəсіби іскерлігі көрінеді. Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру əдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-əрекетін ұйымдастыру тəсілдері жəне мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын жəне оқыту үдерісінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет