Қорытынды
ХХ ғасырдың басында саясаттану жеке академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған «Саяси ғылымдар халықаралық ассоциациясының» қосқан үлесі жоғары. Сөйтіп, саяси ғылым халықаралық статусқа ие болды.
Саясаттану құқықтық ғылыммен де тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, іс — әрекетін реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен иниституттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарыстырады, реттейді. Келесі саясаттануға жақын ғылым — әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс – жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді. Саясаттану тарихпен байланыста болады. Ол жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси иниституттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
Бүгінгі таңда Америка, Еуропа, шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, ал әлемнің ең ірі университеттері саясаттанушы мамандарын дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттануға мамандандырылған 30-ға жуық сала бойынша білім беріледі. Көптеген өркениетті елдерде бұл ғылымның қолданбалы түрінің қалыптасуы кең өріс алған. Бұрынғы Кеңес өкіметі саясаттануға «халыққа қарсы», «буржуазиялық ғылым» деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес өкіметі шын мәніндегі саяси сауатты мамандар даярлауға мүдделі болмады, себебі мемлекеттің саяси билігінің өзі демократиялық (халықтық) емес болатын. Қазақстанда саясаттану пәні 1991 жылдан бастап оқу орындары бағдарламасына енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003.
Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.
Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.
Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.
Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |