ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ
Фармакогнозия және химия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Су - химиялық технологияда, дәрілік препараттарды дайындауда биосферада кең тараған еріткіш. Судың кермектілігі және оның тірі ағзаларға әсері. Биожүйенің минералды балансындағы s-элементтердің биологиялық маңызы.
Орындаған:Мухтарова Н.М
Тобы:104 Б ФК
Қабылдаған:Бухарбаева А.Е.
Шымкент-2016ж.
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Суды тазарту жолдары 2.Су — еріткіш
3.Биогенді S Элементтердің қосылыстарының медицинадағы маңызы .
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл проблема халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мындаған километр алшақ орналасқан аймақгарға тарап, жер шарының алыс түпкірлерінс қауіп тудырады.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалддықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркөсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қыш-қылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизм-дердің ара қатынасын өзгертеді..
Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қаты-суымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар тү-зіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршітк ететін ағзалар жарьмсыз ортада өмір сүруге бейімделеді. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат иондары көп мөлшерде болады. Сулы ортаны мекендейтіп ағзалар сан алуан, олар бір биологиялық топқа — гидробионттарға бірігеді. Олардың барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді.[2] Сулы ортада ауаға қарағанда дыбыс тезірек тарайды. Сондықтан гидробионттарда көру мүшелеріне қарағанда есту мүшелері жақсы дамыған. Кейбір түрлер тіпті өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыс) толқындардың ырғақтарының өзгеруін дер кезіңде сезіп, дауыл тұрардың алдында су тереңдігіне қарай төмендейді Кейбір гидробионттардың (кит тәрізділерде) бағыт-бағдар алуы, қорегін іздеп табуы — толқындардың шағылған дыбыстарын қабылдау (эхолокация) арқылы жүзеге асады. Көпшілігі жүзу кезінде әртүрлі жиіліктегі электр зарядтарын тудырып, шағылған электр импульстарын қабылдайды. Электр зарядтарын тудырып, оны өзінің бағыт-бағдар алуында және сигнал үшін пайдаланатьін 300-ге тарта балық түрлері белгілі Мысалы, тұщы суда тіршілік ететін су пілі балығы (Моrrуtus kannume) секундына 30 импульс жіберіп, су түбіндегі тұнбадан өзі қоректенетін омыртқасыздарды оңай табады. Импульстары секундына 2000-ға дейін жететін теңіз балықтары да бар. Кейбір қорғану көптеген шұңқырлы, ойық жерлерінде өзендердің тасуынынан, қатты нөсер жауыннан соң, қардың еруінен жіне тағы басқа жағдайларда уақытша көлшіктер, тоғандар пайда болады. Мұндай көлшіктерде де қысқа уақытта тіршілік ететін әт-түрлі гидробионттар кездеседі. Бұлардың ерекшелігі сол, аз ғана уақыт ішінде көбейіп, өзінен соң көптеген ұрпақтарын қалдырып келесі ылғал болатын уақытқа дейін тұнбаға көміліп иабиоз жағдайға түседі (кейбіршаяндар, планариилер, аз қылтанды құрттар моллюскалар, тіпті кейбір балықтар — африка протоптерусы және оңтүстік америка лепидосирені). Көптеген майда организмдер құрғақшылық жағдайда циста түзеді (инфузорилар, тамыраяқтылар, кейбір ескекаяқты шаяндар, турбеллярий және т.б.).Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, терендігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді. Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0,9°С-25°С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100°С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4°С-5°С-ты құрайды.
Су ортасының жарық режимінің әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп. Жарықтың су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін болғандықтан суда жарықтың мөлшері аз болады.Сондықтан терең суларды үш аймаққа: жарық , алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі.Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретің бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық беріп, қорегін өзіне еліктіреді. Үнемі қараңғылықта тіршілік ету немесе жарықтың жетіспеуі гидробионттардың көру мүмкіншіліктерін шектейді. Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып (Индонезия, Филиппин, Тайланд), күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылуда.
Гидрология
Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетінде ең көп кездесетін сұйықтыққа жатады. Судың қазіргі кезде қаупі бар. Адамдардың суды үнемдемей құртуының әсерінен тұщы судың жойылу төтенше жағдайлар қатарында. Ал жер шарына қауіптілігі су басу жағдайы.
Жер асты сулары
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатынтопырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.
Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында — су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады — жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.
Бірінші түрі жетекші деп аталады.
Бұл — жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Екінші атауы — артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.
Табиғаттағы су айналымы
Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер,мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіпконденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады.Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.
Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың,тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.
Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистилляторданбірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады.Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады
Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.
Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3,5 %) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (02, N2, С02, S02, т. б) кездеседі.
Су — сутек оксиді, Н2О — қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфера Судан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор.Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) Суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды.Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш (1731—1810) зерттеді (1781—1782), ал француз ғалымы А.Лавуазье (1743—1794) сутек жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785).Судың құрамында массасы бойынша 11,19 % сутек, 88,81 % оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су — ауыр су (D2O) деп аталады. ауыр судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0С-та қатып, 100С-та қайнайды.
20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см3,
0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см3 (мұзда).
Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Су оттек, сутек, азот қышқылын,спирт, альдегидтер, сілтілер, т.б. аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор.
Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
Массалық құрамы: Н —11,19 %, О — 88,81 %.
Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде — бу, су жәнемұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.
Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге, шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады.
Су
Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.
Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:
2H2O→2H2↑+O2↑
Күрделі заттың құрамдас бөліктеріне айырылуы — анализ деп аталады.
Жай заттармен әрекеттесуі:
I. Судың металдармен әрекеттесу реакцияларын сутегін ал әдістерінде қарастырған болатынбыз:
2Na + 2НОН = 2NaOH + Н2↑
Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑
Белсенділігі тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді түзіледі:
Mg + НОН = MgO + H2
Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
II. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе алады. Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі — ол «су газы» деп аталады:
С + НОН=СО↑+Н2↑
Көмірді жағарда оған су қосып шылайтынын білесіңдер, сонда түзілген екі газ да жанғыш екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.
Сl2 + НОН = НСlO + HCl
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
I. Активті металдардың оксидтерімен әрекеттесіп гидроксидтер (негіздер) түзеді.
Na20 + Н20 = 2NaOH
Әктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле жүреді: СаО + Н20 Са (ОН)2 + Q
Металл оксидтері + су = негіз
|
II. Кейбір бейметалдардың оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді. Күкірттің бір түйірін алып жақсак оның оксиді түзіледі:
S + O2 =SO2
Жану өнімін суға жіберсек: S02 + Н20 = H2S03 күкіртті қышқыл түзіледі, көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl20 + H20 = 2HCl0 N2O3 + H20 = 2HN02
Бейметалл оксидтері + су = қышқыл
|
III. Белсенділігі жоғары металдардың гидридтері де сумен әрекеттесіп гидроксидтер береді.
NaH + НОН = NaOH + Н2↑
IV. Кейбір тұздар сумен химиялық әрекеттесіп кристаллогидраттар түзеді:
CuS04 + 5H20 = CuS04 * 5H20 мыс купоросы;
FeS04 * 7H20 темір купоросы;
Na2S04 * 10H20 глаубер тұзы.
Су — біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суынеріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында — 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.
Ерігіштік — берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л).Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензиннашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л , Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса — қаныққан деп аталады.
Cудың кермектігі— құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының болуынан қалыптасатынсудың қасиеті.Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л), кей елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден кейбір жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейін.Кермек су тұщы болса да, нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғары және басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды. Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады.Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО3) тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең. Біздің елімізде судың кермектігі 1 дм3 судағы Са2+ мен иондарының миллиграмм-эквиваленттік мелшерімен көрсетіледі. Кермектіктің бір мг-экв-ті 20,04 мг/дм3кальций мен 12,16 мг/дм3 магнийдің косындысына тең. Шетелдерде cудың кермектігі неміс (H°), француз (F°), ағылшын және американ (А°) градусымен өлшенеді. Осы өлшемдермен салыстырғанда 1 мг-экв - 2,8 Н°, 5,0 F°, 3,5 А° ағылшын, 50,0 А° американ градусына тең. Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді: өте жұмсақ су (1,5 мг-экв-ке дейін), жұмсақ су (1,5—3,0 мг-экв), орташа кермек су (3,0—6,0 мг-экв), кермек су (6,0—9,0 мг-экв) және өте кермек су (9,0 мг-экв-тен жоғары). Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7—20 мг-экв болатын жер асты сулары пайдаланылады.
Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай:
өте жұмсақ су (1,5 миллиграм-эквивлентке дейін)
жұмсақ су (1,5-3,0 миллиграм-эквивлентті)
орташа кермек су (3,0-6,0 миллиграм-эквивлентті)
кермек су (6,0-9,0 миллиграм-эквивлентті)
өте кермек су (9,0 миллиграм-эквивленттен жоғары)
болып бес топқа бөлінеді. Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7-20 миллиграм-эквивлентті табиғи сулар пайдаланылады.
Судың көктенуі - су қоймалардың беткі су қабатында балдырлардың жаппай дамуынан болатын құбылыс. Жасыл балдырлар — жасыл "көктену", диатомдылар — сарғыш-қоңыр "көктену", Кызыл балдырлар — қызыл "көктену" көріністерін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |