2. Титриметриялық анализ реакцияларына қойылатын талаптар.
3. Титриметрия түрлері.
4.Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі.
5. Пайдаланған әдебиеттер.
Титриметриялық анализ реакцияларына қойылатын талаптар, жіктелуі Титриметриялық анализ - титрі белгілі стандарт ерітіндісімен анықтайтын заттың белгісіз мөлшерін титрлеу арқылы анықтау. Титриметриялық (көлемдік) анализ – анықтайтын затпен реакцияға түскен титранттың көлемін дәл өлшеуге негізделген әдіс.
Титриметрия реакцияларына қойылатын талаптар:
Реакция толық аяғына дейін, стехиометриялы, қатаң эквивалентті мөлшерде жүруі тиіс (Ерітіндіде титрант тек анықтайтын затпен белгілі стехиометриялық қатынаста реакцияласуы қажет).
Ерітіндідегі қоспалар және қосымша реакциялар негізгі реакцияның жүруіне және эквиваленттік нүктені анықтауға кедергі келтірмеуі керек.
Реакцияның жылдамдығы айтарлықтай жоғары болуы керек.
Эквиваленттік нүкте, яғни реакцияның аяқталу моменті анық болуы керек.
Арзан және қолжетімді реагенттер болса тіпті жақсы.
Титриметрияда тура, кері және жанама (немесе орын басатын) титрлеу деп бөлінеді. Тура титрлеу кезінде анықтайтын компоненттің ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндімен титрлейді. Егер тура реакция қандай болса да бір себептен мүмкіндігі болмаса немесе қиындық келтірсе, онда кері немесе жанама жолмен титрлейді. Тура титрлеу үшін сәйкес индикатор іріктеп алуға болмаған жағдайда кері әдіспен титрлейді. Титрлеу барысында екі титрант қолданады. Мұндай жағдайда зерттелетін ерітіндіге бұрыннан белгілі концентрациясы айқын, зерттелетін заттың эквиваленттік мөлшерімен әрекеттесетін үшінші зат ерітіндісінің артық мөлшерін қосады. Үшінші заттың артық мөлшерін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлейді.