Көкбауырдың синтопиясы. Көкбауыр жоғарыда — диафрагманың төменгі бетіне; ішкі жағынан — қарын күмбезіне; артынан — сол жақ бүйрекке және бүйрек үсті безіне; төменнен — көлденең ішекке жанасады. Көкбауырдың пішіні мен көлемі әртүрлі болып келеді. Ол адамның жасына және толықтығына байланысты. Кейде бөлшектенген көкбауыр кездеседі. 4% жағдайда қосымша көкбауыр болады. Көкбауырды алып тастағанда, қосымша көкбауырлар үлкейіп, алынып тасталған мүшенің қызметін атқарады Көкбауыр қабырға —диафрагмалық синустан дифрагмамен шектелген, сондықтан көкбауыр жарақатында плевра қуысы да зақымдалып, пневмоторакс дамуы мүмкін. Көкбауыр байламдары. Көкбауыр барлық жағынан іш пердемен қапталған және көрші мүшелермен қосатын көптеген байламалары бар. Көкбауырдан диафрагмаға lig. phrenicolienale өтеді, оның ішінде көкбауыр венасы және артериясы (art. et v. lienalis), көкбауырдың нервтері, лимфа тамырлары мен түйіндері жатады. Көкбауырдан қарын күмбезіне қарай lig. gastrolienale өтеді. Көкбауырдың бекітілуінде маңызы зор, байлама диафрагмадан flexura соііса sinistra-ға өтетін lig. phrenicocolicum болып табылады. Көкбауырдың байламдарының даму негізі әр түрлі. Алғашқы байламдары дорсалды шажырқайдан, екіншілік байламдар ішектердің дамулық айналымы кезінде серозды қабықтардың бір-бірімен жабысуынан құрылған. Көкбауырдың алғашқы байламдарына жататындар: 1) диафрагма мен көкбауыр арасындағы (frenicolienalis); 2) асқазан мен көкбауыр арасындағы (gastrolienalis); 3) іліп тұрушы. Екіншілік байламға: 1) көкбауыр — тоқ ішек (splenocolicum); 2) диафрагма —тоқ ішек (frenicocolicum) байламдары жатады. Диафрагма —талақ байламы күрделі құрылған, оның арасында талақ қантамырлары және олардың тармақтары өтеді. Байлам ішіндегі қантамырлардың таралу ерекшелігі, байламның жоғарғы және төменгі 1/3 бөліктері «хирургиялық қауіпті аймақ» деп есептеледі. Себебі осы бөліктерде асқазанға, ұйқы безінің басына баратын артериялар орналасқан. Және де диаф рагма— көкбауыр байламы үзын болса, талақты ң ішпердеден тыс бөлігі тар ңаңпа көлеміне сәйкес болады. Егер осы байлам қы сңа болса, көкбауырдың қақпасы артындағы бүкіл висцералды бөлігі ішпердеден тыс жатады . Бүндай құрылыс, көкбауырдың осы аймағы жарақаттанғанда — іш перде артында көлемді гематома болу мүмкіндігін көрсетеді.