Реферат Тақырыбы:Өңеш,асқазан,көкбауыр топографиясы. Қабылдаған: Жұмабекова А. М орындаған: Затыбек Б. Ж тобы: 313 «А»



бет10/12
Дата14.12.2021
өлшемі494,06 Kb.
#127085
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Топан 10 пз

Асқазанның байламдары : Ішперде асқазанды алдынан және артынан жауып, үлкен және кіші иіндерінен көрші ағзаларға өтіп, ағзалардың бекітілуінде маңызы бар бірнеше байламдар түзейді

Асқазанның бекуі беткей және тереңдегі байламдар арқылы болады.

1. Беткей байламдар, іш перденің екі жапырағынан фронталды бағытта асқазанның жоғарғы және томенгі қырларынан желпеуішке ұқсап тарайды . Оларға келесі байламдар жатады: 1) асқазан — тоқ ішек байламы; 2) асқазан — көкбауыр байламы; 3) сол жақ асқазан — диафрагмалық байлам; 4) бауыр — асқазан байламы; 5) бауыр — қалтқы байламы. Асқазанның кіші иініне бекитін үш байлам (бауыр-диафрагмалдық, бауыр-асқазан, бауыр-12-елі ішектік байламдар) кіші шарбы май деп аталады.

2. Асқазанның тереңдегі байламдары асқазанның артқы қабырғасын ұйқы безінің алдыңғы бетімен жалғайтын ішперде қыртыстарынан тұрады. Жоғарғы (немесе сол жақ) асқазан — үйқы без байламы — үйқы бездің жоғарғы қырымен асқазанның артқы бетін қосады. Байламда сол жақ асқазан тамырлары жатады . Төменгі (немесе оң жақ) қалтқы — ұйқы без байламы, асқазанның пилорикалық бөлімі мен үйқы бездің оң жаң арасында орналасқан. Диафрагма —өңештік қапталдық байламдары оңештің қабырғаларын диафрагманың аяқшаларымен байланыстырады.



Көкбауыр

Көкбауыр сол жақ қабырғалар астында жатады. Ағзаның диафрагмалды және висцералды беттері бар. Диафрагмалық беті тегіс, ағзаның бейнесін қайталайды . Висцералды бетінде көршілес ағзаларға сәйкес беттерін ажыратады : 1) асқазандық беті; 2) бүйректік беті; 3) тоқ ішектік беті. Асқазан беті — көкбауырдың жоғарғы шетінен қақпаға дейін немесе асқазан — шарбы май байламына дейінгі жер. Бүйректік беті — көкбауыр қақпасынан төмен және артында жатады. Тоқ ішектік беті деп — көкбауырдың алдыңғы шетін айтады. Көкбауыр пішіні сопақша немесе призма тәрізді әр түрлі болады. Көкбауырдың екі ұшы бар: 1) алдыңғы — қабырғалар доғасына бағытталған; 2) артқы — омыртқаларға қараған жағы. Көкбауырдың екі түрлі пішінін келтіруге болады: 1) қысқа, жалпақ, диафрагмалды домалақтанған; 2) жіңішке, ұзын, диафрагмалды беті саңылау тәрізді созылған түрі. Көкбауыр (талақ) скелетотопиясы (lien ). Көкбауыр сол қабырға доғасының астында IX және XI қабырға аралығында орналасқан. Талақтың жоғарғы қыры VIII қабырғаға жетеді, ал оның төменгі қыры IX қабырғадан төмен орналасқан. Талақтың орналасуы дене бітіміне және көрші мүшелердің қалыптасуына байланысты. Оның артқы шеті (бекітілген, ену жолы қиындау) ТІХ (12% ), Тх_хі (65,17% ) деңгейінде, Тхп-деңгейінде (21,97% ) орналасады. Кең және аласа кеуделі-брахицефалды адамдарда, көкбауыр жоғары және горизонталды жатады . Талақ бұл кезде VIII қабырға мен XI қабырғалар арасына проекцияланады . Тар және биік кеуделі-долихоцефалды адамдарда талақ төмен және вертикалды қалыпта (X қабырғадан XI қабырғаға дейін) орналасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет