Жиындартеориясы- бұл логика-математиканың бөлімі, ол жиындар деп аталатын объектілер арасындағы қатынастарды зерттеуге жауап береді. Жинақтар бір сипаттағы объектілер жиынтығымен сипатталады. Бұл заттар жиынның элементтері болып табылады және болуы мүмкін: сандар, әріптер, геометриялық фигуралар, объектілерді бейнелейтін сөздер, объектілердің өздері және басқалар.
Жиын латын алфавитінің үлкен әрпімен А,В……,Z белгіленеді. Бір де бір элементі болмайтын жиынды құр(бос) жиын деп атайды. Оны Ø түрінде белгілейді. Жиынның элементтері латын алфавитінің кіші әріптерімен белгіленеді.
Жиынның кез-келген элементінің ол жиынға жататындығы(тиістілігі) немесе оған жатпайтындығы (тиісті еместігі) тағайындалған болса , ондай жиын толығынан анықталған жиын деп аталады. а элементінің М жиынына жататындығын тиістілік таңбасы арқылы белгілейміз: а Є М.