Реферат такырыбы : power point орындаган : Орынбасаров А. А



бет12/18
Дата07.02.2022
өлшемі37,66 Kb.
#97342
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
рЕфеЕрат

1. Басты қойындысында слайд белгішесінің астындағы Жаңа слайд түймешігін басыңыз.
2. Осы орналасуы бар слайдты кірістіру үшін орналасуды нұқыңыз.
Егер бірінші сабақтың жаттығуын орындасаңыз, орналасуды автоматты қолданатын слайдты кірістірдіңіз. Сонымен қатар, слайдты кірістірмес бұрын орналасуды таңдай аласыз. Оны орындау үшін Басты қойындысындағы слайд белгішесінің астындағы Жаңа слайд түймешігін басыңыз. Ол орналасулар таңдауын көрсетеді.
PowerPoint 2007 орналасулары бұрынғыдан да сенімді. Олардың бірнешеуінде не мәтін, не сызба үшін пайдаланылатын «мазмұн» толтырғыштары бар. Мысалы, Тақырып және мазмұн орналасуы. Толтырғыштарының бірінің ортасында келесі белгішелер жинағы бар:
Мазмұндардың келесі түрінің бірін — кестені, диаграмманы, SmartArt сызбасын, файлдан алынған суретті, клип бөлігін немесе бейне файлды кірістіру үшін осы белгішелердің бірін нұқыңыз. Немесе, белгішені елемей, осы орналасу қолдайтын мәтінді теріңіз.
Мүмкін, компанияның басқармасының фотосуреттерін кірістіресіз немесе слайд мазмұнына назар аударту үшін клип қосқыңыз келеді. Алдыңғы бөлімде көргеніңіздей суретті тікелей слайдтан немесе мазмұн толтырғышынан қоса аласыз. Сол жақтағы суретте оны қалай орындау керектігі көрсетілген.
 1. Суретті қосу үшін Суретті файлдан қосу белгішесін нұқыңыз.
 2. Клипті қосу үшін Клип белгішесін нұқыңыз.
 3. Сурет толтырғыш жиектерінде орналастырылады.
 4. Сурет бір рет кірістірілгеннен кейін, оның өлшемін өзгерткіңіз немесе арнайы әсерлер қосқыңыз келген жағдайда не істеу қажет? Алдымен, слайдтағы суретті таңдаңыз.
5. Таспада Сурет құралдары пайда болады. Пішім қойындысын нұқып, суретпен жұмыс істеу үшін түймешіктер мен параметрлерді пайдаланыңыз. Оған тік немесе ирек жиектер бере аласыз; көлеңкелерді немесе жарық қолдана аласыз; түсті жақтаулар қоса аласыз; оны қия аласыз немесе өлшемдерін өзгерте аласыз және тағы басқаларды орындайсыз.
Суретті слайдтың өзінен кірістіру оңай. Ол слайдта біреуден көп толтырғыш болған жағдайда әсіресе қолайлы әдіс болып табылады, себебі слайд белгішелерін пайдалана отырып кірістіргенде, сурет сол толтырғышқа өтеді.
(Егер суретті слайд белгішесін пайдалана отырып кірістіргіңіз келсе, бірақ толтырғыштың дұрыс түрі болмаса, орналасуды өзгерту өте оңай. Оны қалай істеуге болатындығын жаттығу сеансынан көресіз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет