ЖОБА
Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 07 тамыздағы № 295 бұйрығына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ават, Ақтам, Бахар, Дардамты, Кетпен, Кіші Дихан, Қалжат, Қырғызсай, Сүмбе, Тасқарасу, Тиірмен, Үлкен Ақсу, Шарын, Шонжы ауылдық округтерінің (бұдан әрі – ауылдық округі) жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы №6-33-198 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр аудандық
мәслихатының хатшысы Н. Есжан
Достарыңызбен бөлісу: |