Рекомендательный указатель литературы к 70-летию со дня рождения А. Кекильбаева/ Петропавл, 2009



Дата25.01.2017
өлшемі206,53 Kb.
#7999
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Северо-Казахстанский государственный университет

им. М.Козыбаева


Парасат биігінде

/Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев-70 жылдығына/


Истоки вдохновения А.Кекильбаева

/Рекомендательный указатель литературы к 70-летию со дня рождения А.Кекильбаева/


Петропавл , 2009
Оқырмандарға
Ұсынылып отырған көрсеткіш Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туғанына 70 жыл толуына арналған.

Мағұламат алфавитттік тәртіппен орналасқан. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ең соңғы басылымдар еңгізілген.

Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.

Әбіш Кекілбаев

(1939 жылы туған)


Тудырған бұл Әбішті қиын дәуір,

Тұлғасын бұза алмады қиын-дауыл.

Асылы бар қазақтың бойында жүр,

Ақылы бар қазақтың миында тұр

Жолдасбеков М

Қазіргі қазақ әдебиетінің танымал суреткері Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде әдебиет қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1964-1968 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі қызметтерін атқарды. 1970-1975 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясына бас редактор болып жұмыс істеді, 1975-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі. 1984-1986 жылдар аралығында Қазақ ҚСР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жж. Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1988-1990 жж. Қазақ КСР тарихы және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы қызметтерін атқарған.

1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1993 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Алғашқы «Алтын шуақ» атты өлеңдер жинағы 1962 жылы жарық көрді. Проза, әдеби сын саласында елулі еңбек етіп келеді. Сонау 20 ғасырдың 60-жылдарынан бері күні бүгінге дейін оның әр кездегі жарық көрген «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Тырау-тырау тырналар», «Бір уыс топырақ», «Үркер», « Елең алаң», «Мартовский снег», «Плеяда- созвездия надежды», «Заман мен сұхбат», «Үш белес», «Талайлы Тараз» повестері мен әңгімелері, эсселері мен романдары, әдеби-философиялық, публицистикалық жинақтары, «Абылай хан»-тәуелсіздік алған қазақ елінің жаңа әдебиетінің төлбасы туындысы, халықтық қаһармандық драмалық дастаны оқырмандарға жақсы таныс.

Л.Н.Толстой, К.Гоци, Г.Мопассан, Г.Ибсен, А.Чехов пен И.Буниннің бірқатар туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен.

Немістің «Фольк унд Вельт» кітап баспасы жүргізілген сауалнама хаттамасында оның есімі «20 ғасырдың таңдаулы жазушылары» тізіміне енгізілген.

«Үркер», «Елең-алаң» романдар циклі үшін 1986 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Құрмет Белгісі» орденінің, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2003).

Кез-келген жазушының алғаш қадамын өлең жазудан бастайтыны мәлім. Оның себебін жан сырын лирикамен жеткізуді көздесе, екінші себебі екі ауыз өлең құрау жыр сүйген қазақтың қанына сіңген өнер болса керек. Ә.Кекілбаевтың да 1962 жылы шыққан «Алтын шуақ» 1999 жылы шыққан «Дүние ғапыл» жыр жинақтарына қарап осы сырды аңғарамыз.

Оның лирикалық өлеңдері қазақ халқының басынан өткен (20 ғасырдағы) ірі-ірі тарихи оқиғаларды сезіне білген ақынның ой толғанысын білдіреді.

Қаламгер тарихи тұлғаны сомдағанда, өзі сіреттеп отырған оқиғасына сай, тарихи оқиғалардың хронологиялық уақытын сақтап, әрекет үстінде, тарихи тұлғаның өміріне қатысты оқиғаларды бөліп-бөліп суретттеген тұстары бар. Тарихи тұлғанының образын жасауда көркем шығармалары мен зерттеу мақалаларындағы ойлары бірін-бірін толықтырып, оқырманға ой тастап, ой қосады, екеуін жарыстыра береді. Бұл-жазушы шығармашылығын түсінудің, ұғынудың кілті. Қортындыны оқырманның өзіне қалтырады.

Ә.Кекілбаевтың және сол шамалас жас ұрпақтың балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыркезеңімен тұтас келгені белгілі. Сол кезеңнің ауыр шындығы ақын ойында, сезімінде орнығып қалғанын оның алғашқы өлеңдері анық байқатады. «Сол жылдар әрі жадымда», «Танктер», «Әйел күлкісі», «Біздің бала шағымыз», «Қарындасым Нұрғайша», «Жүректе әлі жатыр мұң» өлеңдері сұрапыл соғыс салған ауыртапшылықты шынайы бейнеледі.

Соңғы жылдары негізінен, басқа жанрға (проза, драматургия, публицистика) ауысқан жазушының кейде өзінің ой толғамдарын өлең арқылы танытуы оның көкірегіндегі ақындық сезімінің ұшқыны екені даусыз.

Ә.Кекілбаевтың проза саласындағы алғашқы қадамы (Бір шөкім бұлт) (1966), «Дала балладалары» (1968) кітаптары арқылы көрініп орнықты. Бірсапыра әңгімелері мен повестері «Құс қанаты» (1978) кітабына енді. Оның аталмаған шығармалары кезінде сыншылар мен әдебиет зерттеушілердің назарына ілікті.

Жазушының әңгіме, повестерінде адамдар арасындағы адамгершілік, моральдық мәселелер көтерілген. Жазушы тосын орта, тосын оқиға іздеп «әуре болмайды, күнделікті өмірде болып жатқан жайттарға терең үңілу нәтижесінде заман, адам, оның тіршілігі жайлы философиялық түйін жасайды. Оның заманнан қалған адам бойындағы тән жарасы мен жан жарасы, қазақ ауылының кешегі тұрмысы, бүгінгі қала қазақтарының тыныс-тіршілігі сынды мәселелер қозғалады.

Әбіш Кекілбаев драматургия жанрына да біршама үлес қосты. Оның әлем әдебиетінен тәржамалған драмалық туындылары қазақ театрларында ана тілінде сөйлеп, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген.

Алғашында ақын, кейін сыншы болып танылған Ә.Кекілбаев қазақ әдебиеті сынының қалыптасып, дамуына да біршама үлес қосты. Оның «Дәуірмен бетпе-бет» (1972), (Әебиет әлемі, өнер өрісі» (1999) кітаптарына енген сын, рецензия мақалалары-осы тұрғыдағы еңбегінің жемісі. Сыншының негізгі жетістігінің бірі-ақын-жазушылардың әдеби портретін жасаудағы шеберлігі. Оны біз сыншының Т.Әлімқұлов, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов шығармалары жайлы пікірлерінен танимыз.

Сыншы қазақ әдебиетінің бүгіні мен келешегіне немқұрайлы қарай алмайды. Бүгінгі қол жеткізген табысымыздың төркінін, шыққан тегін сөз ету-оның қаламына тән ерекшелік. Қазақ әдебиетінің қол жеткізген табысымыздың төркінін, салыстыру негізінде ғана көрсетеді. Ә.Кекілбаев терең ойлы, сындарлы сын, рецензияға мақалалары қазақ әдебиеті сынына қосылған үлес.

Ә.Кекілбаевтың публицистикалық еңбегінің бір саласы-сапарнамалар. Бұлардың да тірге тиек етерлік өзіндік ерекшеліктері мол. «Ұя мен жебе» (1968ж), «Ақ желкен» (1999ж), «Тырау-тырау тырналар» (1984), (Ұйқыдағы аурудың оянуы» (1975ж), осы атты кітаптарының жазылу стилі бір. Ол әрбір елдің, жердің, бүгінін айту үшін оның тарихына үңіліп, өткені мен бүгінін салыстыруға, жер-су атауларына қатысты аңыздар мен нақты болған әрбір елдің экономикасына, географиясына, мәдениеті мен өнеріне, тарихы мен әлеуметтік жағдайына терең үңіле біледі. Он екі томдық шығармалар жинағының 8, 9-томына кірген (Толғау тосқан тарих», «Ғасыр өтіп барады...» атты мақалалар оның публицистикасының екінші қырын ашар дүниелер. Осындағы «Әйтеке би», «Жәнібек тархан жайлы» мақалаларының орны бөлек. «Тұла бойы тұңған жұмбақ жан» арабтың «Бейбарыс» халықтық романының С.Әбдірахманов аударған қазақша баламасына алғы сөз ретінде жазылған. Мұнда 1968 жылы жазылған сапарнамадағы ойлар жаңа қырынан толыға түскен. Автор романда келтірген деректердің шындыққа қаншалықты үйлесетінін зерттеуге тырысқан.

Ә.Кекілбаев өтте іздемпаз жазушы. Ол өзінің әр бір жазбаларына биік талап қойып, биік деңгейден көріне біледі. Ғылыми зерттеу негізінде жазылған әрбір мақала өз ғылымилығымен құнды. Қаламгер өзін көп толғантқан, шешімін тапқан өзекті мәселелерге қайта-қайта оралып отырды. Оны Әбілқайыр хан, үш би (Қазыбек, Төле, Әйтеке), сұлтан Бейбарыс жөніндегі жазбаларынан көруге болады.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Кекілбаев-қазақ әдебиетінің поэзия,проза, драматургия, сын, публицистика, аударма жанрларына бір кісідей үлес қосқан қарымды қаламгер. Оның поэзия жанрындағы алғашқы ізденістерінен бастап,соңғы жылдары жазылған сыршыл лирикасы, әңгімесі, повестері, романдары, қазақтардың кешегі,бүгінгі өмірі жайында терең сыр шертеді. Оларда жасалған тарихи тұлғалар мен біздің замандастарымыздың толымды бейнесі оқырмандар талапынан үлкен қызығушылық танытуда. Оның тілінің құмға да, тасқа да тіл бітірген образдылығы, елі мен жерін сүйген отаншыл (патриот) азаматтың бүкіл шығармашылығының қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігін негізгі идея ұсынуы да қолдау табуда.

20 ғасырдың екінші жартсындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Әбіш Кекілбаев.Алғашқы жыр жинағынан елді елең еткізген қаламгер бар күш- жігерін қазақ елінің бүгіні мен болашағы үшін жұмсап келеді. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, 1992 жылы Қазақстан және келісім сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанған ол-халқының абыройлы перзентінің бірі. Таяуда тәуелсіз еліміздің рухани көркем ой-санасын және қоғамдық –мемлекеттік үрдістерін қалыптастырудағы, дамытудағы, өркендетудегі ұшан-теңіз суреткерлік, әрі қайраткерлік еңбектері үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сөз өнерінің сардары, қазақ әдебиетінің саңлағы Әбіш Кекілбайұлына 70 жас толуына орай, оның ел дамуына қосқан айрықша үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.


Еңбектердің әліпбилік көрсеткіші


  • Кекілбаев Ә. Әлеуметтік бірлік пен ұлттық намыс керек. //Астана.-2007.-6.-б.36-41.




  • Кекілбаев Ә. Асқар таудай абырой: Байкен Әшімов туралы. //Егемен Қазақстан.-2007.-19 қыркүйек.




  • Кекілбаев Ә. Билік десе әкесін, байлық десе бабасын сататындар бұрын да болған, қазір де бар. //Айқын.-2009.-5 желтоқсан.




  • Кекілбаев Ә. Кемел: Мұхтар Әуезов-110 жыл.//Егемен Қазақстан.-2007.-28 қыркүйек.




  • Кекілбаев Әбіш. Дала балладалары.- Т.2 : Повестер. -Алматы: Жазушы, 2001.-232 бет.



  • Кекілбаев Әбіш. Дала балладалары.-Т.1: Аңыздың ақыры:Роман.Қуй.Повесть.- Алматы:Жазушы, 2001.-248 бет.




  • Кекілбаев Ә. Билік десе әкесін, байлық десе бабасын сататындар бұрын да болған, қазір де бар. //Айқын.-2009.-5 желтоқсан.


Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер


  • АбдрахмановС.Сардар.Ділмар.Елдар: Әбіш Кекілбаевтың

мәдениеттанушылығы туралы ойлар.

//Егемен Қазақстан.-2009.-18 тамыз.



  • Айтөрин А. Ел мен Ер: жазушы Ә.Кекілбаев "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. //Ана тілі.-2009.-10-16 желтоқсан.

  • Алаштың Әбішіне "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. //Қазақ.-2009.-11-18 желтоқсан.

  • Ақтабан шұбырынды және Әбілқайыр хан: тарих. //Таң-Шолпан.-2009.-4.-б.45-57.

  • Әблезұлы Қ. Тарих тағылымы және суреткер: Ә. Кекілбаев туралы. //Қазақ әдебиеті.-2009.-14 тамыз.

  • Дүйсенбаева Ж. Баймағанбет Сұлтан: (Ә Кекілбаевтің "Шандоз"тарихи-баяны бойынша талдау). //Ұлағат.-2008.-5.-б.27-34.

  • Дүйсенбайұлы Е. Парасат: Әбіш Кекілбаев туралы сөз. //Ана тілі.-2009.-9 сәуір.

  • Дүйсенбаева Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тағылымы.-Алматы: Арыс , 2007.-296 бет.

  • Ең бақытты күн: Әбіш Кекілбаев-70 жас. //Қазақ .-2009.-4 желтоқсан.

  • Жолдасбеков М. Бір өзі бір әлемге айналды. Жазушы Ә.Кекілбаев туралы. //Егемен Қазақстан.-2009.-8 желтоқсан.

  • Жүсіп Қ. Әбіштің бір әңгімесі жайлы ой. //Ана тілі.-2009.-3-9 желтоқсан.

  • Жүсіп Қ. Әбіштің таңғажайып хикаяттары: Әбіш Кекілбаев туралы. //Жұлдыз.-2009.-11.-б.112-128.

  • Жолдасбеков М. Әулие: немесе Кекілбаев феномені туралы толғаныс. //Егемен Қазақстан.-2009.-16 қантар.

  • Ибрагимова Ж. "Аңыздың ақыры"- философиялық роман:Ә.Кекілбаев шығармашылығынан. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2009.-5.-б.80-84.

  • Ибрагимова Ж. Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы образдар жүйесі. //Қазақстанның ғылыми әлемі- Научный мир Казахстана.-2008.-2.-б.140-144.

  • «Қазақта осындай азаматтар көп болса екен!» Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Ә.Кекілбаевқа «Қазақстан Еңбек Ері» ата,ы берілді. //Егемен Қазақстан.- 2009.-8 желтоқсан

  • Кекілбаев Ә.// Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9- том.- Алматы, 2005.-б.998.

  • Майтанов Б. "Аңыздың ақыры": мекеншақ пен семиозис: Әбіш Кекілбаев-70 жас. //Қазақ әдебиеті.-2009.-15 желтоқсан.

  • Медетбек Т. Шыңырау: жазушы Әбіш Кекілбаев туралы. //Егемен Қазақстан.-2009.-25 тамыз.

  • Нұрғалиева М. Кекілбаев романындағы фразеологиялық

  • синонимдердің стильдік ерекшеліктері. //Ақиқат.-2009.-№ 9.-б.97-100.

  • Нирабаев С. Суреткер: Әбіш Кекілбаев-70. //Егемен Қазақстан.-2009.-24 шілде.

  • Өтениязов С. Ә.Кекілбаев зерттеулеріндегі қазақ билері. //Ана тілі.-2009.-20-26 тамыз.

  • Өтениязов С. Әбекең жазған тарихи тұлғалар: Әбіш Кекілбаев-70 жаста. //Таң-Шолпан.-2009.-4.-б.35-44.

  • Парасат биігінде: Әбіш Кекілбаев туралы. //Егемен Қазақстан.-2007.-31 қараша.

  • Кекілбаев Ә.// Тарихи тұлғалар. -.Алматы ,2006.-376 бет.

  • Төлеуғалиұлы Б. Қаршадайынан танылған қыран: Көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлы туралы бірер сөз. //Қазақ әдебиеті.-2009.-3 шілде.

Құрастырушы: Казиканова А.К

ақпараттық-библиографиялық бөлім

К читателям

Предлагаемый вашему вниманию рекомендательный указатель посвящен 70-летию со дня рождения А. Кекильбаева, видного общественного деятеля и народного писателя Республики Казахстан.

В указателе представлена биография писателя, краткий обзор творчества, список произведений А. Кекильбаева и литературы о нем, имеющиеся в фонде научной библиотеки СКГУ им. М.Козыбаева.

Указатель предназначен для преподавателей, студентов, а также для широкого круга читателей.



КЕКИЛЬБАЕВ АБИШ
«Проза А.Кекильбаева помогает

нам серьезно и вдумчиво смотреть

на жизнь, взывает к размышлению,

к глубоким обобщениям, приковывает

наше внимание к неразрывной,

диалектической связи времен -

прошлого и настоящего»

Г.Бельгер
Родился 6.12.1939 года, в ауле Онды Мангыстауской области. Писатель, государственный и общественный, деятель, народный писа­тель Казахстана (1992г.), заслуженный деятель культуры Кыргызстана (1995г.). Окончил КазГУ (ныне КазНУ имени аль-Фараби) в 1962 году.

В 1962-65гг. - литературный сотрудник, заведующий отделом газеты «Казақ әдебиет», «Лениншыл жас»;

1964 г. по 1968г. - член репертуарно-редакционной коллегии Министерства куль­туры КазССР;

1970г. по 1975г. - главный редактор киностудии «Казахфильм»;

1975г. по 1984 г.- инструктор отдела культуры, заведующий сектором;

1984-86 гг. - заместитель министра куль­туры КазССР;

1986 г. по 1988 г.- 2-й секретарь правления СП Казах­стана; 1988-89гг. - председатель прези­диума Центрального Совета казахского общества охраны памятников истории и культуры; 1990 г. - заведующий отделом ЦК Компартии Казахстана;

1991г. - председатель комиссии по национальной политике, развитию культуры и языка Верховного Совета КазССР;

1992-93гг. - главный редактор газеты «Егемен Казахстан»; 1993-94гг. - Государственный советник;

1994-95гг. - Председатель Верховного Совета РК;

1996 г. - депутат Мажилиса Парламента РК, председатель комитета;

1996-2002 гг.- Государственный секретарь РК, с февраля 2002 г. депутат Сената Парламента РК.

Первая книга стихотворений «Золотые лучи» вышла в 1962 г. Были изданы сборники повестей, рассказов «Клочок тучи» («Бір шөкім бұлт», 1966), «Степные баллады» («Дала балладалары»,1968), «Журавлики, журавлики» («Тыpayтырау тырналар», 1973), «Горсть земли» Бip уыс топырак», 1974), романы «Конец легенды» (1979), «Плеяда — созвездие надеж­ды» (1981), «Колодец» (1982), «Предрассветные сумерки» (1984, Государственная премия КазССР, вместе с романом «Плеяда - созвездие надежды»).

Кекильбаевым на­писаны поэмы, сборник литературно-критических статей «Лицом к лицу со временем» (1972).

Он перевел на казахский язык романы Ги де Мопас­сана «Пьер и Жан», «Жизнь», ряд произведений И.Бунина, повесть

Ч. Айтматова «Ранние журав­ли»; принимал участие в переводе романа-эпопеи Л.Н. Толс­того «Война и мир».

Автор из­дания — «Дуние ғапыл» (1999), «Дала балладалары» («Степные баллады», 2 т., 2001), «Қазак классикасы сериясы» 12-том­ный сборник произведений (1999).

Лауреат Государственной ппремии (1987), Президентской премии мира и духовного согласия (1995). Награжден орденом «Отан», «Знак Почета». В 2004 г. получил «Ор­ден Первого Президента Рес­публики Казахстан».

В 2009 году, к 70-летию А.Кекилбаеву за заслуги перед государством, особый вклад в развитие культуры и литературы, присвоено высокое государственное звание «Қазақстанның Енбек Ері».

Абиш Кекилбаев - выдающийся мастер казахской словесности. Но его всегда манила не столько историческая конкретика, сколько символика. Его излюбленный жанр — баллада. Наполненная поэ­зией, романтическая, переключающая обыденное измерение в метафо­рическое, экзистенциальное, философское.

Надменный туркменский вождь Жонеут («Состязание») мог в бе­шенстве на соседей-казахов, угнавших табун, покарать захваченного в плен домбриста - кюйши и закопать его по горло в землю. Однако лютая месть, против ожиданий, не принесла желанного ощущения торжества. Мелодии казненного кюйши продолжали звучать и в окрестных аулах, и, что хуже всего, в душе вождя, растравляя ее, пробуждая, недостойную непреклонного воина и хранителя, завещанных предками устоев, волну сострадания.

И покоривший полсвета, державший в узде целые народы, Повелитель («Конец легенды») тоже смущен, выбит из колеи неподконтрольной ему славой зодчего, воздвигнувшего в ханской ставке невиданной кра­соты минарет.

И опять навеянное притчей состязание, соперничество правд. То от­крытый, то уходящий в подтекст спор об истине, о смысле свершений, о предназначении человека на этой земле.

Ослепив мечтательного, не от мира сего, молодого зодчего, всемогущий Повелитель выказал нрав, но не превосходство. Взметнувшаяся в небо легкая, играющая красками, башня изо дня в день вопрошала его. Она наводила на мысль о тщетности опустошительных походов, морей крови, гипнотического воздействия страха, взывая к ценностям, над которыми не властны ни меч, ни пики, ни раболепие толпы. Незрячий зодчий пред­ставал прозорливцем, а его палач - слепцом, блуждающим в потемках ненависти, подозрительности, необузданных инстинктов.

Красота в балладах Кекилбаева спасает не человека, но дает шанс чело­вечеству. Искусство кюйши, дар зодчего - здесь тоже власть, но не унижаю­щая, не топчущая, а окрыляющая людей.

Философская концепция Абиша Кекилбаева поразительно актуальна, обращена в будущее.

Герой романа «Уркер» и «Елен-алан» хан Абулхаир старается в непростых условиях сохранить нацию. Примечательна фигура аксакала Мати, который привиделся или приснился хану. Почтенный Мати превращается то в тигра, то в громадного безжалостного волка, то в рыжую лису. При этом говорит: «Когда-то казахи были свирепыми, как тигры, и все их боялись, были времена, когда они были гордыми и свободными, как волки, приходилось им превращаться и в многомудрых лис». То есть лейтмотивом в романах проходит мысль о том, что там, где есть ум, есть место и терпеливому ожиданию.

Все произведения А.Кекилбаева, будь то художественная литература, публицистика, пронизаны вопросом о нравственной цене человеческого счастья, выявления лучших возможностей человеческой натуры.

Произведения А.Кекильбаева

Книги:

Кекилбаев А. Баллада забытых лет: Роман и повести. - М.:

Известия, 1979.-446 с.
Кекилбаев А. Баллада степей: Повесть. - М.: Мол. гвардия,

1975.-271 с., илл.


Кекилбаев А. Всполохи: Ист. роман.- Алма-Ата: Жалын,

1991.-576с.


Кекилбаев А.. Конец легенды: Роман.- Семей: Междунар.

клуб Абая, 2006.- 278 с.


Кекильбаев А. Мартовский снег: Повести, рассказы / Пер. с

каз. Г.Бельгера. - Алма-Ата: Жазуши, 1985.-264 с., илл.


Кекильбаев Абиш. Минарет: Роман. //Простор.-1979.- №1.-

С.54-168


Кекильбаев А. Плеяды - созвездие надежды: Роман..-Алма-

Ата: Жалын, 1987.- 480 с.


Кекилбаев А.. Степные легенды: Роман и повесть /Пер. с

каз. А.Кима.- М.: Русская книга, 2003.- 352 с.

Кекилбаев А. Романы, повести, рассказы, драма, статьи в

6-ти томах.- Алматы: Жазушы, 2001.

Т.1: Повести, статьи.-472 с.

Т.2: Роман, повести, статьи, рассказы.-472 с.

Т.3: Роман, статья.-496 с.

Т.4: Роман, драма, путевой очерк, статья.-464 с.

Т.5: Роман, путевой очерк, статьи.-488 с.

Т.6: Статьи.-408 с.



Статьи:

Кекилбаев А. В будущее - единой поступью поколений: Гос.

секретарь подводит итоги года единства и преемственности поколений. //Каз. правда.-2000.-15 января.

Кекильбаев А. Высокая миссия: Кровь и пот нашей истории: О современном состоянии казахской литературы. //Централ Азия Монитор.-2008.-№ 25.-20-26 июня.


Кекилбаев А. Единство поколений - залог будущего: Речь

на организационном заседании Госкомиссии по проведению Года единства и преемственности поколений. //Каз. правда.-1999.-13 марта.


Кекилбаев А. Заботясь о духовном возрождении, мы работаем и на будущее: Год поддержки культуры. //Каз. правда.-2000.-5 мая.

Кекилбаев А. Могучие древо, поднявшее пласт веков: 60 лет каз, писателю Мухтару Магауину. //Каз. правда .-2000.-12 февраля.


Кекилбаев А. Отечественная история - источник духовного возрождения. //Каз. правда.-1998.-7 июля.
Кекилбаев А. Покоритель Вселенной: Памяти Ч.Айтматова.

// Каз, правда.- 2008.- 14 июня


Кекилбаев А. Путь к призванию и признанию: К 60-летию

Д.Досжана, известного казахского писателя. //Каз. правда.-2002.-9 августа.

Кекильбаев А. Скрывая беду, не увидеть победу: (О современ. каз. романе). //Лит. газ.-1982.-10 ноября. - с.5.
Кекильбаев А. Слово утешающее и наставляющее: современная казахская литература. //Каз. правда.-2008.-13 июня.
Кекилбаев А. Слово об Ауэзове. //Каз. правда.-1997.-30 сентября.

Кекилбаев А. Суровое испытание накануне перемен: К 10-летию декабрьских событий 1986 года в Алматы. //Каз. правда.-1996.-12 ноября.

Кекилбаев А. Сын века. //Каз. правда.-1997.-8мая.
Кекилбаев А. Учитель, перед именем твоим. К 125-летию

дня рожд. А.Байтурсынова. //Каз. правда.-1998.-15октября.


Кекильбаев А. Феномен Чингиза Айтматова: 70-летие со

дня рождения. //Каз. правда.-1999.-29 мая.



Список публикаций о нем:
Аманшаев Е. Онтология одиночества: о творчестве

А.Кекилбаева. //Центральная Азия.-2009.-№ 4.-10 сентября.


Аспандиярова А. На рубеже Веков и тысячелетий: Выступление Кекилбаева А. на первом заседании Госкомиссии по торжественной встрече третьего тысячелетия. //Каз. правда.-1999.-27 апреля.

Бельгер Г. Постигая магию легенд.: Печать ГДР о творчестве А.Кекильбаева. //Простор.-1984.-№ 3.-С.203-205.


Григорьева Л.А. Роман А.Кекильбаева «Плеяды-созвездие

Надежды». //Русский язык и литература в казахской школе.-2001.-№ 3.-С.34-41.


Для пространства духовности нет границ. /Беседа с гос.

секретарем РК, писателем А.Кекильбаевым./. //Нива .-1998.-

№ 1.-С.3
Джуанышбеков Н. Абиш Кекильбаев: Очерк жизни и творчества.- Алматы, 2004.-72 с.
Исабеков Д. Доброе время дебюта: Абишу Кекилбаеву 70

лет. //Центральная Азия.-2009.-21-27 августа.

Истории связующая нить: Госсекретарь РК Абиш Кекилбаев подводит итоги Года народного единства и нац. истории

//Каз. правда.-1999.-6 января.


Кадыров Б. Герой труда-герой народа: К юбилею народного писателя А. Кекилбаева. //Каз. правда .-2009.-8 декабря.
Кекильбаев Абиш: [Краткая биогр.] //Казахстан: Нац. энцикл. /Гл. ред. Б.Аяган.- Алматы, 2005.- Т.З.- С.198.
Кекильбаев Абиш: [Краткая биогр.] //Казахстан: Нац. энцикл. /Гл. ред. Б.Аяган.- Алматы, 2005.- Т.З.- С.198
Никитин В. Подлинные истории человеческих страстей: О

книге А. Кекилбаева "Баллады забытых лет". //Центральная Азия.-2009.-4-10 сентября.


Кекильбаев Абиш: (Краткая биогр.)// Ашимбаев Д. Кто есть кто в Республике Казахстан: Биогр. энцикл.- Алматы , 2006.-с.385
Кекильбаев Абиш: [Краткая биогр.] //Казахская ССР. Краткая энцикл.: В 4 т. /Гл. ред. Р.Н.Нургалиев.- Алма-Ата, 1991.-Т.4.-с.310.
Культура - главное условие духовного развития общества:

Выст. Абиша Кекилбаева. //Каз. правда.-2000.-17 февраля.

Курманова А. Абиш Кекильбаев - выдающийся просветитель.

//Мысль.-2007.-№ 2.-С.21-26.


Муминов С. Конец легенды: Роман А.Кекильбаева в контексте мировой художественной литературы. //Мысль .-2006.-№ 9.-С.66-70.

Никитин В. Подлинные истории человеческих страстей: О

книге А. Кекилбаева "Баллады забытых лет". //Центральная Азия.-2009.-4-10 сентября.

Нурпеисова Ш. Побежденные и "победители": (Заметки о

творчестве каз. писателя А.Кекильбаева). //Дружба народов.-1983.-№ 9.-С.224-250.
Нурпеисов А. Слово о Кекилбаеве. //Центральная Азия.- 2009.-4.-10 сентября.
Сарсекеева Н. Проза Абиша Кекилбаева: К 70-летию народного писателя Казахстана. //Мысль.-2009.-№11.-С.49-54.
Сулейменов О. Слово об Абише Кекилбаеве. //Каз. правда.-2009.-14 декабря.

Подготовила: Макаренко О.М.

Информационно-библиографический отдел
Ответственная за выпуск: Нурпеисова К.Н.

Заведующая библиотечным комплексом







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет