Партиялық құрамы: 1. Солшыл партиялар 222 орын алды.(барлығы 518 орын болатын) яғни 43 пайыз. 2. Социал-демократтар -65 орын (12,5 пайыз) Сондықтан да ІІ Дума 1907 ж. 3 маусымда таратылған болатын. ІІ Мемлекеттік Думаның таратылуы бірінші орыс революциясының аяқталуы болды. Россияның либералдық буржуазиясы революцияның лидеріне айнала алмады, нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Оның басты себебі орыс буржуазиясының саяси тұрғыдан қалыптасуы кейін басталды және көп жағдайда самодержавилық билікпен ауыз жаласып отырды.
Эсерлер партиясы: 15 мыңдай. Олар өздерінің социалистік революция жолындағы күресте негізгі қозғаушы күш шаруалар деп есептеді. Күрестің негізгі формасы етіп жеке террорды қолданады. 1902-1911 жж. аралығында 200 –ден астам терррорлық актлер жүзеге асырылды.
Социал-демократиялық партия РСДРП. Революция қарсаңында оның құрамында 14,2 мыңдай большевиктер, 12,5 мыңдай меньшевиктер болды. 1906 ж. көктеміне қарай большевиктер саны 30,8, ал меньшевиктер саны 24,5 мыңға дейін көтерілді. Революция барысындағы большевиктердің негізгі стратегиялық бағыты революциядағы пролетариат гегемондығы туралы бағыт болды. Пролетариат еңбекші шаруалармен одақтаса отырып және буржуазияны бейтараптаныдыра отырып, самодержавияны құлатып, әуелі демократиялық республиканы жариялап және содан кейін буржуазиялық демократиялық кезеңді социалистік кезенмен ауыстыру міндетін қойды.
Меньшевиктердің көзқарасы басқаша болды. Олар пролетариатты революцияның белсенді қозғаушы күші дегенмен, алайда революция лидері буржуазия болуы керек деп есептеді.
РСДРП 1898 ж. Минскіде І съезін өткізді.
РСДРП 1903 ж. Лондонда ІІ съезін өткізді
РСДРП 1905 ж. ІІІ съезін өткізді. ІІ съезде «большевиктер мен меньшевиктер» болып екіге бөлінді. Сондықтан ІІІ съезд большевиктер Лондонда өткізді, ал меньшевиктер Женевада конференция шақырды. Бұл тарихи оқиға туралы В.И.Леннинің «Социал-демократияның демократиялық революциядағы екі тактиксы» деген еңбегімен танысуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |