Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы



бет181/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   194
Тақырыбы: Ресей Федерациясының сыртқы саясаты.
1.Сыртқы саясаттағы негізгі басым бағыттар.

1. КСРО-ның күйреуі екі әлеуметтік-экономикалық жүйе мен әскери-саяси блоктың глобальдық деңгейдегі қарама-қарсы күресінің соңғы кезеңінің аяқталуы болды. «Постқырғи-қабақ» дәуір деп аталған жаңа геосаяси кезең басталды. Екі полюсті әлемнің жойылуына байланысты халықаралық қауымдастықтағы геосаяси күштер конфигурациясы қандай форма алады деген өткір мәселе туындады.


Тарих сахнада КСРО мен социалистік елдердің әскери-саяси Варшава блогының жойылуы бір полярлық әлемдік құрылымды қалыптастырып, бірден-бір супер держава АҚШ пен бір ғана әскери-саяси блок НАТО үстемдік жасай бастады. АҚШ-тың өзінде «американдық ғасыр», «ерекше американдық миссия» деген идеялар қайта жанданып, глобальды саясаттың мазмұнына айнала бастады. Бұдан басқа екінші бір пікірді де ескере кету керек. Ресейдің ядролық потенциалы және ХХІ ғасырдың басында әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын елдердің нығаюы көпполярлы әлемді қалыптастырады
КСРО-ның күйреуі евразиялық кеңістіктегі геосаяси ахуалды өзгертті.
КСРО территориясында қалыптасқан егеменді мемлекеттер халықаралық қауымдастықта өз сыртқы саясатының бағыттары мен мазмұнын анықтауда. Бұрынғы КСРО-мен көршілес елдерде: Шығыс және Орталық Европа, Қытай, Түркия. Иран, Скандинавия елдерінде геосаяси жағдай өзгерді. Осыған байланысты жергілікті күштер арасалмағы өзгеріп, көп нұсқалы қатынастар қалыптаса бастады. Ашық батыстық бағыт ұстанған елдер: Шығыс және Орталық европа елдері, Балтық маңы елдері және Біріккен Германияның Евроодақтағы позициясының күшеюімен қатар өзіндік дара саясат ұстанып отырған Франция, германия, италия сияқты елдер бар. Бұл елдердің АҚШ-тың мүдделерінен өзге өзіндік геосаяси мүдделері бар. Бұл әрине АҚШ позицицясын әлсіретеді.
АҚШ әлемдік қаржы-экономикалық пирамиданың төріндегі бірден-бір мемлекет емес.Онымен қатар жеті дамыған мемлекет бар: Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия, Жапония. Осы «жетілік» құрамында АҚШ үстемдік еткенмен, әрбір елдің принципиалды мәселелер бойынша өз пікірлерінің бар екендігін ескеру керек.
Көп полярлы әлемнің күш алып, қарқындап келе жатқандығын басқа факторлардан да көруге болады. Азиялық-Тынық мұхиттық аймақта (АТР) Жапония, қытай, Австралия, Жаңа Зеландия, Тайвань, Оңтүстік Корея, Сингапур өздерінің экономикалық қуаты жағынан ұлттық өнім қоры (ВНП) АҚШ-пен Евроодақ үлесіне тең. Ғылыми болжам бойынша болашақ онжылда бұл аймақ әлемдік ұлттық қордың 50%-не ие болады. Қытай әлемдік қауымдастықтағы жеке-дара күшке айналып отыр. Жапония экономикалық даму тұрғысынан АҚШ-ты қуып жетті. Әлемдегі 100 ірі банктің 29-ы жапондықтардың банктері, бұл Америка, Франция, Германия банктерін қосып алған деңгейден де жоғары.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы-АСЕАН-құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Брунея кіретін субаймақтық саяси-экономикалық ұйым болып есептеледі. Ядролық қаруы бар Үндімстан, Пәкістан өз алдына бөлек бір күш, оған қоса Иран, Араб елдері және Латын Америкасы елдері бар.Геосаясатта осы аталған аймақтардың жеке-дара саясат ұстана алатындығына күмән келтіруге болмайды.
Ресейдің сыртқы саясаттағы ұстанып отырған ресми доктринасы «көп полярлық» концепция болып есептеледі. Бүгінгі таңдағы әскери-саяси жағдайдың дамуында бір-біріне қарсы тұратын екі тенденция бар.
1.Бір полярлық әлем бір супер державаның үстемдігі және әлемдік саясаттың өзекті мәселелері әскери күшпен шешуге ұмтылу.
2.Халықтардың егемендігі мен теңдігін және мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің балансын қамтамасыз ететін, халықаралық құқық нормаларын мәселені шешудің негізі етіп алатын көпполярлы әлемнің қалыптасуы.
Ресей осы екінші тенденцияның күшеюіне күш салып отыр. АҚШ саясатына қарсы Ресей мен Қытай көпполярлы әлем туралы декларация қабылдады. Бұл идеяны Үндістан, Иран, Ирак және Тынық мұхиты аймағы елдері қолдап отыр.
КСРО-ның күйреуі Ресейдің геосаяси жағдайын әлсіретті. Бес миллион шаршы шақырым территоридан айрылды және Балтық теңізі жағалауына шығатын Калиниград нүктесі ғана қалды. Қара теңіз, Каспий, Балтық теңізі шельфтеріндегі ресурстарынан айрылды. 25 миллион орыстар басқа мемлекеттердің құрамында қалды.
Сібір мен Қиыр Шығыстағы экономикалық мүмкіндіктер жоғары болғанымен, бұл ауданда небары 8 миллион халық тұрады. Бүгінгі таңда бұл ауданда 2 миллиондай Қытай және Въетнам эмиграциясы бар.
Үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты Ресейдің сыртқы саяси бағыттары өзгерді. Біріншіден, Ресей Батыстың дамыған мемлекеттері қатарына кіру бағытын ұстанды. Екіншіден, ТМД елдерімен халықаралық нормалар негізінде қарым-қатынасты ұлғайту және ТМД жүйесін экономикалық-саяси бір организмге айналдыру басым бағыт болып отыр. Ресей инициативасымен ТМД шеңберінде Парламентаралық Ассамблея құрылды, ТМД Атқарушы Хекретариатының лауазымы енгізілді, ТМД Уставы қабылданды, Халықаралық экономикалық комитет құрылды, Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі құрылды. 1996 жылы наурызда Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей экономикалық және гуманитарлық саладағы ықпалдастықты тереңдету туралы Келісімге қол қойылды, сәуірде Ресей, Белоруссия Достастық келісіміне қол қойды.
2001 жылы Евразиялық экономикалық қауымдастық (ЕврАзЭс)құрылды. Бұған Ресей, Белоруссяи, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан кірді. Кейін оның құрамына Молдавия мен Украина кірді. Экономикалық ықпалдастық нәтижесінде Ресейдің тауар айналымы 5 пайызға өсті. Экономиканың жандануы мәдени байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазақстанда, Украинада Ресей мәдениет күндері, Ресейде Қазақстан, Молдавия жылдары өткізіліп, ғылыми, гуманитарлық саладағы байланыстар нығайтылды.
ТМД территориясында бейбітшілікті сақтау мақсатында Мемлекетаралық аймақтық Ұйым құрылды. 2002 ж. Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі құрылды, оған Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан ,Қырғызстан, Таджикистан кірді. Кеңес мүшелері өзара қарым-қатынастың құқықтық базасын даярлап, әскери-техникалық байланыстың механизмін анықтап ТМД елдері Ресейдің сыртқы саясатында басым бағыттардың бірі.
Ресей ұсынысы және Пекиннің қолдауымен 2001жылы Ынтымақтастықтың Шанхай ұйымы (ШОС) құрылды. Бұл ұйымға Ресей,Қазақстан,Қырғыстан, Таджікстан, Өзбекстан кірді. ШОС өзара байланысты нығайтып аймақтағы тұрақтылықты қамтамассыз етуді және жаңадан туындайтын қауіп пен қарама-қайшылықтарды шешуді қамтамассыз етеді. ШОС шеңберінде аймақтық антитеррорлық құрлымның Бішкекте штаб-квартирасы құрылды. ШОС Хатшылығы Пекинде орналасқан. ШОС әлемдік саясаттың ықпалды факторына айналды.
Азия аймағындағы саяси белсенділікпен қатар Ресей Батыс пен қарым –қатынасын реттеуге ұмтылды.Европалық Одақпен және НАТО мен әріптестік қатынастарды дамыту сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі болды. Ресей-НАТО Кеңесі құрылды.
Ресей және қарым-қатынастарында да біраз өзгерістер болды. АҚШ әлемдегі жетекші әскери, саяси держава, Ресейдің мүмкіндіктері орасан зор. 2002 ж. екі ел арасында «стратегиялық қарым-қатынастар туралы Декларация» қабылданды, сөйтіп екі ел конфронтациялық саясаттан ықпалдасу саясатына көше бастады. 2002 ж. Ресей 8 мемлекеттің толық мүшесі болды. 2006 ж. сегіздік отырысы Ресейде өтті.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет