2сұрақ: 1992-1999 ж.ж. Ресей президенті Б. Н.Ельцин болды. 1999ж. 31 қаңтарда Ресей азаматтарына жаңа жылдық үндеуінде өзінің отставкіге кететіндігін жариялады. Конституцияға сай президент міндеті Үкімет Төрағасы В.В.Путинге берілді.
Осы оқиғалардың алдында баспасөзде В.В Путиннің « Ғасырлар тоғысындағы Ресей » деген мақаласы жарияланған болатын. Бұл мақалада Ресейдің өткені мен қазіргі кезендегі міндеттері айтылды. В.В Путиннің пікірі бойынша ең басты міндет-Ресей қоғамын біріктіру болатын. Әр түрлі саяси және экономикалық күрестердің нәтежиесінде саяси жағынан әлсіреген Ресей қоғамын әр азаматтың өз ырқымен таңдауы арқылы ғана біріктіріп , бекітуге болады.
В.В Путин әсіресе мемлекеттілікті біріктіру мәселесіне көңіл аударды. «Ресейдің жаңарып, қайта түлеп өрлеуінің кілті-мемлекеттік –саяси сферада. Бүгін Ресей қоғамына мықты мемлекеттік билік керек және оған ие болу керек » деді. Осы ойын одан әрі нақылай түсе автор: «Ресейдегі мықты мемлекеттік билік дегеніміз- демократиялық, құқықтық, федеративтік мемлекет» деп көрсетеді.
Экономикалық проблемалар туралы тиімді экономиканы, әлеуметтік саясатты жүзеге асырып, халықтың тұрмыстық жағдайын тұрақты түрде көтеру деп түсіндіреді. Мақаланың аяғында Ресейдің бүгінгі өте ауыр кезеңі туралы мәселеге көңіл аударады. «Соңғы екіжүз, үшжүз жыл тарихта Ресей әлемдік мемлекеттер эшалонында екінші, үшінші орынға түсуде» дейді. Сондықтан барлық ішкі инеллектуалдық , рухани күштерді жұмылдыру осы кезеңнің басты міндеті деп көрсетеді
2002 ж.майда өткен Ресей президенті сайлауда, сайлаудың бірнші турында-ақ сайлаушылардың 52 % пайыздық дауысын алып В.В Путин Ресей президенті болып сайланды. Қоғамның барлық құрлымдарын жетілдіріп, қайта құру ісі басталды.
Президент пікірі бойынша 2000 жылы Ресейде конфедеративтік мемлекеттің белгілері қалыптасқан. Орталық биліктің әлсіреуі Ресей аймақтарында тиімді әлеуметтік –саяси және экономикалық курсты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан жаңа « билік вертикальін» құру маңызды міндетке айналды. Осы мақсатпен 2000 ж. мамыр айында РФ президентінің Үкімі бойынша Ресей территориясында 7 федеральдық округ құрылды.
Солтүстік-Батыс
Орталық
Приволжский
Оңтүстік
Орал
Сібір
Қиыр Шығыс
Бұлар жаңа әкімшілік бірлік немесе Федерация субьектісі емес. Әрбір округқа жергілікті органдардың қызметтерін жалпы Ресейлік заңдылық негізінде ұйымдастыруды, үйлестіріп отыру үшін президенттің өкілетті өкілдері жіберілді. Аймақтық құқықтық актілерді ( Конституциялар, заңдар , үкімдер) жалпыфедеральдық нормалармен үйлестіру жұмысы басталды.
Екіншіден Ресей Федеральдық Жиналысының Жоғарығы палатасы- Федерация Кеңесінің жұмысына өзгеріс енгізді. Федерация Кеңесінің жұмысына тұрақты негізде Республика ,аймақ облыс өкілдері кіріп тұрақты жұмыс жасады.
Үшіншіден, РФ президенті жаңынан кеңесші орган – Мемлекеттік Кеңес құрылды.
2000-2003ж.ж. Мемлекеттік Дума мен жоғарғы атқарушы билік органдарынң қарым-қатынасы өзгерді. Ельцин дәуіріне тән парламент пен президент арасындағы тартыс пен жан-жал жойылды. Думада центристік позициядағы пропрезиденттік көпшілік қалыптасты. 2000ж. Думадағы фракциялар «Единство», « Отечество- вся Россия», «Народный депутат», «Регионый России»осы көпшілік пропрезиденттік топта 235 мандатқа ие болды. Осының өзі президентке белсенді саясат жүргізуге мүмкіндік туғызды.
Ресей армиясына реформа жасау ісі басталды.2010ж. келісім негізіндегі армияны қалыптастыру жоспарланды, ІІМ-нің қызметінде де біраз өзгерістер болды. Мемлекеттік қауіпсіздендіру жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. 2003ж. Федеральдық қауіпсіздік жүйесіне Федеральдық шекара қызметі қайтарылды (ФПС) және Федеральдық салық полициясының қызметі өзгерді. Салық –фискальдық функциялар ІІМ-не берілді. Сот құқықтық жүйе жұмысына жаңалықтар енгізілд
3-сұрақ 2000 жылы Экономикалық даму және сауда Министрлігі «Ресей Федерацичсның ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары» деген құжат қабылдап, 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық саясатын стратегиялық басымды бағыттарын анықтады. Негізгі мәселе кезек күттірмейтін мәселелерді шешу болады.
Ресей Федерациясының криминалдық табыстарды заңдастыру әрекетіне қарсы шаралар деген заң шықты. 2001 жылы қарашада қаржы минстрлігінде жаңа орган-қаржы мониторингісінің комитеті деген құрылды.
2000 жылдың аяғында жаңа Салық және Кеден кодекстері қабылданды. Салық жүйесі 30-дан 13 пайызға дейін төмендетілді. Бұл Еуропадағы ең төменгі көрсетікш сондықтан «көлеңкелі экономикадағы» капитал реальды секторға көше бастады. Сырттан кіретін тауарларға кеден салығы төмендетілді.
2000-2003 жылдары мұнай, газ, электро энергетика, темір жол транспорты, тұрғын үй комуналдық шаруашылық салаларын басқаруды қайта құру шаралары белгіленіп жүзеге асырылды. Бәсекелестік ортаның құалыптасуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайып жаңа аталған салалардағы сапалы өзгерістерге әкелді.
2001 қыркүйекте Думада жаңа Жер кодексі қабылданып, жер меншігі құқығы және жерді сату-сатып алу механизмі анықталды. Аграрлық өнеркәсіп орындарына жеңілдік берілді. Жаңа кредит жүйесі қалыптасты.
2000- 2004 жылдары Ресей өнеркәсібінің «шикізаттық сипатына үкімет ерекше көңіл аударды. Экономиканың жетекші салаларын жаңа технологиялық ғылыми негізге көшіріп, стратегиялық міндеттерді шешудің жолдарын анықтау белгіленді. Әсіресе, Ресей ғылымының әлемдік үлгілері қалыптасқан салаларына көңіл аудару белгіленді.
Экономикалық саланы дамытудың жаңа принциптері өзінің алғашқы тиімділігін көрсете бастады. Мемлекеттік бюджет тұрақтанып қазына толықты. Бұл жағдай елдің дамуын тұрақты және қарқынды бағытқа көшіруге мүмкіндік берді.
Халық шаруашылығындағы оңды өзгерістер әлеуметтік саладағы саясатты күшейтуге мүмкіндік берді.
2000 жылдың аяғында жалақа, пособиелер, зейнетақы қордаланған қорлары қайтарылды. 2001-2004 жылдары бюджеттік сала қызметеркерлерінің жалақысы бірнеше есе өсті, пенсия көлемі өсті, азаматтардың нақты табыстары өсіп, жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жаңа Еңбек кодексі қабылданды, және зенесақы реформасын жүргізу үшін бірнеше заңдар әзірленді.
30 дәріс