Қажетті құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер. Параллелипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі – таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) тарахыны теңгеретін гірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін гірлердің массасына тең. Ол үшін:
таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгергеніңе көз жеткізіңдер;
таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және гірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек;
денені гірлермен теңгіріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы гірлердің жалпы массасын есептеңдер;