Бас сарапшы:
3.1. лауазымдық өкілеттіктері шегінде басшылықтың өзіне жүктелген міндеттері мен тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;
3.2. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары аппараттарымен, МТҚБ және оның бағынышты кәсіпорындарымен және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен іс-шараларға қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға;
3.3. Басқарманың басқа қызметкерлерінің демалысы, оқуы немесе науқастануы кезеңіне олардың міндеттерін атқаруға;
3.4. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағалары үшін литерлік рейстерді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3.5. мәжіліс залдары, мейрамханалар мен қонақ үйлер бойынша ақпараттық анықтамалық альбом дайындауға;
3.6. Басқарманың жұмыс жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептер жасауға;
3.7. іс-шаралар бойынша шығыстар сметасын және олардың орындалуы бойынша есептер дайындауға;
3.8. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының қабылдау бөлмелерін және мәжіліс залдарының жанындағы ВИП-бөлмелерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді бақылауға;
3.9. Басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестерге материалдар дайындауға;
3.10. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларының «VIP» залдарында іс-шараларға қатысушылар мен лауазымды тұлғаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, шай үстелдерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3.11. іс-шаралардың ілеспе және ізбе-із аударма жұмыстарын, сондай-ақ іс-шаралар бойынша материалдардың жазбаша аударма жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3.12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес іс-шараларға қызмет көрсету шеңберінде қызметтер (жұмыстар) көрсету және тауарлар жеткізу туралы шарттар дайындауға, іс-шаралар аяқталғаннан кейін төлем шоттарын дайындауға;