3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті: 3.1. Байқаудың І кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.
3.2. Байқаудың І кезеңінің тапсырмаларын дайындайды.
3.3. Байқаудың есебі мен ІІ кезеңге қатысатын жүлдегерлер тізімін дайындайды.
ІІ кезеңнің (облыстық және республикалық маңызы бар қала) өткізілу тәртібі
1. Облыс және республикалық маңызы бар қалалар бойынша әрбір аудан ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыдан қатыстырады
(3-4 сыныптан - 1 оқушы, 5-6 сыныптан - 1 оқушы, 7-8 сыныптан - 1 оқушы, 9-10 сынып - 1 оқушы). 2. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті: 2.1. ІІ кезең қатысушыларының тізімін бекітеді.
2.2. Байқауды өткізу үшін орталық алаңды (мектепті) дайындауды жүзеге асырады. Байқауды өткізуге арналған кабинеттер мен марапаттау рәсіміне арналған акт залын әзірлейді.
2.3. БАҚ-да, әлеуметтік желілерде, облыстық және қалалық білім басқармаларының сайттарында байқау туралы ақпаратты жариялайды.
2.4. Байқаудың әділдігін қамтамасыз ету үшін білім басқармалары CD/DVD дискіге жазылатын бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді.
2.5. Қазылар алқасының құрамын анықтайды. Қазылар алқасының құрамына «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалімдер және жоғары білікті әдіскерлер кіреді. Байқаудың төрағалары облыстық ішкі саясат, білім басқармасының өкілдері, басшылары және облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы болуы тиіс. Қазылар алқасының құрамына байқаудың осы кезеңіне қатысатын оқушылардың мұғалімдері кірмейді.
2.6. Байқаудың қорытындысы туралы хаттама әзірлейді және
ІІІ республикалық кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыдан анықтайды (3-4 сыныптан - 1 оқушы, 5-6 сыныптан - 1 оқушы,
7-8 сыныптан - 1 оқушы, 9-10 сыныптан - 1 оқушы). 2.7. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломдар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.
2.8. Қорытынды хаттама әзерлейді және республикалық ұйымдастыру комитетіне тиісті есептерді жолдайды.