Республикалық балалар оқулары байқауының ережесі



бет2/4
Дата27.07.2022
өлшемі28,26 Kb.
#147806
1   2   3   4
Байланысты:
Байқау ережесі

2022 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында өңірдегі білім бөлімдері орта білім беретін мектептер арасында І кезеңді (аудандық/қалалық) ұйымдастырады.

  • 2022 жылғы 5-15 қазан аралығында облыстық білім басқармалары, «Дарын» орталықтары кемінде 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда II кезеңді (облыстық/қалалық) өткізеді.

  • 2022 жылғы 1-15 қараша аралығында республикалық ұйымдастырушылар байқаудың IІІ кезеңін (республикалық) ұйымдастырады. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, марапатталады.

  • 2022 жылғы 28 қарашаға дейін республикалық ұйымдастырушылар байқаудың салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады.



    І кезеңнің (аудандық/қалалық) өткізілу тәртібі


    1. Әрбір аудан/қала бойынша кемінде 50%-дан астам орта білім беретін мектептері қамтылуы керек.
    2. Байқаудың аудан, қала ұйымдастырушылары:
    2.1. І кезең қатысушыларының тізімін бекітеді.
    2.2. Байқауды өткізу үшін орталық алаңды (мектепті) дайындауды жүзеге асырады. Байқауды өткізуге арналған кабинеттер мен марапаттау рәсіміне арналған акт залын әзірлейді.
    2.3. Қазылар алқасының құрамын анықтайды. Қазылар алқасының құрамына «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалімдер мен жоғары білікті әдіскерлер кіреді. Байқаудың төрағалары аудандық, қалалық ішкі саясат, білім бөлімінің өкілдері, басшылары және ата-аналар комитетінің төрағасы болуы тиіс. Қазылар алқасының құрамына байқаудың осы кезеңіне қатысатын оқушылардың мұғалімдері кірмейді.
    2.4. Байқаудың қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді және
    ІІ кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыны анықтайды
    (3-4 сыныптан 1 оқушы, 5-6 сыныптан 1 оқушы, 7-8 сыныптан 1 оқушы, 9-10 сыныптан 1 оқушы).
    2.5. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломдар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.
    2.6. Қорытынды хаттама әзірлейді және республикалық ұйымдастыру комитетіне тиісті есептерді жолдайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет