Республикалық балалар оқулары байқауының ережесі


Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті



бет4/4
Дата27.07.2022
өлшемі28,26 Kb.
#147806
1   2   3   4
Байланысты:
Байқау ережесі

3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:
3.1. Байқаудың ІІ кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.
3.2. Байқаудың ІІ кезеңінің тапсырмаларын дайындайды.
3.3. Байқаудың қорытындылары бойынша хаттамаларды жинастырады және ІІІ кезеңге қатысатын оқушылардың тізімін әзірлейді.
ІІІ кезеңнің (республикалық) өткізілу тәртібі


1. Республикалық сайысқа Қазақстанның кемінде 17 облысы мен
3 республикалық маңызы бар қаласынан ең жоғары ұпай жинаған
4 оқушыдан қатысады (3-4 сыныптан - 1 оқушы, 5-6 сыныптан - 1 оқушы, 7-8 сыныптан - 1 оқушы, 9-10 сынып - 1 оқушы).
2. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:
2.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілерді белгіленген күні және іс-шара өтетін мекенжайға алып келуін қамтамасыз етеді.
2.2. БАҚ-да, әлеуметтік желілерде, облыстық және қалалық білім басқармаларының сайттарында байқаудың қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды.
3. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:
3.1. Байқаудың ІІІ кезеңін өткізу туралы сценарийін әзірлейді.
3.2. Тапсырмалар мәтінінің соңғы нұсқасын әзірлейді.
3.3. Қазылар алқасының құрамын және тәуелсіз комиссияның тізімін әзірлейді.
3.4. Байқау қорытындылары бойынша хаттама әзірлейді және
І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын анықтайды.
3.5. БАҚ-да және әлеуметтік желілерде байқаудың қорытындылары туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
3.6. Республикалық кезең жеңімпаздары үшін марапаттау рәсімін ұйымдастырады.


Байқау жеңімпаздарын марапаттау тәртібі


1. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:
1.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілерді белгіленген күні және іс-шара өтетін мекенжайға алып келуін қамтамасыз етеді.
1.2. Республикалық ұйымдастыру комитетіне тиісті есептерді жолдайды.
2. Байқаудың республикалық ұйымдастыру комитеті:
2.1. Іс-шараның өтетін уақытын, мекенжайын және бағдарламасын әзірлейді және жетекшілерге жолдайды.
2.2. Жүлдегерлерге салтанатты түрде марапаттау рәсімін ұйымдастырады.
2.3. Жүлдегерлерге диплом әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі негізінде әрбір сынып бойынша жүлдегерлер
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болып, бағалы сыйлықтар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.
2.4. БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі туралы ақпараттар жариялауды қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет