----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Сыналар білімі мен парасаты –
дей отырып , келесі кезекте сұрақтарға жауап береді .
2-шарт « Бәйге »
Әр топқа 10 - сұрақ беріледі , тез әрі нақты жауап беру керек . Әрқатысушыға 2 минуттан 7 минут беріледі .
« Бәйге » І-топ
1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам ( құрт )
2. Үш арсызды ата . ( ұйқы , күлкі , тамақ )
3. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді . ( 4 ) , ( жануар тектес , өсімдік тектес ,
геометриялық , космогониялық ) .
4. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше ( түскиіз )
5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн ? ( жіңішке ине , кесте жin )
6.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек ? ( 3 сағ )
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал . ( салфетка )
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ ( манка )
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек ( түсте )
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек ? ( кергіш , оймақ , ине )
5. Сумоншақтың орысша атауы ( бисер )
6. Нанның кептірілген бөліктері ( сухари )
3 - шарт . « Кім жылдам ?
А. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» әртоптан «1 қыз түрлі- түсті-қағаздан ою ойып беру керек»
4 - шарт « Ас адамның арқауы »
Ендеше іске сәт сайыскерлер !
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын ,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін .
Өнер - білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті .Әр
топ салат жасайды . (уақыты 5 минут )
5.- шартымыз бойынша « Шебердің қолы ортақ , шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ , енді қыздарымыздың
қолөнер
бұйымдарын тамашалап , бағалайық .
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті . Ал қазір кімнің пайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына
сөз кезегін береміз . Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады .
Қыздар , бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер . Сайысқа қатысқан
қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз .
Қорытынды : Салт - дәстүр , әдет - ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл
мұрасы . Салт - дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние , ол халықтың мінез - құлқы мен іс - әрекетінің рухани
негізі . Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп , әрі қарай
жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз .
6шарт: Әсемде ару қыздарымыздың күзгі сән үлгісін тамашалайық
* * * * * * * * * * * * * * *
41