ФИЗИКАДАН ОЛИМПИАДА 2020 11 сынып, теориялық сайыс
Вертикаль цилиндрде, поршеньнің астында 2 кг оттегі бар. Оттегінің температурасын 5 К-ге арттырған кезде, оның ішкі энергиясы 6570 Дж-ға көбейді. Оттегіге берілетін жылу мөлшерін; кеңею кезінде онымен жасалатын жұмысты; оның меншікті жылусыйымдылығын екі жағдайда анықтаңыз: а) поршень бекітілмеген; б) поршень бекітілген. (5 ұпай)
Электронды-сәулелік түтікшеде электрондар ағынын сипаттайтын ток күші мкА, үдеткіш кернеу кВ, электрон зарядының массасына қатынасы Кл/кг. Барлық электрон экранмен жұтылады деп есептеп, электрон сәулесінің түтікше экранына әсер ететін қысым күшін табу қажет.(5 ұпай)
Айнымалы конденсатордың сыйымдылығы 56 дан 667 пФ-қа дейін өзгереді. Тербелмелі контурды толқын ұзындықтар диапазонын 40-тан 2600 м-ге дейінгі аралықтағы радиостанцияға бейімдеу үшін қандай өздік индукция шығырларын таңдап алу қажет? (5 ұпай)
Радиустары бірдей болатын екі металл шарик, меншікті кедергісі біртекті әлсіз өткізгіш ортада орналасқан. Шариктер арақашықтығы -дан әлдеқайда үлкен болған жағдайда, олардың ортасындағы ортаның кедергісін анықтаңыз. (5 ұпай)