Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата26.12.2019
өлшемі8,24 Mb.
#55072
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
Sbornik Zholamanov
Sbornik Zholamanov, Біз туралы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МҦҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІ 

 

Здуалиев К.К. 

Қали Хадес атындағы Жаңаауыл орта мектебі

Ақжар ауданы, Қазақстан 

 k.zdualiev@mail.ru

 

 



Мақалада  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудағы  мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттілігі  жайында  айтылған. 

«Функционалды  сауаттылық»  ұғымының  тарихына  тоқтала  кетіп,  қазіргі 

ұстаздардың  алдында  тұрған  міндеттер  талданған.    Мұғалімдердің  кәсіби 

құзыреттіліктерін  саралай  отырып,  сыни  тұрғыдан  ойлау  әдісінің 

маңыздылығына назар аудартады. 

101 

 

 



«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»атты  Елбасы  Нұрсұлтан  ӘбішұлыНазарбаевтың  2012  жылғы  27 

қаңтардағы 

Қазақстанхалқына 

Жолдауында 

мектепоқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  мақсатында  бес  жылдық  ұлттық 

жоспарды қабылдау міндеті қойылды. 

Осы  міндетті  жүзеге  асыру  барысында  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық 

жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды. 

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

дамыту  үшін  тӛмендегідей  кешенді  жоспар  жасалды.  Олар:  мазмұндық,  оқу-

әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан 

Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  барысында  жасалатын 

іс-шаралардың  мақсаттылығын,  біртұтастығын  және  жүйелілігін  негізге  ала 

отырып дайындалған. 

«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  ӛткен  ғасырдың  60-жылдары 

ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болды  және  кейіннен  қолданысқа  енді.  

Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, 

адами  іс-әрекеттердің  әр  түрлі  салаларында  сондай-ақ  тұлға  аралық  қарым 

қатынастарды ӛмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады. ХХI 

ғасырдың  жан-жақты,  зерделі,  дарынды,  талантты  адамдарды  қалыптастыруда 

білім  беру  мәселесі,  оның  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу 

міндеті  туындап,  жаңа  талаптар  қойылуда.  Соған  орай  ұстаздардың  алдында 

тұрған  міндет:  табысты  және  әрекетке  дайын  қабілетті,  әлеуметтік  рӛлін 

сезінетін  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру.    Тұлға  құзыреттілігін  дамыту  – 

ұстаздың  құзыретті  тәсілдерді  меңгертуі,  білім  беру  мазмұнын  жетілдіруі.  Ол 

үшін  балаға  субьект  ретінде  қарап,  оқу  ісіне  ӛзінше  қызықтыратын,  оған 

қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек.Оның бастысы-оқу үдірісін жаңаша 

ұйымдастыру,  оқушының  оқудағы  іс-әрекеті  арқылы  ойлау  дағдысын 

жетілдіру,  ӛз  бетінше  білім  алу,  әрекет  ету.  Мақсатқа  жету  оқушының  ӛзі 

арқылы  іске  асады.  Мұғалім-  бағыт  беруші,  ұйымдастырушы.  Мектеп 

бітірушінің  негізгі  құзыреттілігі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту  жӛніндегі  2012-2016 жылдарға арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарында 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  нәтижесі  ретінде 

белгіленіп, мынадай түрлерге бӛлінген: 

-  басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті) 

-  ақпараттық  (  ӛзіндік  танымдық  қызметке  қабілетті  немесе  ӛмір  бойы 

білім ала білуі) 

-  коммуникативтік  (қазақ,орыс  және  ағылшын  тілдерінде  ауызша, 

жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілетті) 

-  әлеуметтік (әлеуметтік ӛзара іс-қимыл жасауға қабілетті) 

-  тұлғалық  (ӛзіндік  іске  асыру,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру,  ӛмірлік  жіне  кәсіби 

ӛзін-ӛзі анықтау, тӛзімді болу қабілеті) 



102 

 

-  азаматтық  (қазақстандық  сана-сезім  мен  мәдени  ұқсастық  негізінде 



ӛзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті) 

-  технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның 

ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті) 

Бұл  құзыреттіліктер  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

құраушысы  болып,  оқушының  әртүрлі  ӛмірлік  салаларда  тиімді  ӛмір  сүруге 

мүмкіндік беретін дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз етеді.  

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 

адамдардың  (жеке  тұлғаның)  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 

қызметтерге  белсене  араласуы  және  ӛмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін 

базалық  факторы.  Яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай 

ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, 

жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа 

алынатын  функциональдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда 

ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  ӛз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  т.б. 

Яғни,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  тиімді  тетіктерін  мектеп 

тәжірибесіне  жедел  және  жүйелі  енгізу  үшін    Б.Блумның  «Толық  меңгеру 

теориясы», сондай-ақ нәтижеге бағдарланған педагогикалық технологиялардың 

бірі –сын тұрғысынан ойлауды оқып-үйрену енгізілуде.  

Блум  таксономиясы  бір  ізбен  реттелген  мақсаттар  жүйесі  арқылы 

оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. 

 

Мақсаттар жүйесі 



Оқушылардың когнитивті іс-әрекеті 

Білу  


Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері 

Түсіну  


Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді 

Қолдану  

Алған білімді қолданады 

Талдау  


Білімді жай қабылдамайды, талдайды,саралайды, 

салыстырады 

Жинақтау  

Алған білімнен жаңа ӛнім жасап шығарады 

Бағалау  

Ӛз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады. 

 

Сыни  тҧрғыдан  ойлау  әдісі  –  оқушыларды  ӛз  ойын  еркін  жеткізуге, 

шығармашылығын  дамытуға  қолайлы  жағдай  жасайды,  оларды  бірігіп  жұмыс 

істеуіне,  бірлікке,  ұжымдыққа  тәрбиелейді.  Сонымен  қатар  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  нәтижесі  ретінде  белгіленген  түрлерін 

іске асыруда мол септігі бар. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін тӛмендегі 

шарттар орындалу тиіс:  

1)  сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек 

2)  оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру 

3)  әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау 


103 

 

4)  үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау 



5)  кейбір  оқушылар  түсіп  қалған  қолайсыз  жағдайларды  әжуаға 

айналдыру 

6)  оқушылардың  бір-бірінің  жауабына  жасаған  сынын  дәлелді,дәйекті 

болуын талап ету 

7)  сын тұрғысынан ойлауды бағалау  

Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасындағы  мұғалімнің  ролі,  үйрену 

процесінде оқушыларға серік болу, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, 

ӛз ойын ашық айтуға қолдау кӛрсету. Мұғалім ұйымдастырушы- бағыттаушы. 

 

Әдебиеттер: 

 

1.     Н.А.Назарбаев.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 



дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж. 

2.     Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жӛніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

3.    «Математика және физика ғылыми әдістемелік журнал» №3 2015 ж 

 

 

 



МЕКТЕПТІҢ КӘСІБИ ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҒЫ – ОҚУ ҤДЕРІСІН 

ЖАҢАРТАТЫН МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯ 

 

Здуалиева О.К. 

Қали Хадес атындағы Жаңаауыл орта мектебі, 

Ақжар ауданы, Қазақстан 

zok67@mail.ru

 

 



Мақалада  Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің 

біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы негізінде білім берудің ӛзекті 

мәселелері  қарастырылған.  Қазіргі  таңдағы  желілік  қоғамдастық  ұғымын 

кеңірек  ашып,  жаңа  формадағы  сабақтар  түрлеріне  талдау  жасалған. 

Бірлескен  топтық  жұмыстың  тиімділігі  мен  оның  қоғамдастыққа 

жетелейтін тұстары туралы айтылған. 

 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Жаңа  формация  педагогы  әлеуметтік  тұрғыдан 



есейген, педагогика құралдарын шебер меңгерген, ӛзін-ӛзі әрдайым жетілдіруге 

ұмтылатын шығармашыл тұлға» - деп анықтама берді. 

Қазіргі  таңда  әлем  ӛзгеруде,  соған  сәйкес  мұғалім  де  ӛзгеріссіз  қалмай, 

ӛздерінің  білім  беру  жүйесі  арқылы  орын  алған  ӛзгерістерге  қалай  ықпал 

ететіндігін  білуі  тиіс.  Мұғалім  бойындағы қасиет Шульманның  «үш  кӛмекші» 

деп анықталған – «бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, 

жүрек-  кәсіби  тұтастық»  туралы  ойымен,  Абайдың  «Үш  ақ  нәрсе  адамның 

қасиеті:  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек»  деген  философиялық 

ойларымен үйлессе ғана оқыту сапасы және табысты болатынына кӛз жеткізді. 


104 

 

Бүгінгі  күні  оқыту  сипатына  жаңаша  қарап,  оқушылар  ӛздерінің  тану 



ерекшеліктеріне  сәйкес  тиімді  оқыту  түрлерін  кеңінен  пайдалану  қажет. 

Ӛзіміздің  жұмысымызды  ӛзгерту  кәсиби  дамуымызды  жетілдіру  үшін  кәсіби 

қоғамдастықтың  маңызы  зор.  Қоғамдастық  арқылы  болашағымызға  жақсы 

ықпал етуіміз керек, себебі әлем ӛзгеруде, соған сәйкес мұғалім де ӛзгеру керек. 

Біздің мектеп 2013 жылдан бастап желілік қоғамдастықта жұмыс атқарады. Бес 

мектеп  арасындағы  қоғамдастық    ӛзара  ынтымақтастықта  жұмыс  атқарып 

келеді,  қазіргі  таңда  қатары  аудан,  облыс  кӛлемінде  кеңейді.    Курстан  ӛткен 

Бағдарлама  бойынша  алған  жаңалықтарымды    мектептің    даму  жоспарына 

енгізу  мақсатында    кӛшбасшы  ретінде  алғашқы  кезеңде  мектеп  басшысы  мен 

қоғамдастық  мүшелерімен  отырыс  жасап,  қажетті  құжаттармен,  даму 

деңгейімен, мектептер  арасында деректер мен кӛрсеткіштері қандай деңгейде 

екенін  кӛріп  әңгіме  барысында  танысып,  мұғалімдердің  тәжірибесін 

жетілдіретін тұстарын анықтап, қосатын жаңалығы бар коугинг-сабақ, семинар 

ӛткізуді  жоспарға  енгізуге  ұсыныс  білдірдім.  Мектептегі  озық  тәжірибелерді 

басқа  мектептерге  тарату,  сондай-ақ  мектептердің  тәжірибесімен  танысу 

мақсатында  педагогикалық  қоғамдастықтың  ауқымын  кеңейту  жолдарын 

қарастыра  отырып,  бір  мақсатты  іске  асыруда    басшылық  етуші,  үйлестіруші, 

дамытушы  топ  мүшелерімен  байланыста  болып,  аудан    кӛлеміндегі 

мектептермен байланыс жасау мақсатында жаңа шағын  топ құрып,  мұғалімге 

қандай  білім  мен  дағдылар  қажет?,  қандай  әдіс-тәсілдер  тиімді  болатынын 

зерттеуші  топпен  анықтап,  желілік  қоғамдастықта  басқа  мектептермен  

ұстаздар  арқылы  байланыс  жасау  үшін,  басқарушы,  үйлестіруші,    дамытушы  

топпен  ақылдаса  отырып    мектептердің  поштасына    жақсы    жарнама, 

хабарламалар  жасау  арқылы  коучинг-сабақ  ӛткізу  жоспарланды.    Кӛшбасшы 

ретінде  мұғалімдердің  қажетіне  сай  білімді  тарату  мақсатында  мектепте 

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» модулі  бойынша  

«Оқушылардың  қабілеттерін  арттыруда    ұзақ  мерзімді  жадының  ықпалы» 

тақырыбында коугинг сабақ ӛткіздім. Оны тӛмендегі суреттен кӛруге болады.  

 

 

Бұл коучингтің ерекшелігі бірлескен топпен жұмыс жасау, ұзақ мерзімді 



105 

 

жадының  қызыметін  арттыру  жолдарын    анықтау  болады.  Бірлескен  топтық 



жұмыс  әдісінің  маңызы  ӛзін-ӛзі  мен  басқа  адамдарды  таниды,  дүниетанымы 

қалыптасады,  іс-әрекеттері  арқылы  дамуына  ықпал  етеді.  Топтық  жұмыстар 

барлық  үйренушілердің  жұмысқа  белсене  қатысуын  қамтамасыз  етеді  тыңдау, 

білу, шешім қабылдауды іс жүзінде іске асырады. Желілік қоғамдастық арқылы 

іске  асырылған  коучинг-сабақтар  арқылы  ұғымды  меңгереміз,  ақпарат 

жинақтаймыз,  тәжірибе  алмасамыз,  ойға  ой  саламыз,  кәсіби  дамимыз. 

Жұмысымды  жалғастыруда    кӛшбасшы  ретінде  ӛзім  екі    әріптестерімді 

тәлімгерлік  дағдыға    үйретіп,  оларды  жетілдіру  мақсатында    бір    шағын 

тақырыпта    коучинг-  сабақ  ӛткізуге  жұмылдырамын.  Осы  арқылы  бӛлінген 

кӛшбасшылық  жүзеге  асады.  Тәлімгерлік  дағдыны  игеруде  топтық  жұмыс 

арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруды СТО 

стратегияларын, СМАРТ бойынша жоспарлауды, топтық жұмыста «ДЖИГСО» 

әдісін,  мақсат  пен  нәтижеге  жетуде  «Тұжырымдамалық  карта»  жасауға  

үйренеді.  «Оқушы  үні»,  «Мұғалім  үні»  оқушылар  мен  ұстаздардың  пікірін 

сыйлап,      сауалнамалар  нәтижесін  ескере  отырып,  желілік  қоғамдастықта  

қарым-қатынас  дағдыларын,  белсенді  және  терең  тыңдалым  дағдыларын 

қалыптастыра отырып, озық тәжірибелерді үйрету үшін «Интернет желісіндегі 

байланыс», «Дӛңгелек үстел», «Lesson Study», «Шеберлік сыныбы», «Семинар» 

т,б  ӛткізуді  жоспарға  енгіземін.  Үйлестіруші  топ  тиімді  әдіс-тәсілдерді, 

ресурстарды  іріктеп,  кім  ӛткізеді,  қандай  сыныптармен  ӛтетінін  қарастырса, 

дамытушы  топ  «Lesson  Study»  сабақтар  немесе  коугингтер  ӛткізеді.  Басталу 

бӛлімінде    іс  шара  ұйымдастырып,  соңында  мониторингпен  аяқтау  жоспарға 

енеді.  Бұл  іс  шаралардан    қатысушылар  сенімді  қарым-қатынас  жасайды,  ӛз 

білімін  саралап  ӛзгелердің  білімін  жүктеп  алады,  жеке  тәжірибеге  сүйенеді, 

тәжірибесін  жаңа  біліммен  байланыстырады,  ізденеді,  басқа  адамдармен  тіл 

табысады.    Ӛткізуге  атсалысқан  жаңа  идеяға  жаны  құмар,  жаңашылығы  бар 

ұстаздарды  марапаттауды  ескеремін.  Жұмыс  істемеген  адам  ғана  қате 

жібермейді,  ал  жұмыс  істеген  адамдар  қатесін  түзейді,  ілгері  дамиды. 

Жаратылыстану бағыты бойынша бірлестік мүшесі ретінде жеке зерттеуші топ 

құрып,  жоспарға  жаңалығы  бар    аудан  кӛлеміндегі  ұстаздардың    тәжірибесін, 

жаңа  кӛзқарастағы  іс-шаралар  ӛткізуге  қатысты    идеяларын  әдіскерлермен 

талдап  енгізуді  жоспарлап,  жауапкершілік  ететін    «ұйымдастырушы»,  «сабақ 

жүргізуші»,  «кӛмекші»,  «бағыт-бағдар  сілтеуші»  рӛлдерге    бӛліп  алуды 

ұсынамын.  Кәсіби  қоғамдастықтан  тыс  серіктестік  «тәуелсіз    сарапшының» 

болуына  мән  беріп,  оған  ӛз  тобымыздың  мүшелерін  де  қатыстыра  отырып 

жүргізілген жұмыстарымды саралаймын. Қиындық тудыратын проблемаларды 

шешу  үшін  мектептермен  немесе    ЖОО  мен    байланыстарды  қарастыруға 

ұсыныс  жасаймын.  Бұдан  мұғалімдердің  ғана  емес  балалардың  да  терең  білім 

алуына ықпалы болады.  Кәсіби білімді тереңдетіп, дағдыларымызды жетілдіру, 

оқушыларды білім алудың жаңа тәсілдеріне тарту, ӛзгеріс енгізуге бағытталған 

әрекеттеріміздің  салдарлары,  біздің  оқушыларымызға  қандай  білім  мен 

дағдылар  қажет?  Осы  сұрақтардың  шешімін  қалай  іске  асырамыз  ортақ 

мәселені  шешу  барысында  мұғалімдер  тобы    жаңа  сабақтарды  ӛткізуді 


106 

 

жоспарлайды.  Жоспарлау  сыни    ойлау  арқылы    «Кейс-стади»  тәсілі  арқылы 



талданып,  жаңа  сабақтар  топтамасы    әзірленеді.  «Кӛпірше  тұрғызу» 

стратегиясын  пайдалана  отыра    әріптестер  арқылы  аудан  мектептерімен 

байланыста боламын, бұл мұғалімдердің жетілдіру тұстарына ықпал етері анық, 

сондықтан    бір  мақсатты  кӛздей  отыра  ,  күтілетін  нәтижеге  жету  барысында 

қандай  табыс  критерийлерін  қамту  керек,  не  ӛткізу  керек,  қашан  ӛткізу  керек 

екенін  бірлесе  шешіп,  ӛткізгеннен  кейін  не  сәтті  болды,  не  сәтсіз  шыққанын  

кері  байланыс  арқылы    топпен  анықтаймын.  Бағалау  кезінде  табыс 

критерийлерін  құру  қажеттілікке  айналдыру  керектігін  ескеремін,  мұғалімнің 

бағалауында  бағалаудың    нақтылық,  дәлдік  сияқты  аспектілерін  аламын. 

Қоғамдастықта  құрылған  топ  мүшелерімен  «ӛмір  бойы  ӛздігімен  үйрену» 

ұстанымы  арқылы  ӛзгерулеріне  ықпал  ете  отырып,    тығыз  қарым-қатынас 

арқылы  мұғалімдер  белсендіретін  оқу  мен  сқыту  әдістемелерін  қолданады,  

үйренеді  және  үйретеді.  Үйрену  мен  үйрету  тек  ӛзара  белсенді  әрекеттерге 

негізделген қарым-қатынас арқылы  жүзеге  асырылады. Жұмысты  қорыта келе 

енгізілген  ӛзгерістердің  тиімді  болғанын  кӛру  үшін  мониторинг  жасаймын. 

Басты мақсат оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқытуды жетілдіру болса, 

нәтижесінде жетілген кәсіби дамыған тұлға қалыптасу. Біз қандай едік? Қандай 

болдық?  Дәлелдемелер  келтіріліп,  жақсы  жұмыс  атқарған  ұстаздарды 

марапаттаймын. Талдай келе алдағы жұмысымызда Тағы не білгіміз келеді? Біз 

оны  қалайша  білеміз  деген  сұрақтар  тӛңірегінде    ой  қозғап  жаңаша  жоспар 

құрамыз. Келесі кезеңде де мектепте оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру үшін 

коучинг,  тәлімгерлік,  дӛңгелек  үстелдер,  оқыту  семинарларын    жүргізуді  іске 

асыру  үшін  жұмыс  атқарамыз.  «Кӛпірше»  арқылы  қоғамдастықта  

шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  мұғалімдер  қатары  кӛбейеді.  Желілік 

қоғамдастық  орнаған  кезде    нәтижесінде;  туындаған  мәселелерді  бірлесе 

шешеді,    ортақ  шешім  шығарады,  мектеп  және  ауданнан  тыс  қарым-қатынас 

жасай алады, зерттеулер жасап ӛзгерістер енгізе алады, мұғалімдердің құзыреті 

артады,  оқушылардың  мүмкіндіктері  кеңееді,  жоғары  кӛрсеткіштерге  жетеді. 

Қоғамдастыққа  қатысатын  мұғалімдердің  жұмысына  сипаттама  бере  отырып, 

треннинг  жүргізе  алатын  әріптесімізді  анықтай  аламыз.  Нәтижесінде  ӛзін  де 

ӛзгені  де  ӛзгерте  алған  шығармашылықтары  артқан,  оқыту  мен  оқу  сапасы 

жақсарған,  біршама  кӛрсеткіштерге  қол  жеткізген  қоғамдастық  құрылады. 

Кәсіби  қоғамдастық  бір  мақсаттағы  адамдардың  бір  топқа  шоғырланып,  бір-

бірімен  ынтымақтастықта  бірлесе  жұмыс  жасап,  жаңа  идеялар  мен  озық 

тәжірибелермен  алмасу  үшін  жағдай  жасайтын,  оқыту  үдерісін  жаңартатын 

маңызды стратегия болып табылады. 



 

Әдебиеттер: 

 

1.«Математика және физика журналы». -№4,  2016. 

2.Мұғалімдерге 

арналған 

нұсқаулық 

«Назарбаев 

Зияткерлік 

мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.  2016. 

 

 


107 

 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ІЗДЕНІС ЖҦМЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 



МЕН ЖОЛДАРЫ 

 

Зулкарнаева Ж.А, Шонова Б.А. 

Ш.Уалиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті 

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

Zhamilya1972@mail.ru

 

 



Педагогикалық  процестің  субьектісі  ретінде  қазіргі  талапқа  сай 

мектептер  негіз  болуына  байланысты,  оқытушыдан  педагогикалық 

құндылықтар,  ғылыми-зерттеушілік  бағыттардың    талап  етілуі,білім 

сапасының алға басуына ӛз ықпалын тигізуде. 

Қазіргі таңда ағарту саласының  ӛзекті мәселелерінің бірі оқытушының 

ғылыми-зерттеушілік  мәдениетін  қалыптастыру,  оның  кәсіби-педагогикалық 

мәдениеті мен ішкі құрылымын алға талпындыру болып табылады.  

 

Ағарту  саласында  нақты  іс-әрекетті  ұйымдастырушы  мұғалім 



болғандықтан,  оның  кәсіби  даярлығының  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 

қарастыру қажеттілігі туындайды  

Педагогикалық  процестің  субьектісі  ретінде  қазіргі  талапқа  сай 

мектептердің  негізі  болғандықтан,  оқытушыдан  педагогикалық  құндылықтар, 

ғылыми-зерттеушілік  бағыттар  талап  етіледі.  Бүгінгі  ағарту  саласының  ӛзекті 

мәселелерінің 

бірі 

оқытушының 



ғылыми-зерттеушілік 

мәдениетін 

қалыптастыру,  оның  кәсіби-педагогикалық  мәдениеті  мен  ішкі  құрылымы. 

Педагогика  ғылымында  зерттеушілік  мәдениет  тӛмендегідей  жүйемен 

жинақталады:  қоғамдық  мәдениет,  социумдық  педагогикалық  мәдениет-

жалпылық, кәсіби  педагогикалық-жекелік. 

Педагогика  ғылымында  оқытушының  зерттеушілік  мәдениеті  ұғымы 

теориялық  методологиялық,  философиялық,  фундаментальды  ғылыми 

парадигмалар  мен  таным  теориясы,  ғылыми  таным,  педагогикалық  білім, 

мұғалімдердің  білімін  жетілдіру,  ағарту  жүйесіндегі  қайта  құру  ұғымдарымен 

ӛз  мәнін  ашады.  Олай  болса,  оқытушының  зерттеушілік  мәдениеті  –  негізгі 

педагогикалық, мазмұны философиялық білімдерден, оның тұрақты сипатынан, 

методологиялық фундаментімен, практикалық-бағыттаушылық сипатынан жеке 

идеяларынан  арайды. 

Педагогика  ғылымы  саласында  гуманитарлық  мазмұнда  әлеуметтік-

нормативтік, когнитивтік ғылыми-ізденушілік бағыттары зерттеледі. 

 

Соның ішінде, педагогикалық  мәдениет мазмұнында: 



- тұлғаға кӛркем-эстетикалық әсер ету

- оқу және тәрбие; 

- патриотизмді қалыптастыру; 

- тарихи сананы қалыптастыру; 

- білім мен оқытудың ұлттық сипаты; 

- мәдениет танушылық білімдердің этникалық кӛпұлттық мазмұны; 



108 

 

- білім беру мен оқыту жүйесінің түсініктілігі; 



- кәсіби білім мен оқытудың базалық мәдени компоненті; 

- білім беру мен оқыту формаларының вариативтілігі; 

- оқытудың блоктық-модулдық жүйесі. 

Дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізудегі  мұғалімдердің  кәсіптік 

дайындығы бойынша оқыту әдістемеде бес негізге арқа сүйейді.  

Бірінші  негіз  –  оқушылармен  жеке  жұмыс  жасау,  әр  оқушыға  жеке  әдіс 

қолдану. 

Екінші негіз – оқушылардың ӛзіндік жұмысы.  

Үшінші  негіз  –  оқушылар  жеке  жоба  жасағанда  балама  оқулықтарды 

пайдалануға шек келтірмеу. 

Тӛртіншісі – мұғалімнің шығармашылық ойын толық іске асыру. 

Бесінші негіз – мұғалімнің оқушыға жеке кеңес беруі. 

Оқушылардың  білімінің  мемлекеттік  стандарт  талаптарына  сәйкестігін 

бақылауды  ұйымдастырудың  бір  түрі  –  тестік  бақылау  жүйесі.  Ол 

оқушылардың ӛз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол 

жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса 

оқушылардың  білімдеріндегі  олқылықтарды  анықтап,  уақытты  тиімді 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Тест  тапсырмаларын  мұғалім  ӛз  қалауынша 

тақырып,  тарау  бойынша  құрайды.  Бірақ  тестердің  кӛмегімен  оқушылардың 

шығармашылық  дәрежесін  бақылау  мүмкін  емес.  Толық  педагогикалық 

мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тестерді тексерудің барлық басқа түрлерімен: 

тәжірибелік, семинар сабақтары, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушының 

нақты даярлық дәрежесін кӛре аламыз. Дегенмен бір сыныптағы оқушылардың 

―ӛзара  жолдастық  кӛмегі‖  нәтижесінде  білімдері  субъективті  бағалануы  да 

мүмкін. 

Педагогикалық  мәдениет  негізінде  ашылатын  ғылыми-зерттеушілік 

мәдениетке  ғалымдар  мен  практиктер  дидактикалық  қайта  құрулар  мен  жаңа 

ағарту парадигмаларына жаңа қатынаспен қарауда. 

Педагогикалық  басылымдарда  ағарту  парадигмасы  мәдениетті  тұлғаны 

интелектуалды  дамытудың,  мектептерді  инновациялық  демократиялық  қайта 

құрудың  моделі  ретінде  қарастырылады.  Олай  болса,  зерттеушілік 

мәдениеттілікті 

меңгерген 

оқытушы 


педагогиканың 

философиялық 

негіздерімен методологияның қазіргі түсінігімен, педагогикалық зерттеулердің 

методологиясымен  толық  танысқан  болу  керек.  Тек  қана  педагогиканың 

методологиясы ғылыми-зерттеумен практикаға  база ала алады. 

Соңғы  еңбектердің  ішінде,  осы  проблема  және  кәсіби  мамандар  

даярлауда  Н.Д.Хмель  концепциясына  тоқталуға  болады.  Ол  ғылыми 

мәдениеттің  мотивациялық,  мазмұндық,  процессуалдық  ӛлшемдерін  ұсынады. 

Ғылыми  зерттеу  жұмысы  мақсатына  орай,  кәсіби  даярлық  деңгейі-оқытушы 

тұлғаның  тұтас  біліктілігі  ғылыми  зерттеу  жұмысына  дұрыс  кӛзқарас,  тұтас 

педагогикалық  жүйесінің  мәнін  түсінуі,  педагогика  методологиясы  мен 

педагогикалық зерттеулердің әдістемесін меңгеруі. 

Мұғалімдердің  зерттеушілік  мәдениетін  қалыптастырудың  ғылыми-


109 

 

қолданбалы алғы шарты ретінде – мектептегі ғылыми-әдістемелік орталықтар, 



мұғалімнің еңбектерін зерттеу, тарату, педагогикалық нұсқауларды практикаға 

енгізу. 


Сонымен,  оқытушының  зерттеушілік  мәдениетін  анвариантты  құраушы 

тұтас  педагогикалық  рдісті  меңгеруге  даярлық  (БПП),  ғылыми-зерттеушілік 

жұмысқа  даярлық  (ҒЗЖ),  педагогикалық  рефлексияға  даярлық,  ӛзіндік 

рефлексия. 

Мұғалімнің  ғылыми-зерттеушілік  вариативті  құрылымы:  мектепте 

ғылыми-әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыруға  даярлық,  педагогикалық  іс-

тәжірибені  тарату  және  пайдалану,  педагогикалық  ғылыми-зерттеуді 

практикада  игеру,  инновациялық  –  дидактикалық  әрекет,  ғылыми-зерттеуге 

даярлық. 

Олай  болса,  ғылыми-зерттеушілік  мәдениет  иерархиясын  мына  кестеге 

енгізуге  болады:  рационализаторлық  –новаторлық  инновациялық-ғылыми 

тәжірибе.  Мұғалімнің  ғылыми-зерттеушілік  деңгейінің  жоғары  шегі  –  кәсіби-

зерттеушілік іс-әрекет. 

Қорыта  айтсақ,  мұғалімнің  зерттеушілік  мәдениеті-педагогикалық 

құндылықтар  мен  ағарту  технологиясындағы  жаңалықтарды  меңгеру,  тарату, 

жасаудағы 

қажетті 

сапалар, 

оқытушының 

кәсіби-тұлғалық 

қасиеті, 

педагогикалық  фактілер,  құбылыстар,  үрдістер,  қорытындылар,  заңдар  мен 

заңдылықтар,  теориялар  мен  болжамдарын  құру,  осы  негізде  жаңа  және  жеке 

инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті дамыту, жасау, мақсатты ӛзара әрекет 

пен ерекше қабілет. 

Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани 

ӛміріндегі  ӛзгерістер  адамгершілік  құндылықтарды,  оның  ішінде  адам 

мәдениетін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе, адамның адамға 

қатынасын  ізгілендіру  проблемасының  әлем  деңгейінде  кӛтерілуінде 

мәдениеттің маңызы зор. ―Мәдениет‖ ұғымы зерттеу аясы кең ғылыми ұғымдар 

қатарына  жатады.  Мысалы  қазіргі  кезде  мынадай  терминологиялық 

түсініктерге назар аударуға болады: 

- қарым-қатынас; 

- экономикалық мәдениет

- этникалық мәдениет; 

- ғылыми-зерттеушілік мәдениет. 

Адам  ӛмірінің  алтын  бесігі  –  мектеп  ұрпақ  ойын  қалыптастыратын 

шеберхана.  Ол  –  халықтың  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасқан  адамгершілік  ізгі 

қасиеттерін  жас  жеткіншек  бойына  сіңіретін  орта.  Егемендік  алған  елімізде 

мектептің  философиялық  тамыры  тереңдеп,  міндеттер  жиынтығы  молайған 

тұсында  заман  талаптарына  сай  білім  беру  жүйесін  құру  керек.  Жазушы 

Мұхтар Әуезов: ―Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім‖ деп 

атап  кӛрсеткеніндей,  қай  елдің  болсын  ілгері  басуы  үшін  білім  қажет.  Рухани 

ұлттық  қажеттілікке  жараған  білім  –  ең  мықты  білім,  рухани  ұлттық  тәрбие 

нәрімен  сусындаған  ұрпақ  қана  –  болашақты  гүлдендіріп,  тәуелсіз  елді 

нығайтатын болады. Ата-бабадан қалған ӛшпес мұраны, мол қазынаны қабілеті 



110 

 

жоғары ұрпақтың бойына дарыту - мектеп міндеті. 



Егемен  еліміздің  келешегі  –  кемел  білім  мен  ұлағатты  тәрбиеге 

байланысты.  Сондықтан  мектеп  ұжымы  алдында  атқарылар  міндеттер 

анықталды: 

- мектептің жалпы құрылымын жаңарту; 

- мектеп басқару жүйесін ӛзгерту; 

- оқу, тәрбие үрдісін демократияландыру, ізгілендіру; 

- білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім 

сапасын арттыру; 

-  ұжымда  ғылыми  ізденіске,  зерттеу  жұмыстарына  жағдай  жасау, 

педагогикалық ынтымақтастықты нығайту. 

Осы міндеттер негізінде анықталған мектептің негізгі мақсаттары ұлттық 

зиялы  қауымды  қалыптастыру,  логикалық  шығармашылықпен    ойлауға 

қабілетті, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар мектеп  түлегін дайындау. 

Мектеп  философиясы:  ӛз  ұлттық  тамырынан  жалпы  адамзаттық  құндылыққа 

ұмтылу, саясаты – бала дарындылығын анықтап, қолдау және дамыту. Мектеп 

дамуының    мақсатты  бағдарламасы  мемлекеттік  тілдің  дамуын  ұрпақтар 

сабақтастығын,  ұлттық  нақышта  ӛмірге  енуін  қамтиды.  Әрине,  бүгінгі  таңда 

даму  – уақыттың ең басты талабы. Дамудың басыңқы бағыттарын есте сақтай 

отырып, мына бір сәттерді ұмытуға болмайды: 

-  ұлттық  мектептің  қазақстандық  ӛз  даму  үлгісін  таңдауы,  ӛйткені  кӛп 

қырлы ӛзгеріс кезінде білімнің дамуы – қиын іс; 

- білімді – баланың даму жолына түсуі үшін беру; 

-  мектеп  әлеуметтік  –  педагогикалық  ашық  жүйе  ретінде  қоғам  арқылы 

қалыптасады; 

Қоғамда  жүргізіліп  жатқан  ӛзгерістер  білім  сапасы  мен  мұғалім 

шеберлігін  жетілдіруді  талап  етеді.  ―Білім  Заңын‖  іске  асыруда  білім 

стандартын терең меңгерген, дайын мұғалім қай мектепте болсын кӛп кездесе 

бермейді.  Ондай  мұғалімнің  қалыптасуын,  шеберлігінің  шыңдалуын  –  мектеп 

басшылығы иығымен кӛтеріп, жағдай жасап шешетін мәселе. 

Білім  берудегі  басты  мәселе  –  сапа  десек,  оны  басқару  жүйелікті 

айқындайды.  Ал  жалпы  мамандардың  пікірі  бойынша  мұғалімдер  – 

басқарудағы күрделі объект болып табылады. Инновациялық жаңалықтың енуі 

тӛменнен  басталып,  бақылау  ӛзін-ӛзі  бақылауға  айналса  ғана  соңғы  нәтиже 

жоғары болмақ. Біз ұстанған негізгі айқындаушы ұстаным – осы. 

Қазіргі  уақытта  мектеп  тек  жаңалық  енгізу  арқылы,  яғни  инновацияны 

еркін  меңгеру  арқылы  ізденіс,  талпыныста  болғанда  ғана  дамиды.  Мектептің 

ғылыми  әдістемелік  жұмысы  ӛзгермелі  қоғамдағы  мектептерге  ортақ 

ӛзгерістерге  орай  жаңаша  кӛзқарас  талап  етеді,  әдістемелік  жұмыстың 

мазмұнын  жаңарту,  ғылыми  негізде  ұйымдастыру  қазақстандық  әр  мектепке 

қойылар талап. 

Әдістемелік жұмыс субъектісі  – мұғалім, ӛз әрекетін, шығармашылығын 

жасаушы. Оның кәсіптік деңгейі мен жауапкершілігіне оқушы білімінің сапасы 

ғана емес, мектеп жұмысының соңғы нәтижесі тәуелді. Мектептегі әдістемелік 


111 

 

қызмет, білім беру процесін ғылыми негізде басқаруға бағытталған. 



Дамыту кеңістігін жасауда негізгі екі  ӛзекті мәселе шешілді: 

1.  Мазмұн мәселесі (оның жүйелігі, ұйымдастырылуы, нақты мӛлшері); 

2.  Оқытушы мен оқушының ӛзара әрекет технологиясы – мәселесінің ең  

негізгі механизмі. 

Оқу мазмұны мен технологияның бірлігі оқушының  ӛзін-ӛзі дамытудағы 

ең  негізгі  бӛлігі  болып  есептеледі.  Дамыта  оқыту  мазмұнын  екі  түрлі 

ұйымдастыру кеңістігінде қарастыруға болады: 

1.  Әртүрлі жүйедегі заңдардың атқаратын қызметін түсіндіріп, оқытуды  

қамтамасыз ету; 

2.  Күнделікті ӛмір талабына сай әрекет етуге үйрету. 

Сондықтан  әдістемелік  қызметтің  мақсаты:  мұғалімнің  ғылыми 

әдістемелік  ойлау  шығармашылығын  қалыптастыру.  Мұғалімнің  кәсіби 

дамуына,  ӛзін-ӛзі  дамытуына  жағдай  жасай  отырып,  олардың  жеке 

ерекшеліктерін ескереді: 

- педагогтің білімге қажеттілігін қанағаттандыру; 

- білім стандартымен жұмыс жасау

- деңгейлік тексеру жұмыстарын жүйелеу; 

- қорытынды бақылау жұмыстарының  әртүрлілігі; 

-  жаңа  технологияны  мектеп  ӛміріне  енгізу  проблемалары,  халықаралық 

бағдарламаларды меңгеру; 

- дарынды балалармен жұмыстағы жүйелік; 

- тӛл оқулықтарды байқаудан ӛткізу; 

-  мемлекеттік  және  аймақтық  даму  бағдарламасының  іске  асуын 

қамтамасыз ету. 

Әр  жетістік  үлкен  еңбек  пен  ізденістің  нәтижесі,  сондықтан  да  педагог 

шеберлігін және мұғалімдерді ынталандыру жүйесін қалыптастырған жӛн. 

Мұғалім  шығармашылығы,  ізденімпаздығы  шындыққа  қалай  жетудің 

жолын  үйретіп  әдістеменің  әр  түрін  пайдалану  арқылы  шыңға  жетеді. 

Педагогикалық  еңбек  үнемі  шығармашылық  ізденісті  психологиялық, 

дидактикалық жағынан ӛз деңгейін жетілдіруді талап етеді.  

Ғылыми  ауқымды  білім  беру  тәжірибесін  қалыптастырып,  оқушының 

ғылыми  жұмысына  жетекшілік  ету,  ӛзі  зерттеуші  болуы  керек.  Ол  үшін 

мектепте  оқу-танымдық,  ғылыми  ізденушілік  қызметін  жандандыру 

мақсатында  ғылыми  қоғам  құрып,  жұмыс  істеуі  шарт,  оқушыларды  ғылыми-

кӛпшілік  журналдармен, әдебиетпен жұмыс істеуге үйрету. 

Ю.К.Бабанскийдің 

кӛзқарасы 

бойынша 


оқытудың 

тиімділігі 

тәрбиеленушінің  оқытылуы,  білім  мазмұны,  мұғалімнің  педагогикалық 

шеберлігі  –  осылардың  ӛзара  байланысынан  келіп  туындайды.  Л.В.Занков, 

И.И.Давыдов,  Д.Е.Элькониннің  кӛзқарастары  бойынша  да  баланы  тәрбиелеу 

мен  дамыту  оқытудың  әдіс-тәсілі,  жабдықталуы  жағдайына  ғана  емес, 

мұғалімнің жеке басына: 

- білім; 

- біліктілігі; 


112 

 

- сӛйлеу мәдениеті; 



- тәжірибесі; 

- іске қарым-қатынасына да байланысты. 

Сондықтан,  күрделі  педагогикалық  мәселелерді  шешу  тек  мұғалімнің 

педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейіне байланысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет