«Білім айнасы» 2022 ж.
15
Ахмадиева Бахытгуль Бөкенбаевна
Абай облысы, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатында тиімді әдістер мен жаттығулар
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын,
өзін-өзі
дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда. А. Байтұрсынов
өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «.....Мұғалім қандай болса, мектеп,
пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан
хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Дүниежүзілік ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен,
әлемдік ғаламдану
процесінің жеделдеуімен байланысты егеменді еліміздің білім беру жүйесін модернизациялау
бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізіле бастады. Заман өзгерісіне қарай мектептерге
қойылатын талап та ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгерді.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен
дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді
халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен
маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану
тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде. Елімізде
білім беру саласында қазір
демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының
сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған
айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел
тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты
болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым – қатынас барысында оқушы
барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде
біз оларға басқа халықтың
мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым–қатынас
жасауға мүмкіндік туады.
«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады» - деген К.Ушинскийдің даналығында. Бүгінгі
қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр,
өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға
мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан – жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде
тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді
іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар
орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық
материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға
керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін
«Білім айнасы» 2022 ж.
16
түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге
деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық
тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек
күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де,
ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері,
технологиялары
бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы
мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында
туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға
қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды
қолданған жөн?
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан –
салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір –
бірімен байланысып
кірігеді. Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады.
Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары – телефон, телевизор, магнитофон,
мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл
бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты
әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін
арттыру.
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдерді пайдалануға
болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге
байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс
сөз үйрету болып табылады. Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту
жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
материалдар туралы
мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде
дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл
дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.