ІІІ. «Ғажайыптың сиқырлы орманы» жаттығуы
Мақсаты:
Эмпатия сезімін, сенімін дамыту.
Нұсқау:
Қазір біз түрі ғажайыптар болатын ғажайып орманға айналамыз,
онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:
«Орман» — «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл
бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап
аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.
Талдау сұрақтары:
1.Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?
2.Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?
3.Жаттығуға дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып беріңізші?
ІV. “Төрт құбылыс” тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға
арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде
балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді,
“от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім
шатысса сол ойыннан шыға береді.
V. Рефлексия
Балалар бүгін сендерге біздің оқу қызметі ұнадыма? Ендеше бір- бірімізге
жақсы тілектерді тілеп аяқтайық.
«Білім айнасы» 2021 ж.
9
Достарыңызбен бөлісу: |