14
14
Сурдопсихология
–
нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын
зерттейді.
Патопсихология
–
туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді, грек
тілінде
”
пато
”
зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді.
4. Еңбек психологиясы
Адамның іс
-
әрекеті
түрлерінің психологиясын
,
еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып
ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін,
еңбек дағдыларының
қалыптасуын өндірістік, кәсіптік жағдайыдың адамға тигізетін
әсерінің, құрал
-
аспаптардың құрылысы мен орналасуын қарастырылады.
Оның тармақтары:
1.
Инженерлік психология
2.
Авиациялық психология
3.
Ғарышкер
психологиясы. Инженерлік
–
психология негізінен автоматталған жүйелерді
басқару мен
әртүрлі
операторлардың жұмысын зерттейді.
Авиациялық психология
–
ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде
орындалатын істердің
жай
-
жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігінде бейімделудегі ерекшеліктерін
зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрлар даярлап шығару мақсаттарын
көздейді.
Ғарышкерлік
психологиясы
-
адамның салмақсыздық пен
әуе кеңістігінің айдынында
бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын,
адамның көңіл
-
күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
5. Медициналық психология.
Дәрігерлер мен аурулардың мінез
-
құлқын
зерттейді. Оның тармақтары:
А)
Нейропсихология
Ә) Психофармакалогия
Б) Психотерапия
В) Психопрофилактика және гигиена.
Нейропсихология
-
психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының
физиологиясын және олардың қатынасын зерттейді.
Психофармакалогия
-
дәрі
–
дәрмектердің адам психологиясына әсері мен күшін
қарастырады
.
Психотерапия
-
ауру адамға психикалық әдіс
-
айла
және емдік тәсілдер қолдану
мәселелерін қарастырады.
Психопрофилактика және гигиена
-
адамның денсаулығы мен оны нығайту шараларын
жүзеге асыру жағын, оның әдіс
-
тәсілдерін анықтау жағын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: