Құмарлық – адамның өте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындауды,ы ниеті,
таным әрекетінде ол
–
ұнамды
қасиет. Алайда, огның пайдалы және пайдасыз
(жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандықты игеруге деген құмарлық
–
пайдалы.
Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық
-
ұмтылу
әрекетіндегі
жағымсыз қылықтар.
Адамның жеке бағыт
-
бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету
жолындағы әрекеті
–
оның даралық қасиеттеріне тән психологиялақ ерекшеліктер.
Ондай ерекшеліктер мән
-
мазмұны мен мақсат
-
мүддесіне қарай пайдалы және зиянды
сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам
–
табиғаттағы ең жоғары сатыдағы ақыл иесі
ретінде жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субъект.
4. Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы. Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену
әрекеті қоғамдық жағдайда, бір
–
бірімен қарым
–
қатынаста қарастырылады. Жеке адам
–
дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға
төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.
Жеке адамның психалогиялық құрлымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан
қарастырылады
,
яғни:
1)
Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтас
мен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл
–
жеке адамның
адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар.
2)
Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық
қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім
–
тәрбие негзінде қалыптасқан тәжірибесін
көрсетеді.
3)
Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік
ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері
мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады .
4)
Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері
–
нышан , жоғары жүйке қызметі.
Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес
көрініс береді. Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып,
жетіледі.
Ұстаздар
мен тәлімгерлер , жетекшілер мен тәрбиешілер балалар
мен жастардың жоғарыда топтастырылып көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктерімен
жете танысып, ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдіс
-
тәсілдерін үнемі іздестіруді
көздейді. Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз
-
ақ дамып отыратындығын да ескерген
жөн. Мәселен, адал әрі шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез
-
келген
оқушыда кездесе береді. Оқушылардың іс
-
әрекетіндегі әрқилы кемшіліктер осы төрт
түрлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмкін. Айталық,
оқушының зейінсіздіті: а) білімі мен дағдысының болмауынан , белгілі істі орындауда
өз
зейінін сол нәрсеге аудара алмауынан; ә) зейінінің тұрақсыздығы тек оның өзінің
кінәсінен; б) зейінін аударуға қиналуы жүйке қызметінің қозғалтқыш әсерінен; в)
тәртіпсіздігі мен ұқыпсыздығынан болуы ықтимал. Бұлар баланың
-
адамгершілік
тәрбиесіне қатысты сапалық кемшіліктер. Бұлардан басқа оқушының мінезі мен
қабілетінің
кемістіктерін көре білу үшін оның өзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу к