. Коммуникациядағы ықпалдау Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзінің ақпаратынан
алшақтайды? Реципиентке арналған кез
-
келген ақпараттар мазмұнының астарында оның
тәртібінде, ахуалына, сезімдеріне, пікірлеріне, талап тілектеріне толық не жартылай өзгерту
мақсатында ықпал етіледі. Ол бұл жағынан алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз
-
ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.
Коммуникациялық ықпалдау шарттары мен түрлерін талдасқан,
оның екі типін
анықтаймыз коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен құралдарына
орай әміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінеді .
Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына, мәтінінің сипатына,
коммуникациялық кеңестікке, кеңістіктің ұйымдастыруына, бейсөздік тәртіпке орай
анықталды.
Психологиялық ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді.Әкімшілік
ықпал етуде “Жоғарыдан
-
төменге” ұстанымды, диалогта
–
“тепе
-
тең ” ұстанымы жүзеге
асады.”Жоғарыдан
–
төменге” ұстанымдығы коммуникатор үшін рецепиент бағынышты
халде болып, тек еріксіз тыңдап, коммуникатордың сөзін сынсыз қабылдауы керек. Осы
бағыттағы коммуникатордың пайымдауынша, реципиенттің өз пікірі жоқ, бар болса да оны
коммуникаторға қажетті бағытта өзгерте салады.”Тепе
-
тең” ұстанымды
тыңдаушы
коммуникатор жағынан ортақтасудың белсенді, өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде
қарастырылады
.
Коммуникатордың сөздерінің мазмұнына, мәтінінің құрылысына қарай да реципиенттің
ахуалы не тәуелдікке, не белсенділікке бағытталады. Әкімшіл коммуникация кезінде
мәтіннің сипаты жалпылама, бір жақты болып, текст авторының көзқарасы ғана дұрыс деп
саналады. Мәтін таңдаушыға емес, керісінше, таңдаушы мәтінге бағынышты болады.
Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтпайды, өзгелердің ойларына сілтеме жасай салады
(“осындай көзқарас бар”, “бұл белгілі жәйт”, “әдеттегідей”).
Диалог кезінде коммуникатор өзіндік ой
–
пікірді жасырмайды, өз атынан сөйлейді,
жалпылама сөздерден қашқақтайды. Мәтін қатып қалған аксиома емес, әртүрлі шешімі
белгілі бір мәселе ретінде көрсетіледі мәтін мазмұны тыңдаушыға бейәмделіп
дискуссиялық сипатта бері леді. Мәтін таңдаушыға бағытталғанын “Сөз
-
ұстанымы
”
дәлелдейді (“Сізге белгілі...”, “Сіз қалай ойлайсыз...”, ”Бірге қарастырайық...”).
Әкімшіл
коммуникатор реципиенттерге дауыс бермейді, олар тек таңдауы шарт
(манафония
–
бір пікір = дауыс). Диалог коммуникациясы о бастан таңдаушылардың
мәселені талқылауға мүмкіндігі, құқығы бар екендігін мойындайды.
Коммуникациялық кеңістікті ұйымдастырғанда әкімшіл түрінде рецепиенттер тек
лекторды ғана көруге рұқсат, диалог коммуникациясы олар бірін
-
бірі және комуникаторды
көре алады.
Коммуникатордың қимылдары, ми
-
ишаралары әкімшіл жағдайларды тыңдаушыларды
басуға, бағындыруға арналған: Мін берілді тұрып сөйлеу, мекрофонды,
жұдырықпен сұқ
саусақты, жабық позаларды пайдаланады.
Бұған қарама
-
қарсы
диалог коммуникациясы кезінде ашық қимылдар мен ым
-
ишаралар, екен позалар жүзеге асады, коммуникатор реципиентпен бір деңгейде болып тең
адамдар әңгімесін жүргізеді.
Бірақ диалог коммуникациясы ең жақсы, ең заманауи, ең коректі деген жалған түсінік
қалыптастыруына
жол бермеген жөн. Қажетті мезгілде әкімшіл коммуникациясы да тиімді
бола алады. Мысалы, әскери, соғыс төтенше жағдайларда. Әкімшіл ықпалы тез арада жеке
адамдарды бір міндетті жұмылдырса да, олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне, психикалық
құрылысына
(пікірлеріне, ұстамдарына) қатты әсер етпейді. Диалог керісінше,
тыңдаушының тұлғалық құрылысына тікелей әсерін тигізіп оларды өзгерте алады.
4.
Тұлғааралық комуникацияның тағы да бір ерекше сипати оның екі деңгейлі
құрылымы. Ортақтасу барысында апарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде
өткізіледі
.
55
55
Сөз деңгейінде
ақпарат алысуының негізгі құралы
–
сөз, тіл болса бейсөздік деңгейде
сөзден басқа
коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу
барысындағы көңіл
–
күйін түсінуге жәрдемдеседі. Ортақтасу кезінде олардың орны мен
мәні өте биік.
Бейсөз құралдарға оптикалық
-
кинестетикалық, пара
–
және экстралингвистикалық,
проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.
Кинесика
–
оптикалық
–
кинестикалық жүйе,