Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет55/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

оң адамның қолының
(ишара 
-
жест), 
бетінің 
(ым 

мимика), 
денесінің
(пантомимика) 
қимылдары
 
құрайды. Арнайы зерттеулер 
нәтижесінде беттің 20000 қимыл анықталған екен. Сонда адам бетін үш салаға бөліп: (қас 
пен көз), мұрын, ауыз және ерін, олардың қимылына байланысты адамның негізгі алты 
сезімін білдіруше болатыны анықталған.
Мысалы, келіскенде не келіспегенде біз басымызды, ұрысқанда не мақтағанда 
қолымызды, амандасқанда не қоштасқанда денемізді басқаша қимылдатамыз. Соған арапта 
адамның қай мәдениетке жататынын белгілеуге болады.
Акустикалық 
жүйеге 
паралингвистика 
және 
экстралингвистика 
жатады. 
Паралингвистика
– 
бұл
коммуникатор дауысының сапасы:
тембрі, ырғағы, қаттылығы, 
жылдамдығы, интонациясы, логикалық екпіні. Экстралингвистика
– 
бұл 
дауыстың
өзі
емес, оның 
айналасындағы құбылыстар:
сөйлескенде жөтел, күлкі, пауза, жылау т.с.с. 
Сөз болмаса да бұлардың коммуникациялық мағынасы зор. Сондықтан коммуникацияның 
акустикалық әдістерінің мәнін танып 
– 
білу, оларды тиімді пайдалану ортақтасу барысын 
нәтижелі етеді.
5.
Бейсөз жүйенің
ішінде коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру 
(
проксемика
– 
кеңістік психологиясы
) үлкен рөл атқарады. Бетпе 
– 
бет сөйлесушілер өз 
мақсатына тез жетеді, ал адамның артынан бақырып 
– 
шақырған нәтижесіз қалуы мүмкін.
Кеңістік пен уақыттың әртүрлі үйлесімі күтпеген жерде керемет психологиялық 
құбылыстарға
жол ашады. Мысалы “аурухана палатасы”, “вагон купесі” хронотроптары. 
Бір купедегі пасажирлер, бір палатадағы аурулар тар кеңістікте бір уақытта тығыз 
байланыста болғандықтан, ешкімге айтпаған жан сырларын бір 
– 
біріне ақтарып салатыны 
– 
жантанушыларды қызықтыратын психологиялық құбылыс.
Бейсөз құралдар сөз коммуникациясына маңызды қосымша болып, тұлғааралық 
ортақтасуды байытады. Олар сөз әсерін не күшейтіп, не әсерлетіп тұрады. Олар ортақтасуға 
қатысушыларға
бір 
– 
бірінің ниеттерін айқындауға, коммуникация барысының айқын 
болуына көмектеседі.
Жоғарыда айтылғанды қорытсақ, тұлғааралық коммуникацияның ерекшеліктері: түрлері 
сөз болды. Тиімді коммуникацияның маңызды шарттары: нәтижелі кері байланыс, 
коммуникациялық ықпалдың ортақтасу міндеттеріне сәйкес болуы, коммуникациялық 
кедергілердің жоқтығы. Бейсөз ортақтасу 
– 
тиімді коммуникациялық алмасудың шартты 
екені даусыз.
6.
Нәтижелі тұлғааралық коммуникацияның тағы бір психологиялық шартта 
– 
ортақтасу серіктерінің тиімді техникасын меңгеру. Бір қарағанда өзара жақын “есту”, 
“тыңдау” ұғымдары ортақтасу кезінде мағынасының айырмасын білдіреді. Адамдар бірін 
– 
бірі естіп тұрып тыңдамайды. Сондықтан, ғылыми тұрғыдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет