Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

14-
лекция 
 
 
 
Таќырыбы: 
Ортақтасудың перцепциялық жағының сипаттамасы
(Ортақтасу адамдардың өзара
тануы мен түсінуі ретінде)
Жоспары:
1.
Әлеуметтік
перцепция туралы түсінік.
2.
Әлеуметтік
перцепцияның қызметтері.
3.
Әлеуметтік
перцепция механизмдері.
4. 
Алғашқы әсер қалыптасуының типтік схемалары.
5. Әлеуметтік стереотип туралы түсінік.
Лекция маќсаты: 
Студенттерді әлеуметтік перцепция туралы және оның қызметтерімен, 
механизмдерімен, алғашқы әсер қалыптасуының типтік схемаларымен, әлеуметтік 
стереотип туралы түсініктерін қалыптастыру.
Лекция мєтіні

1. 
Тұлғааралық ортақтасудың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оған 
қатысушылардың, өзін 

өзі
және өзара түсінуіне байланысты. Адамдар бірін 

бірі қалай, 
қай
деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге 
арқылы өзін қалай таниды, ортақтасу барысы да, ара қатынастары да соған байланысты. 
Сонымен, бір адамды екінші адамның қабылдауы ортақтасуы міндетті құрамдас бөлігі 
ретінде шартты түрде ортақтасудың перцепциялық жағы болып аталады. Әлеуметтік
перцепция 
– 
ортақтасу үрдісінде бірін 
– 
бірі
 
өзін
 - 
өзі
 
тану мен түсіну.
 
Бақылаушы бақыланушыны көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең 
алдымен сыртқы түрін (дене мен киім пішімін) және тәртібін (қимыл 
– 
қозғалысын

бағалайды. Сыртқы сипаттамасына қарай бақыланушының ішкі қасиеттері туралы да 
тұжырым жасайды. Бақылаушы өзі берген бағаға орай бақыланушыға белгілі көзқараста 
болады , оған деген ішкі эмоциялық қатынасын 
( ұнайды 
– 
ұнамайды) орнықтырады. 


57 
57 
Бақылапушы бақылаушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін 
таразылап, одан не күтуге болатынын алдын 
– 
ала болжап, ол адамға қатысты өз іс әрекетін 
белгілейді.
2. 
Әлеуметтік
перцепция құрылымы 

 
адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның 
тұлғалық, психологиялық ерекшеліктерін бағалау, таңдау және оған орай өз эмоциялық 
қатынасын
анықтау, соның негізінде бақыланушының іс 
-
әрекетін
болжау

Назар алатын 
жәйт: Сыртқы бейнесіне қарап біз бақыланушының ішкі дүниесін “оқып”, түсінгендей 
боламыз, оған байланысты өзіміздің сезімдеріміз арқылы іс

әрекетімізді
анықтаймыз. 
Жалпы айтқанда, әлеуметтік перцепция барысында өзгеге эмоциялық баға беріледі де, 
оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырысамыз, тәртібін алдын 
– 
ала жоспарлаймыз, өз 
тәртібіміздің бағытын белгілейміз.
3.
Әлеуметтік
перцепцияның қызметтері:

өз

өзін
тану.

ортақтасу серігін тану.

түсіну негізінде өзара іс 

әрекет
ұйымдастыру


эмоциялық қатынас орнату.
Әлеуметтік
перцепцияның барысын зерттегенде екі аспекткөзге түседі. Біріншісі қабылдау 
субъектісінің психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерімен байланыста болса, екіншісі 
тұлғааралық механизмін талдаумен байланысты.
Адамдар бірін 
– 
бірі қабылдағанда, бағалағанда олардың жасына, жынысына, ұлтына, 
мамандығына, жеке мінездемесіне орай өзгешеліктер байқалады. Мысалы, жасына қарай. 
Балалар алдымен адамның бет қимылдарына қарап бағалайды. Ересектермен 
салыстырғанда, балалар көбіне сыртқы белгілерге (киім, көзәйнек, шаш) бейімделген.
Ортақтасу психологиясы қабылдау объектісінің де психологиялық қасиеттерін 
зерттейді. “Анасына қарап қызын ал” мақалы әлеуметтік перцепцияның бір көрінісі.
4 .
Әлеуметтік перцепция механизмдері 
Ортақтасу барысында өзін 

өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне идентификация, 
эмпатия, аттракция, рефлекция жатады.
Идентификация 

өзгенің
орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, 
өзін
өзгеге
ұқсату. Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез 
құлықтары, әдеттері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресі, жасөспірімдерге тән 
құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі ( олардың ой бойынша) не істесе, бұлар 
да өз іс 

әрекетін
соған ұқсатуға тырысады. “Оның орнында болсам, мен не істер едім?” 
сұрағына жауап іздейді. Кішкентай қыз ойнағанда өзін мамасына теңестіреді, анасы қалай 
сөйлесе, сондай дауыс
ырғағымен бұл да қуыршағымен сөйлеседі. “Болмасаңда ұқсап бақ” 
деген мақал соның дәлелі болар. Эмпатия
– 
эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз 
сезімдері арқылы қабылдап білу. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт 

өзгенің
ішінде не 
болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу. 
Эмпатиясы жоғары дамыған адамның айырмашылығы 
– 
бір оқиғаны әр адам әртүрлі 
қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында.
Эмпатия, отақтасу серігімен эмпатиялық қарым 
– 
қатынас
құру
– 
психологтардың, 
психологтардың, әлемметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиеттерінің бірі. 
Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасуымен тікелей шұғылданатын 
мамандардың басты міндеті болып табылады. Мұндай қабілеттер психологиялық 
машықтар арқылы шынығады.
Аттракция

өзгені
танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім 
қалыптастыруға
негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не 
сүйіспеншілік сезімдеріне негнізделген қарым 
– 
қатынас
себеп болуы даусыз.
Әлеуметтік
рефлекция

ортақтасу барысында өзін 

өзі
тану механизмі. Ортақтасу серігі 
мен танып 
– 
білуі туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын (“сен мені қалай 
білетініңді мен білемін”) елестету қабілеті 
 
әлеуметтік рефлекция 
деп аталады. Басқа 
адамдармен байланысы неғұрлым көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне 
басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге 


58 
58 
өзін
аша білу 

өзіндік
танудың шарты. Ортақтасу барысында
басқаларға өзіміздің ішкі 
дүниемізді аймара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздың байлығына сүңгиміз. Сондықтан, 
“өзіңді білу үшін өзгеге ашыл” ережесін пайдалануға болады.
Әр
адамның өзгелердің іс

әрекеттерінің
себебін түсіндіретін әдеттенген тәсілдері 
болады.
Тұлғалық атрибуция 
-
Әр
оқиғаның себепшісін әр жағдайға нақты кінәлі адамды іздеп 
табатындардың тәсілі.
Жағдайлық атрибуция
– 
Нақты адамды емес, жағдайды кінәлайтындардың тәсілі
Стимулдық атрибуция

Адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі.
Бірін 
– 
бірі көптен білетін адамдардың қарым 
– 
қатынастарын
сызбалау қиынға түседі, ал 
алғашқы кездесу кезіндегі әсерлерді бір сызбаға келтіруге әбден мүмкін. Адамдар бір 
– 
бірімен танысуының басында өзгенің қылықтары мен сезімдерін қабылдағанда, өздерінің 
өткен
өмірде
қалыптасқан
стереотиптерінің рөлі үлкен.
Артықшылық факторы
әлеуметтік
қабылдаушының
механізмі ретінде ортақтасу серіктері 
тең болмаған жағдайларға тән.
Ұнамдылық факторы 
қабылдаушы
қабылданушының
сыртқы сұлулығын басқа тұлғалық 
қасиеттеріне
де таратуымен байланысты. Әдетте адамдар келбетті әдемі, беті сұлу адамның 
ішкі дүниесі де әсем, керемет деп санайды. Бойы ұзын, иығы кең жігіттерді, батыл, сенімді, 
жеңімпаз деп қыздар
ұнатып
тұрады. Керісінше, бет 

әлпеті
келіспеген адамды ұнатпау 
кең тараған
.
Бақылаушыға қатынас факторының 
қайнар
көзі

басқалардың оған деген қарым 
– 
қатынасының
сипаты. Бізбен жақсы қатынас орнатқан кісінің ақылын, ісін жоғары, ал бізді 
менсінбейтін, не жек көретін адамның іс 

әрекетін
де , мінезін де төмен бағалаймыз. 
Үшінші
сызбаның қателігі 

өзін
жақсы көретін адамды жоғары бағалау. Мысалы, “біздің 
ауылымыздың адамдары сұлу”, “мені сүйгенді сүйемін”, “маған қарсы шыққандар

жаман 
адамдар”.
Сонымен, алғашқы танысудың механизмі: бейтаныс адамды басына белгілі топтың өкілі 
ретінде, содан кейін жеке тұлға ретінде қабылдау. Алғашқыда топаралық қатынастар 
басымырақ болады, кейін тұлғалық арақатынастар іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет