Популяцияның жастық құрылымы – бұл популяциядағы даралардың жастары бойынша қатынастары.
Популяцияға қатысты 3 экологиялық жасты ажыратады: пререпродуктивті, репродуктивті және пострепродуктивті. Пререпродуктивті – жас, жыныстық жетілмеген даралар тобы.
Пострепродуктивті – қартайған, көбеюге қабілеті жоқ даралар тобы.
Қалыпты популяцияда (2) - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция (3) немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік (1)деп аталады.
Өнімдерді алу саны және оның алу тәсілі популяцияның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойластырылады. Мысалы: жануарларды топ болып өмір сүретін, алуға болатын шегіне дейін алуға болады, одан көп алса, тіршілік процесінің оптимизациясын жоғалтады.
Популяцияның этологиялық құрылымы
Популяциядағы даралардың бірнеше тіршілік ету түрін ажыратады.
Жеке тіршілік ету. Популяцияның даралары бір-бірінен оқшауланып, бір- біріне тәуелсіз болып келеді. (мысалы, арыстанның аталығы)
Ата-аналық жұп қысқа немесе ұзақ уақытқа, ал кейбір түрлерде - өмір бойына құрылу мүмкін. Әдетте, жұп құратын даралар ұрпақтары өскен кезде оларға қамқорлық көрсетпейді (мысалы, аққу, көгершін)
Отбасылық тіршілік ету ата-аналар мен ұрпақтардың арасында болатын байланыстарды күшейтеді. Ұрпақатры өсіп-жетілгеннен кейін де оларға қамқорлық көрсетеді, бірге өмір сүреді. (мысалы, аюлар). Отбасылардың түрлері: аналық, аталық, аралас.
Топтасу.
Қауым – ұзақ уақытқа немесе құстарда сияқты көбейген кезде отырықшы жануарлардың топтасуы. Қауымның екі түрі бар: жай қауым (мысалы, шағалалар) және күрделі қауым (аралар, құмырсқалар). Күрделі қауымдарда әр қауымның мүшесінде өз атқаратын қызметі болады.
Үйір –жануарлардың биологиялық пайдалы ұйымдасу ретінде уақытша бірігуі. Мысалы: қоныс аудару, аштық кезінде, шабуыл жасау. (мысалы қасқырлар, құстар, балықтар). Үйірлердің екі түрі болады: көшбасшысы бар және көшбасшысысыз.
Табын – үйірмен салыстырғанда ұзақ уақытқа және тұрақты жануарлардың бірігуі. Табында жануарлардың топтық міңез-құлықтарының негізінде даралардың арасындағы жеке айырмашылықтарда негізделген бағынышты- бағынуы қарым-қатынастар жатыр
Басым болуының сызықтық типінде келесі дара оның алдындағы дараға бағынады, ал одан кейінгі дараға басымдылық көрсетеді (A→ B →C) .