3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
КІРІСПЕ
Теориялық механика физика математикалық пәндердің ішінде ең маңыздысы ретінде кез келген мамандықтың инженерлерін дайындауда аса маңызды рол атқарады. Теориялық механиканың негізгі заңдары мен принциптері негізінделген. Теориялық механиканың теоремалары және принциптері негізінде көптеген инженерлік есептер шешіледі және жаңа машиналарды, құрылым және құрылыстарды жобалау жургізеді. Теориялық механика курсын жақсы меңгеру тек теорияны терең зерттеуді ғана емес, сонымен қатар есептерді шешуде нақты дағдыларды алуды тaлап етеді.
Сондықтан теориялық механикадан машықтану сабақтары механикалық қозғалыстардың заңдылықтары мен өзара байланысын танудың қиын үрдісінде аса маңызды орын алады.
Теориялық механикадан машықтану сабақтардың мақсаты мен міндеттері - студенттермен дәрістерде және оқулықпен жұмыс істеген кезде алған білімдерін бекiтiп, жалпы инженерлік және арнайы пәндерді жақсы зерттеу үшін негізгі типтік есептерді шешуде дағды алу.
Теориялық механикадан машықтану сабақтарды жүргізудің әдістемелік нұсқаулары
Теориялық механикадан машықтану сабақтардың тақырыптар және бөлімдері бойынша мазмұны:
I. Статика
1 сабақ - Кез-келген жазықтық күштер жүйесінің тепе-теңдігі
2 сабақ - Құрама денелердің тепе-теңдігі
3 сабақ - Кез-келген кеңістік күштер жүйесінің тепе-теңдігі
4* сабақ - Үйкеліс күші ескеруімен дененiң тепе-теңдігі
Ескерту. «*» белгіленген сабақтар тақырыбын студент өз бетімен меңгереді.
Тәжірибелiк сабақтарды өткiзу тәртібі келесі, ол сабақтар тақырыбына байланысты және студенттердің физика – математикалық дайындығына қарай кішкене өзгертуге болады:
1. Теория бойынша қысқаша сұрау және алдыңғы сабақтар тақырыбы бойынша тапсырмалардың орындалуын тексеру (15 мин артық емес). Студенттер неғұрлым негізгі түсініктер мен тәуелділіктерді жақсы меңгерсе, соғұрлым машықтану сабақтар мәндi жүргiзiледi.
2. Белгіленген жоспар бойынша есептердi шығару:
а) жалпы есептi қажетті түсініктерді бәрін, тақтаға оқытушының өзi шығарады;
б) келесі есептi тақтада студент шығарады, мұнда оқытушы оның барлық әрекеттерді тексере отырып, ыңғайлы сұрақтармен студенттің келесі кадамын
және есептің шығару жолын түсінуге көмек көрсетедi. Сонымен қатар, оқытушы орындарында отырған студенттердің жұмысын кадағалап және әр студент есептi өзi шығарып, жауабын тақтадағы шешімімен салыстырып отыруына мүмкіндік туғыздырып отыруы керек. Жалпы есептi ерте шығарган студенттерге жаңа есеп беріп, қалып отырғандарға көмек көрсету қажет;
г) жалпы есептi талдап, берілген типті есептердің шығару негізгі әдiстерi мен айырмашылықтарын анықтағаннан кейін студенттерге осы типті есептерді өздері орындарында шығару үшін беріледі;
д) есептi шығарудың негізге әдісі игерiлгеннен кейін басқа жолдар мен әдістерді ұқсас есептерді шығарып көрсетуге болады;
е) сабактың қортындысын жасап, үйге тапсырма беру қажет. Келесі сабактың такырыбын айтып, окулықтың параграфы мен мысaлдарды, дәрістің тақырыбын беру керек.
Теориялық механикадан машықтану сабақтарға әдiстемелік
нұсқаулары мен есептердің типтік мысалдары
СТАТИКА
1 сабақ - «Кез-келген жазықтық күштер жүйесінің тепе-теңдігі»
Статиканың бірінші сабағы кез-келген жазықтық күштер жүйесі әсер ететін
катты дененің тепе-тендігін қарастыруға арналады.
Есептер шығару үшін тепе-теңдік шартгарының үш түрін игеру керек. Тепе-теңдік тендеулерді құрастырғанда моменттер нүктесін ыңғайлы таңдап алған есептеуді жеңілдетеді. Бұл нүкте ретінде неғұрлым белгісіз қарымта (реакция)лар көп қиылысқан нүктені тағайындаған жөн болады. Статика есептерін шешуге төмендегі әдістеме орынды[3,4].
Теңдестігі қарастыруға тиісті денені (денелерді) таңдау.
Байланыстардан босату, яғни байланыстардың әсерлерін күштердің әсерлерімен алмастыру керек.
Тепе-тендік тендеулерін құрастыру. Байланыстарынан босатқаннан кейін дене (денелер жүйесі) «еркін» болады. Оған берілген күштер мен байланыстардың 6елгісіз қарымта (реакция) күштері әсер етеді. Тепе-тендік жағдайындағы еркін денеге векторлық немесе аналитикалық турде тепе-тендік шарттары жазылады.
Тепе-тендік теңдеулерін шешу. Шешуді әдетте, жалпы түрде жүргізу ұсынылады (алгебралык): іздестірілетін шамаларға формулаларды корытып, сан шамаларды орындарына қойып нәтиже табу керек. Жалпы түрде шешімді тексеру және егер қате кетсе оларды табу да оңайырақ.
Шешімнің сапасын бағaлау. Табылған нәтижелерді сапaлык тұрғыдан бағалаған жөн, ягни олардын үлестіріліуінің физикалық түсгнікке сәйкестігін талдау. Осылайша бағалау кейбір жағдайларда тәжірибеде қателерді табуға көмектеседі.
1 мысал. Катаң бекітілген арыс арқалыққа біркалыпты таралған күштер, 6ip нүктеге түсірілген күш және 6ip қос күш әсер етеді (1-сурет). Катаң бекітудің қарымта (реакция)сын табу керек.
Шещуi . 1. Арыс арқалықтын тепе-тендігін қарастырамыз.
1-сурет
2. Арыс арқалыққа тек қана бip байланыс түсірілген, ол - катаң бекіту. Арқалықты байланыстан босатып, еркін дене ретінде қарастырамыз (2-сурет)
2- сурет
Достарыңызбен бөлісу: |