«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған



бет3/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234
.

Белгісіз күштерін анықтауға статикалық теңдеулер жетіспейтін конструкцияларды статикалық анықталмаған жүйелер деп атайды.

Сонымен, белгісіз ішкі күштер құрылған статикалық теңдеулерден толық анықталады. Мұндай жүйелерді статикалық анықталған жүйелер деп атайды.

Шоғырлана жиналып әсер етуші кернеулер жергілікті кернеулер деп, ал пішіндері әр түрлі ойық, сызат, қуыс, жарықшақтар сияқты ақауларды механикада кернеу шоғырландырғыштар деп атайды.

Ең үлкен кернеудің орташа кернеуге қатынасын шоғырлану коэффициенті деп атайды

Кернеу дегеніміз, сыртқы күш әсерінен, денедегі шексіз кіші бөлшектердің арасындағы байланыс күштерінің өзгеру шамасы.

Қауіпті кернеу деп, дененің қирауына немесе үлкен пластикалық қалдық деформациясына сәйкес келетін кернеуді атайды.

Жаншылу деп жанасу беттеріңде пайда болған пластикалық деформацияны айтады.

Машиналарды айналдыру моменттерін (Ма) бір бөлшектен екінші бөлшекке жеткізуге арналған бұл стерженьдер біліктер деп аталады.

Июші күштер басты жазықтықтардың біріңде жатса, онда иілу көлденең жазық иілу деп аталады.

Сыртқы күштер бас жазықтықтардан басқа кез келген ось жазықтықтарыңда жатса, оңда иілу қиғаш иілу деп аталады.

Егер иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментінен басқа ішкі күштер жоқ болса, яғни жанама күш нолге тең болса, ондай иілу таза иілу деп аталады.

Дене сыртқы күш әсеріне қарсыласу үшін басқа бір денеге бекітілуі (байланысуы) тиіс. Бұл байланыстар механикада тіректер деп, ал тіректер мен денелердің өзара әсері байланыс реакциялары деп аталады.

Арқалықтың көлденең күштер мен ию моменттері тұрақты заңдылықтармен өзгеретін бөлігі аралық деп аталады.

Арқалықтың ұзындығы өзгеріссіз қалатын талшықтарының геометриялық орны бейтарап жазықтық деп, ал бейтарап жазықтықтың кез келген көлденең қимамен қиылысу сызығы, қиманың бейтарап сызығы деп аталады .



Қауіпті қима деп, ию моменттерінің (абсолюттік шамасы) ең үлкені (Ммах) әсер етіп тұрған қиманы айтады.

Потенциалдық энергиядан жалпылама күш бойынша алынған туынды жалпылама орын ауыстыруга тең. Бұл теорема Кастильяно теоремасы деп аталады.



Келтірілген ұзындық деп, аумалы күші берілген стерженьнің аумалы күшіне тең топсалы қос тіректі стерженьнің ұзындығын айтады.

2 ДӘРІСТЕР

1- ДӘРІС. Кіріспе

Теориялық механиканың негізгі мақсаты – күштер әсерлерінен туындайтын денелердің механикалық қозғалыстарының ең жалпы заңдылықтарын анықтау, олардың іс жүзінде қолдану жолдарын көрсету болып табылады.



Механикалық қозғалыс деп дененің өзге денелерге қарағандағы кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеріп отыруын айтамыз. Механикада денені қозғалысқа келтіруші немесе оның қозғалысын өзгертуші физикалық себепті күш деп атайды. Күш – материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуінің өлшемі ретінде алынады.

Қысқаша айтқанда, механика – материялық денелердің қозғалыстары және әсерлесулері туралы ғылым. Теориялық механиканы қазіргі техниканың ғылыми негізі деп айта аламыз.

Теориялық механика өмір (өндіріс, техника) талабынан келіп шыққан, сонымен бірге дамыған ғылым болып табылады.

Галилей мен Ньютон негізін салған классикалық механика біздің өмірімізде кең түрде қолданылады.

Теориялық механика үш бөлімнен тұрады: статика, кинематика, динамика.

Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары

Статикада абсолют қатты денеге әсер ететін күштердің қасиеттері және вапролджкүштер әсерлерінен мұндай денелердің тепе-теңдікте болу шарттары қарастырылады.

Салдар: сан шамасын сақтай отырып күштің түсу нүктесін өзінің әсер ету сызығының бойымен бір орнынан екінші орынға көшіруге болады, одан күштің абсолют қатты денеге әсері өзгермейді.

3 аксиома. Қатты дененің бір нүктесіне түсірілген екі күшті бір теңәсерлі күшпен ауыстыруға болады. Тең әсерлі күш берілген күштерден құрылған параллелограмм диагоналімен анықталады да сол нүктеге түсіріледі.

4 аксиома. Екі дене бір-біріне әр уақытта шамалары өзара тең, бір түзудің бойымен қарама – қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.

Статикадағы негізгі ұғымдардың бірі болып келетін ұғым. Материялық денелердің механикалық өзара әсерлесуінің өлшемі ретінде алынатын шаманы механикада күш деп атайды.

Күш векторлық шама: шамасына, бағытына және түсу нүктесіне тәуелді.

Берілген бір қатты денеге немесе механикалық жүйеге әсер ететін күштер жиынтығын күштер жүйесі деп атаймыз.



Күштердің нольге эквивалент жүйесі теңгерілген күштер жүйесі деп аталады.

Қатты денеге түсірілген () күштер жүйесі бір күшке эквивалент болса, онда күшін бұл күштер жүйесінің тең әсерлі күші деп атаймыз.

Статика аксиомалары Галилей – Ньютонның жалпы заңдарынан туындайды.

1 аксиома. Еркін абсолют қатты денеге түсірілген екі күш тепе-теңдікте болу үшін олардың модульдері тең болуы және бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталуы қажет және жеткілікті.

2 аксиома. Күштердің кез-келген жүйесіне күштердің нолге эквивалент жүйесін қосуға немесе одан оны алып тастауға болады, бұдан берілген жүйесінің қатты денеге әсері өзгермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет